2 сынып сабақтың тақырыбы: Ертегі «Ұр тоқпақ
Предмет: | Начальные классы |
---|---|
Категория материала: | Рабочие программы |
Автор: |
Егизалиева Карылгаш Ораховна
|
Мұғалімнің аты-жөні
Егизалиева Карылгаш Ораховна
Ф.Оңғарсынова атындағы орта мектеп
3-апта
14.10.2014 жыл
3-сабақ
Сабақтың тақырыбы:
Ертегі «Ұр тоқпақ»
Сілтеме
Әдебиеттік оқу 2 сынып «Атамұра» 2013жыл. Қабатай Б.Т. Рахметова С.Р
Жалпы мақсаты
Оқушылардың еркін сөйлеп, ойларын ашық жеткізулеріне сыншыл көзқарас байқауларына мүмкіншілік туғызу.
Міндеттері
1. Жат қылықтан аулақ болуға тәрбиелеу
2. Өзіндік жұмыс істеуге, ізденуге үйренеді.
3. Шығармашылық қабілетін дамыту.
Оқыту нәтижесі
Өз бетінше жинақтауға, қорытындылауға, сыни тұрғыдан шешім қабылдауға, қарым – қатынас диалогын қатысуға,сұрақ қоя отырып, жауап алуға ,өзін – өзі бағалауға, талдау жасауға, өз білімін өмірде қолдана білуге үйренеді.
Тапсырмалар
1.Үй тапсырмасы.
«Галереяны шарлау» әдісімен тексеріледі.
2.Қызығушылығын ояту.
Ой қозғау. Сұрақ – жауап арқылы (диалог)
Ертегілердің қандай түрлерін білеміз?
3.Жаңа мағынаны таныту.
«Ой шақыру» Кітаппен жұмыс:
Ертегіні мәнерлеп,түсініп, тізбектей жалғастырып оқу.
«Миға шабуыл» Сұрақ-жауап.
1.Ертегі көбіне қалай басталады екен ?
2.Ертегі қалай аяқталған.
4.«Ойлан, жұптас, талқыла» әдісі
1 топ.Шалға сипаттама бер. Ұнай ма? Неге? Балаларға мінездеме бер. Ұқсағыларың келе ме? Неге?
2 топ. Семантикалық карта .
3 топ.«Ертегі» сөзіне бір айналым сөйлесу.
4 топ.Әңгіменің ұнаған жақсы жақтарын, ұнамаған жақтарын айт.
4.Жеке оқушымен жұмыс. Тестік тапсырмалар
Жүргізілетін жұмысым
Уақыты
Мұғалімнің іс-әрекеті
Оқушылардың іс-әрекеті
Оқу үшін бағалау және оқуды бағалау
Мотивациялық кезең
10 минут
Операциялық кезең
15 минут
Рефлексиялық кезең
15 минут
Үй тапсырмасы
5 минут
1.Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық ахуал
«Жақсы көру» жаттығуы
Өзін жақсы көру үшін бір рет шапалақ
Туған жер табиғаты үшін екі рет шапалақ
Бір-бірімізді жақсы көру үшін үш рет шапалақ
Анамыз бен жанұямыз үшін көп шапалақ
Топқа бөлу .(Ұр тоқпақ, қасқыр мен түлкі, байлық пен ақыл, сақина) өтілген ертегілердің аттарына байланысты
оқушылар топқа бөлінеді.
Өз орындарына жайғасады.
Оқушыларды бүгінгі сабақтың тақырыбы және мақсатымен таныстыру.
Бағалау критерийлерімен таныстыру.
Бағалау критерийлері.
1.Үй жұмысын орындау;
2.Қосымша сұрақтарға жауап беру;
3.Жаңа сабаққа белсенді қатысуы;
Үй тапсырмасын тексеру. «Галереяны шарлау» әдісімен тексеріледі.
Қызығушылығын ояту. Ой қозғау. Сұрақ – жауап арқылы (диалог) Ертегілердің қандай түрлерін білеміз?
Жаңа мағынаны таныту.
Тип материала: | Документ Microsoft Word (docx) |
---|---|
Размер: | 25.24 Kb |
Количество скачиваний: | 74 |