2-сынып Математика пәні. Тақырыбы: Бұрыш түрлері.
Предмет: | Начальные классы |
---|---|
Категория материала: | Другие методич. материалы |
Автор: |
Имаканова Рабига Сарсенбековна
|
2-сынып математика.
Сабақтың тақырыбы: Бұрыш түрлері (сүйір, доға, тік).
Сабақтың мақсаты:
1.бұрыш түрлерімен таныстыру; көпбұрыштардың элементтері, олардың атауларын оқып-үйрену.
2. Оқушылардың есте сақтау қабілеттерін арттыру.
3. оқушыларды байқампаздыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ.
Әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру, ойын, көрнекілік.
Көрнекіліктер: суреттер, геометриялық фигуралар және әртүрлі заттар.
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі: Сәлемдесу, сабақтан қалған оқушыларды түгелдеу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару. Сабақтың тақырыбын хабарлау. Мақсатымен таныстыру. Бүгінгі сабағымыздың мақсаты: бұрыш түрлерімен таныстыру; көпбұрыштардың элементтері, олардың атауларын оқып-үйрену. Ал,балалар, алғашқы сабағымызды көңілді тілектерден бастайық. Бір-бірімізге қарап хормен бүгінгі күнге тілек тілейміз.
Қуанамын мен де ,
Қуанасың сен де.
Қуанайық ,достарым,
Арайлап атқан күнге.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
66-бет.№3-5.көпбұрыштың периметрін тап. Салыстыр.
ІІІ. Тақырыпқа көшу кезеңі.
Тірек білімдерін жетілдіру.
1. «Есептеу машинасы» ойыны ауызша есептеу дағдыларын арттыруға бағытталған.
23-3 + 40 + 8 + 10-70-6 + 30
7+9-10-2+80-4-20+5-60
13-8 + 50-5-40-7 + 60-3 + 7
Тип материала: | Документ Microsoft Word (doc) |
---|---|
Размер: | 46 Kb |
Количество скачиваний: | 55 |