Здесь была ссылка на работу »Қ дыбысы және әрпі» Сауат ашу. автора Әбдікерова Гауһар Ажайқызы.
Ссылка на нее удалена по требованию посредника Инфоурок.
Если вы являетесь автором этой работы и хотите подтвердить её публикацию на этом сайте,
.
Балаларды орнынан тұрғазып амандасу. Амансың ба алтын күн! Амансың ба көк аспан! Амансың ба достарым! Амансыздар ма қонақтар! Сабағымызды бастайық. Жамандықты тастайық. Жарайсыңдар балалар, көңіл күйіміз жақсы болса, көңілді отырып сабағымызды бастайық. Қазір қай жыл мезгілі ? Күз. Күз мезгілінде қандай өзгерістер болады ? Балалар жауабы. Күз мезгілінде неше ай бар ? Балалар жауабы. Тәрбиеші: Балалар бүгін біздің топқа бейтаныс әріп қонаққа келіпті. Бұл әріп өзінің қандай әріп екенін айтпады. Сендерге не дер екен, енді әріптің өзіне сөз берейік. Әріп: Балалар, мен қаладан келдім. Ондағы өздеріңдей балалардың сендерге жолдаған өтініштерін ала келдім, сендер сол тапсырманы дұрыс орындасаңдар, мен өзімнің қандай әріп екенімді айтамын.