« Арифметикалық прогрессия » тақырыбына есептер шығарту
Предмет: | Математика |
---|---|
Категория материала: | Рабочие программы |
Автор: |
Имамниязова Селимам Ибраимахуновна
|
Сабақтың тақырыбы: « Арифметикалық прогрессия » тақырыбына есептер шығарту
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Арифметикалық прогрессия тақырыбы бойынша оқушылар-дың білімдерінің деңгейі мен тиянақтылығын тексеру және бағалау.
Дамытушылық: Оқушылардың логикалық ойлау қаблетін, зейін мен зердесін дамыту
Тәрбиелік: Дұрыс және нақты жауап беруге, өз бетінше ізденуге, еңбектенуге тәрбиелеу
Сабақтың типі: Дәстүрлі
Сабақтың түрі: Бекіту сабағы
Әдіс - тәсілдер:Сұрақ – жауап, есеп шығарту, тест тапсырмасы Көрнекіліктер: интерактивті тақта, формулалар, тест карточкалар
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі Оқушылармен амандасу, белгілеу, зейінін сабаққа аудару
ІІ. Мақсат қою Сабақтың мақсатымен оқушыларды таныстыру
ІІІ. Бекіту кезеңі
1. « Ой толғау » сұрақтарға жауап алу арқылы
а. Арифметикалық прогрессия анықтамасын айт?
ә. Арифметикалық прогрессяның айырымы дегеніміз не ?
б. Арифметикалық прогрессияның п-ші мүшесінің формуласы.
в. Арифметикалық прогрессияның қандай қасиетін білесің?
с. Арифметикалық прогрессияның алғашқы п-мүшесінің
қосындысының формуласы.
д. Арифметикалық прогрессияның шығу тарихынан хабарлама.
2. “Білекті бірді жығады, білімді мыңды жығады”.
1. а1 және d арқылы өрнектеңдер: а3, а5, а4.
2. Егер а1=4, d=7 болса, а3=?
3. Егер а4=20, а5=30 болса, d=?
4. a11=23, a21=43 табу керек S11=?
3. « Өзіндік жұмыс » деңгейлік тапсырмалар орындау арқылы
1- деңгейлік тапсырма Тізбектің жалпы формуласын жазыңдар.
а) 3; 6; 9; 12; …
ә) 0; 13; 1; 14; …
б) 2;4;6;8
2 – деңгейлік тапсырма
Кестені толтырыңдар
a1
d
n
an
Sn
11
-10
11
110
-2
6
6,5
12
12
2
15
-10
3 – деңгейлік тапсырма
а) 3-ке еселі барлық екі таңбалы сандарпдың қосындысын табыңдар.
ә) 156 саны арифметикалық прогрессия (аn) бола ала ма? а22=24, а1=24.
б) sin150, sin750 арифметикалық прогрессия неге тең?
4. Біліміңді тексер
Жұбын тап:
Арифметикалық
прогрессия
анықтамасы
Арифметикалық
прогрессияның n-ші
мүшесінің формуласы
Арифметикалық
прогрессияның әрбір
мүшесінің қасиеті
Арифметикалық
прогрессия айырма-сының формуласы
Арифметикалық
прогрессия алғ. N мүше-
сінің қосындысының
формуласы
Сабақты қорытындылап, бірін – бірі тексеру арқылы, ұпай санын есептеу, бағалау
VІ. Үйге тапсырма: § 10 № 193 ,195
Алматы облысы
Ұйғыр ауданы
Ақтам
“ Ақтам орта мектебі мектепке
дейінгі шағын орталығымен ” КММ
Имамниязова Селимам
Математика пәнінің мұғалімі
Тип материала: | Документ Microsoft Word (doc) |
---|---|
Размер: | 51.5 Kb |
Количество скачиваний: | 17 |