2-жүргізуші: 1 мамыр – Халықтар бірлігі мерекесіне арналған сазды бағдарлама «Достық әнін шырқайық!»

Предмет: Классному руководителю
Категория материала: Другие методич. материалы
Автор:

1 мамыр – Халықтар бірлігі мерекесіне арналған «Достық әнін шырқайық!» атты сазды бағдарлама.Бүгінде 130-дай ұлтты ұйыстырып отырған елімізде 1 мамыр мерекесінің мерейі үстем. Бұл күн – халқымызды етене жақындастыра түсетін тағылымды мереке. Бүгінгі күні игі дәстүрге айналған бұл мереке – «Алтын бесік» деп аталады. Халқымызда туған жер – алтын бесік деген сөз бар. Баршамыздың ортақ Отанымыз – тәуелсіз Қазақстан біздің бірлігіміздің алтын бесігі. Қашанда береке бастауы бірлік болған. Қазақстанның бүгінгі қарыштап дамып отырғаны – еліміздегі жүрегі бір, тілегі орақ түрлі этнос өкілдерінің жарасымды өмір сүруінің арқасы. Тәуелсіздігімізді тұғырлы ететін де, елімізді жаңа белестерге жетелейтін де біздің ауызбіршілігіміз болып табылады.Бірлігі берекелі, тірлігі мерекелі, ынтымағы жарасқан елдің ғана ырысы артық. Сондықтан біздің ең асыл қазынамыз – елдің ынтымақ, бірлігі.

1-жүргізуші: Еліміздің басты қорғаушы күші – қоғамдық келісім мен этносаралық үйлесімді сақтау – Қазақ елінің алдында тұрған басты міндет.

2-жүргізуші: 1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі күні. 1995 жылдың наурызында дүние жүзіне үлгі болып отырған ұлтаралық татулық пен тұрақтылықтың – феномені – Қазақстан халықтары Ассамблеясы құрылды. Бұл ешбір елде болмаған ерекше, саяси маңызы зор құрылым.

1-жүргізуші: Баршаңызды 1 мамыр – Халықтар бірлігі мен ынтымақтастығы мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!

2-жүргізуші: Баршаңызға, әр отбасына береке-бірлік, бақыт-байлық тілейміз. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!

1-жүргізуші: Қазақстан халқы өркен жайып, мемлекетіміз молшылыққа, ал әрбір шаңырақ шаттық пен бақытқа кенелсін!

Жұмыр жердің төрінде орныққан ұлттарды айтпағанда, мына өзіміз туған қазақ елі бауырмал.Қазақ еліндегі ынтымақ — бірлікке төрткүл дүние тәнті болуда. «Ырыс қайда барасың, ынтымаққа бармын!» демекші, жас мемлекетіміз күн санап гүлденіп, жыл сайын көркейіп келеді. Халқымыздың бірлігін, ағайынның татулығын сақтау бәріміздің ортақ парызымыз екенін әрдайым жадымыздан шығармайық.

1,2-жүргізуші: МЕРЕКЕ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!

1: Нәсілдерге нәсіл болсын нұрлы күн,

Ынтымақтың шертсем деймін бір жырын.

Татулығын жырға қосам ұлттардың,

Мақтан қылып ұлыстардың бірлігін.

2: Тілі бөлек болғанымен тілек бір,

Ұлы достық мәпелеген жүрек гүл.

Қазақстан бар ұлысқа шаңырақ,

Шайқалмастан шаттығымыз тіреп тұр.

3. Ы – Ынтамағы жарасқан ел десең

еңсесі биік –Қазақтың ұлан даласы.

Жүрегі жылы жер десең –

осы елдің бәрі баласы.

Топырағында нәрі бар, тамырында қаны бар

ел жайын ойлар азаматының санасы.

4.Н – намысы болса, бірлігі бұздырмас тірлік іргесін.

Біреуді біреу тіреулеп, бауырдай тартып жүргенсін.

Жанына жаққан жақынсың, өзгере көрме біреуің.


5.Т –тамыры терең тартатын –

«Бәйтерек» елдің қазығы.

Жалынның болсан көңілде –

өшпейтін жүрек жарығы.

6.Ы –ықылысы мен пейілі –

кендігіндей елінің,

даласындай жерінің

қазақтың дархан төрі де.

7.М-мақсаты осы бағыттың –

ілгері басқан елім бұл.

Алыс пен жақын бірлікпен

достыққа мәңгі көмілдір.

Танылмай келген жұрт едің,

төрт тарап бүгін біліп жүр.

8.А- айбары асқақ елорда –

намыс пен ары сен деймін.

Халықта болар бірлігі

жұмақтай жайлы жер деймін.

Халқы асыл қазына –

артық ел мұнан білмеймін.

Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 20.98 Kb
Количество скачиваний: 14
Просмотров: 106

Похожие материалы