« Поэзия падишасы» Әдеби-сазды кеш
Предмет: | Иностранные языки |
---|---|
Категория материала: | Презентации |
Автор: |
Жангалиева Гауxар Оразалыкызы
|
«Фариза» әні қосылады.
Көпір болып жалғасқанмен келешекке
жіңішке қыздың жолы не десек те.
Тумаппын жаман ер боптым құрыса
Қалпағын кейбіреудіңжұлып алып.
Фариза Оңғарсынова
(Фанфарлар ойнайды, сахнағажүргізушілер шығады)
1-жүргізуші:
Қайырлы кеш, қымбатты қонақтар, жиналған қауым! Бүкіл Қазақстан бойынша жылда өтіп отыратын «Бір ел – бір кітап» акция аясында биыл Қазақстанның Халық жазушысы Ф. Оңғарсынованың шығармашылығына арналады. «Поэзия падишасы» атты әдеби – сазды кешіне қош келдіңіздер!
Шын өнер жайшылықта емес, жан дүниенің қайшылығында туады. Ал дарын- Алланың айрықша мейір- шапағаты түскен пендесіне қиял-ғажайып нұры. Ата күші, Ана сүті, киелі топырақтың жебеуі, өмір сүрген ортасының демеуі, тірліктің тоқсан тарау иірімі, жаныңа жайлы адамдардың мейірімі сол нұр иесін қайталанбас тұлға қып қалыптастырады. Біздің қазақ елі киелі, ұлы тұлғаларға кем емес. Солардың бірі-жүректерді жан жылуымен ерітіп,поэзия әлемінің биік шыңдарын өз еркіне бағындырып, қиялға қанат сермеген Атыраудың ару ақыны, Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамоталары мен «Құрмет белгісі», «Парасат»ордендерінің иегері, Мәдени ағарту ісіне еңбегі сіңген қызметкер, Қазақстан Парламенті Мәжілісінің депутаты болған халық жазушысы ФаризаОңғарсынова.
2-жүргізуші:
ФаризаОңғарсынова 1939 жылы 25-желтоқсанда Атырау облысы Новобогат ауданының Манаш ауылында дүниеге келген. Нарын құмының арасында , асып-тасқан байлығы болмаса да өзіндік дәулеті бар отбасында дүниеге келген. Әкесі еліне сыйлы, ашық-жарқын адам болған. Ол әкесіне арнап көптеген өлеңдер шығарған. Фариза әкесінен жастай қалып, анасы Халиманың тәрбиесінде болады. Анасы көп сөйлемейтін, сөйлесе мақалдап сөйлейтін, аса ақылды, рухани қуатты, сұлу адам болған. Фариза анасы арқылы ертегі, аңыздарды кішкентайынан бастап құлағына құйып өседі. Ақынның бірнеше өлеңдеріне арқау болған- аналар тақырыбы.
Тип материала: | Документ Microsoft Word (docx) |
---|---|
Размер: | 26.19 Kb |
Количество скачиваний: | 21 |