10cынып Молекулалық физика ашық тест
Предмет: | Физика |
---|---|
Категория материала: | Тесты |
Автор: |
Сенгербаева Альмира Токтаргазиновна
|
10сынып Ашық тест.
Молекулалық физика.
Молекула-кинетикалық теория негіздері.
1.Денелер температурасының өзгеруіне қарай олардың қызуына немесе суынуына байланысты құбылыстар ... құбылыстары деп аталады.
2.Молекулалардың бейберекет қозғалысын ... қозғалыс деп атайды.
3.Молекула-кинетикалық теорияның дамуына ұлы орыс ғалымы ... ... үлкен үлес қосты.
4.Зат құрылысының молекула-кинетикалық теориясы негізіне ... тұжырым алынады.
5.Кез келген заттың 1 моліндегі атомдар немесе молекулалар саны бәріне бірдей.Бұл атомдар санын итальян ғалымы құрметіне деп атайды.
6.Заттың ... массасын деп бір мольдің мөлшерінде алынған заттың массасын айтамыз.
7.Мольдік масса ... әрпімен белгіленеді.
8.Броундық қозғалыс-бұл ... (немесе ...) қалықтаған бөлшектердің жылулық қозғалысы.
9.Броундық қозғалыстың молекула-кинетикалық теориясын 1905 жылы ... жасаған болатын.
10.Броундық қозғалыс құбылысын алғаш рет 1827 жылы ағылшын ботанигі Р.Броун суда қалықтаған ... спорасын микроскоппен қарап отырып байқаған.
11.Газдар шексіз ұлғаяды. Олар пішінін де, ... де сақтамайды.
12.Ыдыс қабырғаларына молекулалардың сансыз көп рет соғылуы салдарынан газ ... пайда болады.
13.Идеал газ-бұл молекулалары арасындағы өзара әсер елеусіз ... болатын газ.
14.Макроскопиялық денелердің күйін сипаттайтын шамаларды (V,P,T) макроскопиялық ... деп атайды.
15.... дененің қызулық (суық,жылы, ыстық) дәрежесін сипаттайды.
16.Температураны өлшеу үшін, ... деп аталатын аспап қолданылады.
17.Температура –молекулалардың орташа ... энергиясының өлшеуіші.
Идеал газ күйінің теңдеуі.
Газ заңдары.
18.Сиретілген газдың берілген массасының күйін сипаттайтын
барлық үш макроскориялық параметр байланыстыратын теңдеуді
... ... күйінің теңдеуі деп атайды.
19.Бойль-Мариотт заңы бойынша:Егер газдың ... өзгермесе,онда
оның берілген массасы үшін газ қысымының көлемге көбейтіндісі
тұрақты болады.
20.Гей-Люссак заңы бойынша:егер газ ... өзгермесе,берілген массалы
газ үшін көлемнің температураға қатынасы тұрақты болады.
21.Шарль заңы бойынша:Егер газ ... өзгермесе,онда массасы берілген
газ үшін қысымның температураға қатынасы тұрақты болады.
22.Ретсіз қозғала отырып , бұл молекула ашық ыдыстағы сұйық етінен алыстап, біржола кетіп қалуы немесе сұйыққа қайтып оралу процесін деп атаймыз.
Тип материала: | Документ Microsoft Word (doc) |
---|---|
Размер: | 33.5 Kb |
Количество скачиваний: | 63 |