Здесь была ссылка на работу 0-ден 10-ға дейінгі сандар автора Нугуспанова Шынар Туленовна.
Ссылка на нее удалена по требованию посредника Инфоурок.
Если вы являетесь автором этой работы и хотите подтвердить её публикацию на этом сайте,
.
Сабақтың тақырыбы: 0-ден 10-ға дейінгі сандар. Толық ондықтар (салыстыру, сандарды қосу және азайту). 10 көлеміндегі сандардың құрамы. Білімділік мақсаты: 10 көлеміндегі кестелік қосу және азайтуды, 10 көлеміндегі нумерацияны, 10 көлеміндегі сандардың құрамын қайталау Дамытушылық мақсаты: сандардың қатарын ажырата білу қабілеттерін дамыту Тәрбиелік мақсаты: шапшаң есептеуге баулу. Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен амандасу, кезекшімен сұхбат. Құрал-жабдықтарын тексеріп шығу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару. ІІ. Тірек білімдерін дамыту. 1. Сандарды қайталау. Бірінші сыныпта алған математика сабақтарында нені үйренгендерін еске түсіруді сұрау · Сабақта оқығандарыңның барлығын естерңе түсіре алдыңдар ма, соны тексерейік. Бұл үшін бірнеше жаттығулар орындайық. · 10-ға және 20-ға дейін тура және кері бағытта санаңдар (сан сәулесін пайдалануға болады). · 5-тен кейінгі санды ата, келесі санның 5-тен нешеуі артық? · 9-дың алдындағы санда ата, алдыңғы санның 9-дан нешеуі кем? · 3,9,1 сандарының көршілерін ата · 6 мен 8, 7 мен 9 сандарының арасында қандай сан тұрады?