Пәні
Химия Мұғалімі Кенжетаева Замира Нурхожаевна
Сыныбы
9 «а»
Сабақтың тақырыбы
Майлар
Сабақтың мақсаты
Оқушыларға жоғары молекулалы май қышқылдары және майлар туралы түсінік беру. Майлардың құрамы, физикалық қасиеттері, алынуы, қолданылуын сипаттай білуге және оның химиялық қасиеттері туралы ақпарат беру арқылы білімдерін жүйелеп тереңдету.
Сабақтың міндеттері
а) білімділік
Жаңа түсініктерге тоқталып, олардың мәндерін түсіндіру, ақпаратты өз бетінше табуға, талдауға, химиялық реакцияларды жасап, оның теңдеулерін жаза білуге баулу, сақтауға, түсіндіруге және оның ішінде қазіргі заманғы ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың көмегімен жүзеге асыруға үйрету.
ә) дамытушылық
Химия ғылымына қызығушылығын, логикалық ойлау мен талдау және болжай білуге,танымдық белсенділігін арттыру, коммуникативтік дағдысы мен ақпараттық ептілігін, шығармашылық жеке тұлға болып қалыптасу қабілеттерін дамыту. Жұптасып жұмыс істеуге, ойлануға, ізденуге, ұйымшылдыққа, өзара пікірлесуге баулу. Әртүрлі жағдайдағы проблемаларды анықтауға, жауапты шешім қабылдауға, өз шешімінің нәтижесін бағалауға, өз бетімен ізденуін, өз қызметіне мақсат қоюға, ондағы жетістіктерге жету процестерін жоспарлауға және ұйымдастыруға дайындау
б) тәрбиелік
Белсенділікке, шапшаңдыққа, ұйымшылдыққа, бір – бірімен іскерлік қарым – қатынас жасай білуге, табиғатқа, денсаулыққа, жауапкершілікпен қарауға және де экономикалық, экологиялық тәрбие беру.