: «Қарапайым графикалық редакторы. Суретті ашу, сақтау»

Предмет: Информатика
Категория материала: Другие методич. материалы
Автор:

Сабақтың тақырыбы: Қарапайым графикалық редакторы. Суретті ашу, сақтау.
Мақсаты:
1. Оқушыларға графикалық ақпаратты жасау туралы түсінік беру, графикалық редактормен жұмыс істеуге үйрету;
2. Оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын арттыру және графикалық бейнелеу жұмысы арқылы бейнелік ойлау қабілетін дамыту;
3. Оқушыларды эстетикалық талғамын қалыптастыру

істеген жұмысынан қорытынды ала білуге машықтандыру;
Түрі: Жаңа сабақ
Әдісі: Көрсете баяндау, пікірлесе- түсіндіру, жеке жұмыс.
Көрнекілігі: ДК, слайттар, электронды оқулық.
Барысы:
І.Ұйымдастыру
ІІ.Үй тапсырмасын тексеру

ІІІ.Жаңа сабақ
ІV.Практикалықжұмыс
V.Үйге тапсырма
VІ.Қорытындылау
І. Сабаққа келмеген оқушыларды түгендеу, үй тапысырмасын пысықтау.
ІІ.Үй тапсырмасын тексеру.

"Алақан жылуы"тренингін өткізіу.

Оқушыларды кәмпит арқылы топқа бөлу

Бекіту сұрақтары:
• Ақпараттыкомпьютерге қалай сақтаймыз?
• Сақтау және қалай сақтау бұйрықтарының айырмашылығы неде?
• Алмасу буфері дегеніміз не?
• Компьютердегі ақпаратты қалай оқимыз?
• Сtrl+C пернелерінің қызметі қандай?

• Ctrl+X. пернелерініңқызметіқандай?

• Ctrl+V пернелерінің қызметі қандай?

• Ақпарат дегеніміз не?

• Алмасу буферіне нелер жатады?

• Бір рет көшірілген нысандарды бірнеше рет кірістіруге бола ма?

Борттықжурнал

Бейне материал көрсету
Жаңа сабақ.
Компьютер графикалық кескіндерді салудың ең қолайлы және қуатты құралы болып табылады. Графикалық кескіндермен жұмыс істейтін Windows қолданбаларын графиктік редакторлер деп атайды.
Графикалық редактор графикалық бейнелерді жасауға және редакциялауға арналған.
Редактор:

1. Құрал-саймандар мен бояуларды қолдана отырып, сурет салуға;
2. Суреттерді бөлек бөліктерден құрастыруға;
3. Суретке мәтінді енгізу және қалыптастыруға;
4. Бар графикалық объектілерді түзетуге;
5. Схемаларды сызуға жәнс т.б. мүмкіндік береді.

PAINT сурет салу бағдарламасы әр түрлі графикалық кескіндерді салуға,оны өңдеуге мүмкіндік береді. Бұл бағдарламаның көмегімен қарапайым суреттен бастап, күрделі графикалық шығармаларға дейін жасауға болады.
PAINT бағдарламасында өзіміз сурет салуымызға Windows –тің басқа қолданбаларынан алмастыру буферіне көшірілген дайын суреттерді мәтінге қоюға,сондай-ақ сканердің көмегімен алынған күрделі кескіндерді енгізуге болады.
Редакторды іске қосу үшін:
a. Іске қосу (пуск) батырмасын шертеміз.
b. Бас менюден Программалар (Программы) командасын таңдаймыз.

c. Ашылған бағынқы менюден Стандартты командасын таңдаймыз.
d. Келесі бағыныңқы менюден Рaint графикалық редакторын таңдаймыз.
Енді бұл тізбекті мына түрде жазамыз: Іске қосу-Барлық программалар-Стандартты- Рaint (Пуск-Программы-Стандартные-Рaint)

Командалар орындалғаннан кейін, экранда Рaint бағдарламасының терезесі пайда болады.

Терезенің үлкен бөлігін бос кеңістік-сурет салу алаңы алады. Оның сол жағында таңбашалар тобы-құралдар тақтасы орналасқан. Терезенің төменгі жағында түстер палитрасы бар.
Түстер палитрасы
Түстер палитрасының көмегімен екі түрлі түсті таңдауға болады: негізгі-біз онымен сурет салатын түс және қосымша-бұл фон беретін түс. Программаны іске қосқанда, ешқандай әрекет болмаса, келісім бойынша кескіннің түсі-қара, ал фонның түсі ақ болып шығады.
Палитраның сол жағында бірін-бірі жабатын екі квадрат орналасқан. Жоғарғысы сурет түсін көрсетеді. Ол таңдаған түсте тышқанның сол жақ батырмасын шерту арқылы таңдалады. Төменгі квадрат фон түсін көрсетеді, ол үшін таңдаған түсте тышқанның оң жақ батырмасын шерту қажет.

Сурет салу кезендері
1. Құралды таңдап алу керек.
Рaint бағдарламасында 16 құрал сайман бар.
1. Қажет аймақты белгілеу құралы, бұл қисық пішінді үзіндіні таңдау қызметін атқарады.
2. Белгілеу құралы деп аталады және суреттің тік төртбұрышты үзіндісін таңдау қызметін атқарады.
3. Өшіргіш/түрлі түсті өшіргіш, суреттің белгілі бір бөліктерін өшіруге арналған;
4. Құю құралы, бұл тұйық контурдың ішін кескін немесе фон түсімен бояйды;
5. Түс таңдау құралы, бұл кескіннің немесе оның фонын суреттің кез келген нүктесінің түсіне өзгертеді;

6. Масштаб құралы, бұл суреттің жеке үзінділерін үлкейтуге мүмкіндік береді.
7. Қарандаш, бұл кез келген сыщықты әр түрлі қалыңдықта сызуға арналған;
8. Қылқалам, қалаған сызықтарды салуға арналған.
9. Бүріккіш, пульверизатор эффектісін береді;
10. Жазу, сурет ішіне мәтін орналастырады.
11. Сызық, түзу сызықтар салуға арналған;
12. Қисық, тегістелген, қабаттасқан сызықтар салуға мүмкіндік береді;
13. Тік төртбұрыш, тік төртбұрыштар салуға арналған;
14. Көпбұрыш, кез келген пішінді тұйық көпбұрыштар салады;
15. Эллипс, шеңбер және эллипс салуға арналған;
16. Бұрыштары дөңгеленген тік төртбұрыш, бұрыштары дөңгеленген квадраттар мен тік төртбұрыштар салуға мүмкіндік береді..
Қауіпсіздік ереже.(электронды оқулық)



Практикалық жұмыс.
Ал, енді сурет саламыз және де кәмпит қағаздарынан жасалғанзаттардын суреті саламыз.
1- тапсырма:
Бір көзіңмен «кідір» дейді,
Бір көзім «жүгір» дейді.
Бір көзім «абайла» дейді
«Қарап ал маңайға» дейді
(бағдаршам)
Берілген фигуралардан жұмбақ жауабының суретін құрастырып, Paint терезесінде сал

2- тапсырма:
Ұзынды-қысқа қос тіл,
Он екі цифрмен дос бұл.
(сағат)

Сергітусәті

Қорытындылау:

Техникалық диктант
Paint бұл графикалық редактор. Paint графикалық редакторында негізгі екі түспен сурет салынады. Олар негізгі және фондық түстер. Paint графикалық редакторында 16 сайман бар. Paint графикалық редакторының тақырып жолында терезені жабу, жасыру, үлкейтіп-кішірейту батырмалары орналасқан.

Үйге тапсырма:
1. 4 - ТАРАУ.§14 оқу, 117-122 бет.

2. Paint графикалық редакторының құралдарының қайсысы қандай міндет атқаратынын жатқа айту.

3. “Тәуелсіздік елдігімнің айғағы” тақырыбында Paint графикалық редакторында сурет салып келу.

Оқушыларды бағалау.

Тип материала: Документ Microsoft Word (doc)
Размер: 2.54 Mb
Количество скачиваний: 15
Просмотров: 173

Похожие материалы