1837 - 1847 жылдардағы Кенесары Қасымұлы бастаған көтеріліс
Предмет: | История |
---|---|
Категория материала: | Рабочие программы |
Автор: |
Кемалова Куланда Женеевна
|
Білімділік: Оқулықтан тыс қосымша тарихи шығармалар, тарихи құжаттар мен деректерден ұлт - азаттық қозғалыстың алғы шарттарын, сипатын, ерекшелігін, мақсатын ашып көрсете отырып, Кенесары Қасымұлы өзі батыр, өзі хан, өзі көсем, өзі дипломат халқының бостандығы мен тәуелсіздігі үшін күрескен мемлекет қайраткері екендігін, “ұлт - азаттық қозғалыс”, “тәуелсіздік” ұғымын қалыптастыру, жан - жақты талдай білуге баулу.
Дамытушылық: 1837 – 1847 жылдары Кенесары бастаған ұлт - азаттық қозғалыс тақырыбын қорытындылай келіп, сұраққа жауап беру барысында оқушыларды әлеуметтік – экономикалық және саяси дамудың тарихи құбылыстардың күрделі кешендерін талдай білуге және олардың арасындағы байланыстарды айқындай білуге, идеологиялық құбылыстардың таптық мәнін аша білуге баулу.
Тәрбиелік: Халқының бостандығы мен тәуелсіздігі үшін күрескен Кенесарыдай батырдың ерлігін дәріптей отырып, оқушылардың ұлттық сана – сезімін жеріне, еліне деген сүйіспеншілігін арттыру, патриоттық тәрбие беру, өз көзқарасын дәлелдей алатын қоғамның саяси дамуын түсінетін, демократикалық қоғамның мүшесін тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: білімді бекіту сабағы
Көрнекілігі: тұсаукесер
Пәнаралық байланыс: география, қазақ әдебиеті
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру: сабақтың мақсаты мен ойын ережесін түсіндіру. «Ойлан, тап!» ойыны бойынша терезелерде тапсырмалар жасырылады. Оқушылар терезе таңдап алып, жасырылған сұрақтарға жауап береді. Ойлану уақыты 30 секунд. Егер жауап болмаса, келесі ойыншыға жауап беруге болады. Ойын соңында жинаған ұпайларына байланысты бағаланады. «3»- 10 ұпай, «4»- 20 ұпай, «5»- 25 ұпайдан жоғары.
2. Жаңа тақырыпты меңгеру
Жасырылатын терезелер:
Билік
Дипломатия
Әскер
Экономика
Хронология
Шайқастар
Тұлғалар
«Тұлғалар» терезесі
1. Кіші жүздің Ресей империясының қол астына өтуін жүзеге асырған ханы? (Әбілқайыр хан)
2. Кенесары Қасымұлы Орта жүздің қай ханының немересі? (Абылай хан)
3. Қазақ даласында отаршылдық езгіге қарсы 14 жылға созылған көтерілістің басшысы кім? (Сырым Датұлы)
Тип материала: | Документ Microsoft Word (docx) |
---|---|
Размер: | 16.73 Kb |
Количество скачиваний: | 15 |