1.1. Менталитетті зертеудің теориялық методологиялық негіздері

Предмет: История
Категория материала: Другие методич. материалы
Автор:
Ұлт  дегеніміз  –  адамдардың  тарихи  қалыптасқан  әлеуметтік –этникалық, қауымдық  бірлестігінің  жоғары  түрі. Қай  халықтың  болмасын  ұлт  болып  қалыптасуы  үшін  қажетті  факторлар:  оның  құрамына  енген  адамдар  тобының  материалдық  тұрмыс  жағдайларының,  территориясы  мен  экономикалық  өмірінің, тілі  мен  мәдениетінің, әлеуметтік  хал-ахуалдағы  сол  ұлтқа   тән  кейбір  этникалық  ерекшелігінің  ортақтығы  болып  табылады.           Ұлттың  жан-күйі  мен  ұлттық  мәдениет  арасында  тығыз  бар.  Ұлттық  мінез-құлық  ерекшелігі  ұлт  мәдениетінің  түрлерінен  көрініс  береді. Ол  жөнінде  атақты  композитор  Н.А.Римский-Корсаков: «Музыка ұлттан  тысқары  өмір  сүрмейді. Қандай  да  болмасын  музыка  мәдениетінің  мазмұны  жалпы  адамзаттық  болып  келгенімен  оның  түрі  ұлттық  болып  қала  береді. Ұлы  композиторлардың  шығарған  ән-күй  музыкас  бүкіл  адамзат  мәдениетінің  қорына  қосылған, идеясы  барлық  ұлтқа  ортақ  интернационалдық   мұра  болғанымен, оның  ұлттық  жан-күйінің  өзгешелігі  сақталады»  –дейді. Әр  ұлттың  өзіне  тән  мінез-құлық, қызуқандылық  ерекшелігі  сол  елдің музыка  мәдениетінен  қалай  сезілсе, би өнерінен, қол өнерінен  де  сондай  ашық, айқын  сезіліп, көрініп  тұрады. Біз  ән, күйлерді  тыңдай  отырып  немесе  билерді, ою-өрнекті, зергерлік  әшекей  заттарды  көріп, оның  қай  ұлтқа  тән екенін  көп  қиналмай  ажыратамыз.
Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 24.76 Kb
Количество скачиваний: 18
Просмотров: 165

Похожие материалы