«16 желтоқсан –Тәуелсіздік күні» сыныптан тыс іс –шараның сценарийі. Сценарий мероприятия «День Независимости Республики Казахстан»
Предмет: | Классному руководителю |
---|---|
Категория материала: | Конспекты |
Автор: |
Сыздыгалина Акерке Болыспековна
|
Өзіндік талдау
Тәрбие сағаттың тақырыбы: "16 желтоқсан - Тәуелсіздік күні"
Мақсаттары: оқушыларға 16 желтоқсанда болған оқиға туралы мәліметтер беру, біздің еліміз 24 жыл тәуелсіздігін алғаннан бері өркендеп, дамып келе жаттқаны туралы білімдерін толықтыру, дамыту, өз халқына, туған жеріне деген сүйіспеншілігін тәрбиелеу.
Тәрбие сабаққа 18 оқушы қатысты.
Сыныптан тыс іс -шараларды өткізуге дайындалу барысында оқушы талабына сай тәрбиелік маңызы зор мәселелер көзделді. Ашық тәрбие сабақтың осы түрін, осы тақырыпты таңдап алу себебім, балалардың бойына жақсы қасиеттерді сіңіріп, жаман әдеттерден аулақ болуға тәрбиелеуді жөн көрдім. Оқушылардың бойына отансүйгіш, адамгершілік, үлкенді сыйлау, кішіге қамқор болу, ұқыптылық, бауырмал, кішіпейілдік сияқты әдептерді қалыптастыру мақсатын көздедім. Балалар топпен жұмыс істеп, берілген тапсырмаларды орындап, желтоқсан оқиғаға қатысқан студенттер туралы мәлімет жинап, іс-шараға белсенді қатысты. Өз бетімен өлең шығарып, би дайындады. Тәуелсіздік күніне арнаған қабырға газетін шығарып, викторина сұрақтарын өздері жасады. Оқушылар тарихи оқиға туралы білімдерін толықтырып, тәуелсіздік туралы өлең айтты, ән шырқады. Сыныптан тыс іс-шараны көруге келген оқушылар да викторинаға белсенді қатысып, сұрақтарына жауап берді.
Меніңше, Тәуелсіздік күніне арналған сыныптан тыс іс-шара қызықты, мәнді өтті, өз көздеген мақсатына жетті.
Тип материала: | Документ Microsoft Word (docx) |
---|---|
Размер: | 18.79 Kb |
Количество скачиваний: | 91 |