" 7 саны және цифры "

Предмет: Начальные классы
Категория материала: Рабочие программы
Автор:

Сабақтың тақырыбы: «7 саны мен цифры».

Сабақтың мақсаты:

1.      7санының пайда болуын енгізу, 7 цифрын жазуды үйрету. Білім қорларын молайту.

2.      Салыстыра білуге, таза, әдемі жазуға дағдыландыру.  Оқушылардың есте сақтау, ойлау қабілеттерін арттыру.

3.      Тазалыққа, ұқыптылыққа, білімсүйгіштікке тәрбиелеу.

 

Сабақтың әдісі: Түсіндіру, сұрақ – жауап, көрнекілік, ойын, т.б.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ

Көрнекілігі: Суреттер, кеспе сандар, қима қағаздар, үлестірмелі материалдар т.б.

 

Сабақ барысы.

I. Ұйымдастыру кезеңі.

- Сабаққа назарларын аудару;

- Тренинг өткізу «Күлкі сыйлау».

Отбасының гүліміз,

Көңілді өтер күніміз.

Қайырлы күн деп айтамыз,

Бірге үйге қайтамыз.

II.Үй тапсырмасын тексеру.

Берілген есептерді шығарып, сандар қатарын жазып келгендерін тексеру;

0-ден 6-ға дейін тура және кері санап, өткен сабақтарды еске түсіру.

Ойын: «Үйін тап»

III.Жаңа сабақ.

      Геометриялық пішіндер арқылы көпір құрастыру

1. Ауызша 6 санының пайда болуын, 0,1, 2, 3, 4, 5, 6 сандар қатары қайталанып, 6-ны басқа сандармен салыстыру пысықталып, 7 санының пайда болуы, кестені пайдаланып 7 санының шығару. 0,1,2,3,4,5,6,7 сандар қатарын құрастыру, 7-ні 6-мен салыстыру.

Жазда шөпті шабар

Қыста тыныш табар

Шалғы бар әр үйде,

7 – ге ұқсас бәріде.

2. Оқулықпен жұмыс.

№1 Теңдік қалай құрылғанын түсіндіру.              6+1=7           7-1=6

Кесіндінің ұзындығын өлшеу   7см                  7см >  6см,   5см,    4см,   3см,   2см,   1см  т.б.   

№2  7 цифрының кітапта және дәптерде жазылу үлгісін көрсету. Суретке қарап 6 мен 7-ні салыстырып, >,< таңбалары арқылы жазып, оқу керек.

Ойын: «Кім жылдам?»

№3 Тақтамен жұмыс. Жазуды толықтыру

0>6                      6 <0                  6 = 0          

0+0=6                   6- 0=0     

3. Дәптермен жұмыс.

Әрбір оқушы өз бітімен орындау. Таяқшалардың суретін пайдалану арқылы қосындылар мен айырманың мәндерін дұрыс табу, 7-ні басқа сандармен, 7 см-ді басқа ұзындықтармен салыстыру.  7 цифрын жазып жаттығу.

6+1=                                                           7-1=

4 <7                           7 >3                             2< 7                        7 >1                        0 <7             

                 7см> 5см                                                           5см  <7см              

4.      Сергіту жаттығулары.

Көбелекке ұқсап ап,

Ұшайықшы бәріміз.

Оңға қарай бір ұшып,

Солға қарай бір ұшып.

Шарлайықшы жер шарын

1,2,3 көбелекше ұш.

№4. Өздік жұмыс. әйнекшелердің орнына теңдік немесе теңсіздік дұрыс болатындай етіп сандарды тауып қою. Үшбұрыштарды санау, салыстыру

           

IV.Қорытынды.

«Балапандарды құтқару» ойыны.

Жұмбақ есептер

Алдында 3 балапан,

Артында 3 балапан,

Ақ тауықты қосқанда

Айтшы санын балақан?

 

Бір алманы төртке бөлдім.

Бір бөлігін жеп те көрдім

Қалған үлкен 3 бөлігін,

Қасымдағы 3 досқа бердім.

Аулада  5 үйрек,

Қорада 2 үйрек.

1 үйрек тығылды,

Қалғаны неше үйрек?

 

Табақта 4 алма,

Қолымда 3 алма,

Қосқанда барлығын

Болады неше алма?

Ал,енді балалар сабағымызды қорытындылай келе, құрамында саны бар мақал-мәтел айтайық.

Жеті рет піш,

 Бір рет кес.

***

Тоқсан ауыз сөздің,

Тобықтай түйіні.

***

Жігітке жеті өнер де аз.

***

Алтау ала болса,

Ауыздағы кетеді.

***

Төртеу түгел болса,

Төбедегі келеді.

 

V.Бағалау.

VI..Үйге тапсырма беру.

 

7 санын жазып жаттығу, есептер шығару

Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 15.17 Kb
Количество скачиваний: 10
Просмотров: 120

Похожие материалы