" Достығымыз жарасқан"

Предмет: Классному руководителю
Категория материала: Презентации
Автор:

«Достығымыз жарасқан» атты 1 мамыр – Халықтар бірлігі күніне арналған тәрбие шарасы

Болатын күні: 25.04.2015ж

Болатын жері: «Мектепке дейінгі шағын орталығы бар №3 жалпы білім беру орта мектебі» ММ

Уақыты: 11:00

Жүргізуші: 3 «А» сынып жетекшісі Сатова З.Қ

Фанфар

Мақсаты: көпұлтты Қазақстан Республикасындағы халықтар достығы –еліміздің бірлігінің кепілдігі екендігін таныту. Әр халықтың өнері, оның рухани байлығының негізін баланың жүрегіне өз ұлтының тілін, дінін біле отырып, өзге ұлттың рухани байлығын сыйлауға, құрметтеуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Плакаттар, қабырға газеттері, слайд

Түрі: ашық тәрбие сағаты
Барысы:
Жүргізуші: Армысыздар құрметті қонақтар, қадірменді балалар! Қош келдіңіздер! 1-мамыр – Қазақстан халқының ынтымағы мен бірлігі мерекесі баршаңызға құтты болсын!
Бүгінгі күн ерекше, өйткені 1-мамыр Қазақстан халықтарының бірлігі күні мерекесі қарсаңында «Достығымыз жарасқан» атты тәрбие шарасы өткізіліп отыр. Қазақстан – түрлі ұлттардың басын қосқан ұлы мекен. Олардың салт-дәстүрлері, тілі мен мәдениеті жоғалмас үшін қолайлы жағдай жасалған.
Ата-бабам ежелден-ақ дос қылған,

Татар, қазақ болашақты тосты алдан,

Сол достығын тағы міне дәріптеп,

Бүгінгі күн мерекеде жайнаған – дей отырып, ашық тәрбие шарамызды бастауға рұқсат етіңіздер!

ҚР мемлекеттік гимні орындалады.

Слайдпен таныстыру ( оқушылар кезек-кезек шығып, ҚР мемлекеттік рәміздері туралы айтып, бірлік күнінің қалай пайда болғанын түсіндіреді)

- Сырдың бойын ежелден-ақ жайлаған,
Орыс, қазақ қатар қонған бай далам,
Халықтардың достығының айнасы
Бүгінгі күн мерекелік шарасы.

Ендігі кезекті сіздердің алдарыңызда қыздарымыздың орындауындағы орыс биіне береміз.


Орыс биі. Орындайтын 3 «А» сынып қыздары


Тәуелсіздік кеңдігің
Кескен халық бірлігі
Ынтымағы барша елдің
Нұрын шашқан күн бүгін.

Олай болса, балаларымыздың мамыр мерекесіне арналған өздерінің тақпақтарын тыңдайық.

Оқушы: Ақ қара деп алдымен,

Елім бөлмес адамды,

Дәстүр, өнер, салтымен.

Таңқалдырған ғаламды.

Оқушы: Жырласа Қазақ, түркімен,

Молдаван,тәжік үн қосқан.

Дос жүректер біріккен,

Мейірлері жарасқан.

Оқушы: Тыңда, тыңда, тыңда мені,

Ұлы жұртым орыс халқым.

Сен тербетіп өсіргенсің,

Сенің даңқын, менің даңқым.

Оқушы: Кім сүймейді ет жақынын, туысын,

Украина туысымның бірісің.

Тұрды биік туымыздай бұл достық,

Ел басына төнгенде де ұлы сын.

Оқушы: Қадірменді бір досымыз- өзбегім,

Қалтқысы жоқ демің бейне өз демім.

Өз сөзімдей жаңға жайлы сөздерің,

Өз көзімдей күлімдейді көздерің.

Дәм тұзымыз араласпыз әріден,

Дастарқандар жайылады сәнімен.

Палауыңмен бесбармағым сыбайлас,

Кезек жейміз алма, өрік дәміңнен.

Лезгин биі (орындайтын Трушев Рахат)

Оқушы: Жолым түсіп, тағдыр талап,

Грузин досқа болдым қонақ ,

Қазағымдай кең пейілің,

Дастарханды жайдың мол- ақ.

Оқушы: Қазақ, қырғыз бір сананың егізі,

Екі жұрттың бірге екен негізі.

Қазақ озса – ол қырғыздың мерейі,

Қырғыз озса- ол қазақтың жеңісі.

Қазақ- қырғыз туыссыңдар , доссыңдар,

Бір тамырдан сендер өскен қос шынар.

Дос туыстар көп болса да дүниеде,

Нақ сендердей нағыз туыс жоқ шығар.

Жүргізуші: Ән-жыр десе көмейі бүлкілдеген,

Ақ маржандай көңілі үлпілдеген,
Өзбек менің өз ағам – дейді қазақ
Дастарханнан дәм-тұзы бөлінбеген – дегендей келесі кезекті Орынбасар Назеркенің орындауындауындағы өзбек биіне береміз.

Көрініс:

Қырғызға таңырқай қараған грузин қырғыздан: - Сенің ұлтың кім? - Қырғыз. - Сен қырғыз болсаң өз еліңе неге бармайсың? - Менің өз елім – Қазақстан. - Жоқ сен Қырғызстанда тұруың керек! - О не дегенің! Мен Қазақстанда тұрамын. Мен Қазақстанды өз отаным деп білемің. - Сен өз еліңе қалайда кетуің керек? - Ал сен грузинсің ғой! Сен мұнда не істеп жүрсің? - Сен де өз еліңе бар! (осылай дауласып жатқанда, Қазақ жігіті келеді) - Балалар осыншама неге дауласып, жатырсыңдар? Менің білгім келеді. - (Екеуі қосарлана) Біз әрқайсымызды өз еліңе бауырың керек деп жатырмыз. Қайсымыздың кетерімізді білмейміз. - О не дегендерің! Біздің Отанымыз Қазақстан көп ұлт мекендейтін мемлекет емес пе? Мұнда қырғыз да, грузин де, орыс та тағы басқа тұра береді. Тұрғанда тату-тәтті тұрып жатыр, ал сендер дауласасыңдар келіп. Олай болса, біз де неге дос болмасқа! Қане, салыңдар қолдарыңды! - Жарайды, жарайды! (Келісіп қолдарын салады).
- (Бірге қосылып) Біз доспыз, біз әрқашан біргеміз.

Ән: «Дос болайық бәріміз»

Флешмоб: әр ұлттың биінен үзінді


Құрметті қонақтар, балалар сіздерге шексіз алғысымызды айтамыз. Қазақстанымыздың қуаттылығы мен басымызға қонған бақытымыз бірлігіміздің берекесін арттыра берсін, бейбітшілік мәңгі ажырамас серігімізге айналып, еліміз бен жеріміз, халқымыз аман болсын. Бұл мереке бізбен бірге ғасырларға ұлассын. Бейбіт аспан астында достығымыз нығайып, денсаулығымыз өркендей берсін деген игі тілекпен бүгінгі мерекемізге қатысқандарыңызға рахмет айтамыз.

Қош сау болыңыздар!

Тип материала: Документ Microsoft Word (doc)
Размер: 164.5 Kb
Количество скачиваний: 104
Просмотров: 357

Похожие материалы