« Ата заң - аппақ үміт, асқақ мақсат»

Предмет: Обществознание
Категория материала: Рабочие программы
Автор:

Сабақтың тақырыбы: « Ата заң - аппақ үміт, асқақ мақсат»

Сабақтың мақсаты: Еліміздің Ата заңы жөнінде түсінік беру.
Сабақтың міндеттері:
Білімділік: Оқушыларға Конституция ұғымы, тараулары, қабылдануы, қазіргі кездегі қолданысы жөнінде түсіндіре отырып, бүгінгі өмірмен байланыстыра білім беру.
Дамытушылық:Деңгейлік тапсырмалар беру арқылы оқушылардың ой-өрісін дамыту.
Тәрбиелік: Патриоттық тәрбие беру, ұлтжандылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: дәріс сабақ
Әдіс- тәсілдері: түсіндірмелі, репродуктивтік.
Көрнекіліктер:
« Ата заң - аппақ үміт, асқақ мақсат,
Жол тартқан «Жеті жарғы» бастауынан...» атты көрме, сызба-плакат

Сабақ барысы
І. Ұйымдастыру бөлімі
- амандасу, оқушылардың сабаққа қатысымын тексеру.

ІІ. Кіріспе
Құқық дегеніміз не?
Құқықтық мемлекет - қандай мемлекет?
Құқықтық мемлекетке тән белгілер?
Бұқараның құқықтық мәдениеті.
Соттардың тәуелсіздігі.
Жеке оқушыларға кеспе қағаздарын тарату.

ІІІ. Жүйелеу.
Ешқандай өркениетті қоғам да бірден сол саналы қалпында болмайды. Кемел дәрежеге жету үшін қай ортаға да өсу, өркендеу сатысынан өту шарт. Біздің тәуелсіз, өркениетті Қазақстанымыз да осындай құқықтық мемлекет сипатына ену үшін көптеген өмір талқысы мен талай заманның сынағынан өтті.Сонау Керей мен Жәнібек іргесін құрған қазақ елінің алған беттерінен бастап, бүгінгі бейбіт заман тынысына дейінгі аралықтарға сахара саясатының салмағы қай елдің ішкі саясатынан да бір мысқал кем емес. Осы сөзімізге дәлел ретінде тарих бетінен өз орнын ойып алған «Шыңғыс ханның үш жасағын», «Қасым ханның қысқа жолын», «Есім ханның ескі жолын», Әз-Тәукенің «Жеті Жарғысын», Баһадүр Абылай ханның атақты қос тізгіндік саясатын алға тартуымызға болады. Бұл ел басқару үлгілері «Тәртіпсіз ел болмайды, тәртіпке бағынған құл болмайды» деген кредоны ұстанған біздің еркіндік сүйгіш халқымыз үшін дала демократиясының басты символы іспеттес. Бүгінгі таңдағы Елбасымыздың ұстанып отырған сындарлы саясаты мен осы игі іске бағыт сілтеп отырған Ата заңымыз - осы жоғарыдағы атап өткен жәдігерлеріміздің заңды жалғасы.

ІV. Жаңа сабақ
«Конституция» деген сөз латын тілінен аударғанда «құрылғы» немесе «құрылым», «жарғы», «заң» деген мағынаны білдіреді. Бұрын Конституцияны Мәскеудің үлгісімен Основной Закон - Негізгі заң деп келген едік. Тәуелсіз Қазақстанның Конституциясын бірінші болып «Егемен Қазақстан» газеті Ата заң деп атады. Ойлап қарасақ, біздің табиғатымызға осы атау жақын сияқты, өйткені қазақта атадан үлкен адам жоқ, оның әрбір сөзі кейінгілер үшін заң болып есептеледі. Ал, Конституция республикада қолданылатын барлық заңдардың атасы. Конституция дегеніміз - қоғамдық және мемлекеттік құрылыс негіздерін, мемлекеттік органдар жүйесін, олардың түзілу реттілігі мен қызметін, азаматтардың құқықтары мен міндеттерін айқындайтын мемлекеттік заң.
Ерекше тәртіппен қабылданды
тұрақтылығы

Конституция

Қоғамдық қатынастардың құқықтардың негізгі ең жоғарғы заңдылық
негізін қалады бастауы күші бар

1993жыл. Конституция.
- Жаңа мемлекетте пайда болған проблемаларды білдіре алады;
- Басқару жүйесі туралы проблема шешілген жоқ;
- Жоғарғы кеңестің өкілдігіне шек қоймады;
- Президенттің құқықтары шектеулі болды.
1995 жыл. . Конституция.
- Жүйесіз заң актінің құрсауын бұзып, мемлекет құрылысына қатысты жұмыстарды жетілдірді;
- Аз уақыт ішінде қажетті нормативтік материалды іске қосты;
- Заңның ықпалы артты;
- Президенттің атақты билердің қызметін қамтамасыз ететін заң күші бар жарлықтар күшіне енді.

Бұл екі заң да халыққа қарсы шықпайды, халықтың еркін білдіреді. ҚР-ның жаңа Конституциясы 9 бөлімнен, 98 баптан тұрады. Ең жоғарғы құндылық - Адам, оның өмірі, құқықтары мен бостандықтары.
К- І Жалпы ережелер
О-ІІ Адам және азамат
Н-ІІІ Президент
С-ІV Парламент
Т-V Үкімет
И-VІ Конституциялық кеңес
Т-VІІ Соттар мен сот төрелігі
У-VІІІ Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару
Ц-ІХ Қорытынды және өтпелі ережелер
И-
Я-
ҚР Конституциясының ең жоғарғы заңдық күші бар. Әрбір азамат өзінің құқықтары мен бостандықтарын қорғау үшін конституция, оның нормаларын пайдалана алады. Сонымен, ҚР-ның Конституциясы - елдің басты саяси құқықтық құжаты. Заңға бағыну - тәртіп, ал тәртіп бар жерде тәрбие, тиянақтылық сияқты адамға тән қасиеттер бар. Сол қасиеттер қоғам дамуына негіз болады. Өз Отанын танып, сүюі, оның заңдарына бағынуы - бұл әр адамның азаматтық жауапкершілігін сезінуі, өз елінің алдындағы азаматтық борышын орындауы.

V. Дамыту. Деңгейлік тапсырмалар.
І деңгей. Сәйкестендір.
1. Қазақ КСР-нің мемлекеттік егемендігі туралы Декларациясы - 1990жыл.
2. ҚР-ның референдумда қабылдаған Конституциясы - 1995жыл
3. ҚР-ның мемлекеттік тәуелсіздігі туралы Заңы – 1991жыл.
4. ҚР-ның тұңғыш Конституциясы - 1993жыл.

ІІ деңгей. Мына атауларды заңдық күшіне байланысты жоғарыдан төменге қарай орналастыр.
1. Үкімет қаулылары-1-4
2. Жергілікті өкілдік органдардың шешімдері-2-3
3. ҚР Президентінің жарлығы-3-1
4. ҚР Конституциясы -4-5
5. Жоғарғы лауазымды органдардың нормативтік актілері - 5-2
ІІІ деңгей. Конституцияның бөлімдерін ата, әр бөлімде не жөнінде тұжырымдалғанына қысқаша түсінік бер.

VІ.Бекіту. Тест тапсырмалары
V.Қорытындылау

Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 23.73 Kb
Количество скачиваний: 15
Просмотров: 136

Похожие материалы