« Желбіре, Жеңіс жалауы!»

Предмет: Классному руководителю
Категория материала: Другие методич. материалы
Автор:

Ұлы Жең.іске 70 жыл!

Тақырыбы: «Желбіре, Жеңіс жалауы!»

Мақсаты: Жеңісті дәріптеу, өз Отанын елін, жерін сүюге, оны қорғай білуге тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: гүл шоқтары, шарлар, мәңгі алаудың макеті.

Өтілу барысы:

1 жүргізуші: (ақырын күй ойнап тұрады)

Жер жүзінде нұр шашып жеңіс күні,

Жақсы үміттің шырағы жануы міне.

Аспан бетін қаптаған қара тұман

Сертіліп зұлымдықтың сөнді түні

2 жүргізуші:

Жер бетін қан сасытқан соғыс бітті,

Жер бетінен жамандық мүлде кетті.

Жеңістің жарқын күнін жыр қыламыз

Аспандатып жырлаймыз жақсылықты

1 жүргізуші:

Құрметті ардагер ата – апалар, ұстаздар, оқушылар Ұлы Жеңістің 70 жылдығына байланысты ұйымдастырылып отырған «Желбіре, Жеңіс жалауы!» атты мерекемізді назарларыңызға ұсынамыз.

Көрініс: «Соғыс басталған кезең»

Апа ұршық иіріп немесе тоқыма тоқып отырады, ата газет оқып, балалар асық, доп ойнап жүреді.

Осы кезде радиодан хабарлайды:

Тыңдаңыздар, Тыңдаңыздар

1941 жылы 22 маусым күні Фашистік Германия Кеңес Одағына опасыздықпен шабуыл жасады. Кеңес Одағында Ұлы Отан соғысы басталды. (Көріністегі адамдар абыр – сабыр болып, соғыс басталды деп шулайды)

Тип материала: Документ Microsoft Word (doc)
Размер: 45.5 Kb
Количество скачиваний: 19
Просмотров: 145

Похожие материалы