3 - 4 сынып оқушыларының математикалық олимпиадасы

Предмет: Математика
Категория материала: Презентации
Автор:

     Сайыстың ІІ – турының қысқаша  сипаттамасы:

І – тур – қатысушылырды таңдап алу (әр сыныпта логикалық тапсырмаларды орындау түрінде өткізіледі). Бұл жалғасы.

І. Блиц – сайыс. 10 минут

-Топтың жалпы ұпайы есептелгенде 15 сұрақтың әрқайсысына 1 ұпай қойылады.

-Әр оқушының жеке ұпайы есептелгенде сыныбына қатысты сұрақтар үшін алған ұпай саны ғана есептеледі. 5 сұрақтың әрқайсысына 1 ұпай қойылады.

      2 – сынып 1 – 5 сұрақтар

      3 – сынып 6 – 10 сұрақтар

      4 – сынып 11 – 15 сұрақтар

ІІ. Математикалық дода.  35 минут

    Топтық сайыс үш бөлімнен тұрады:

-Әрбір топ 3 есептің шарты жазылған парақтар таңдайды. (парақтың нөмірі кейін сол топтың тақтаға шығу ретін көрсетеді) Сол есептерді сыныбына сәйкес әр оқушы шығарады. 10 минут.

-Есептің шешуін тобында талдайды. 10 минут.

-Есепті тақтада қорғайды.

Жалпы барлық 3 есепке – 15 минут.

Топқа  жалпы ұпай есептеледі:

Дұрыс шығарған есепке –  3 ұпай қойылады.

Дұрыс қойылған сұраққа – 1 ұпай қосылады.

Дұрыс жасалған түзетуге – 1 ұпай қосылады.

Дұрыс жасалған толықтыруға – 1 ұпай қосылады.

Қате жасалған түзетуге – 2 ұпай алынады.

 

Сайысқа  шақырғанда бас тартқан топ сол есепті талдауға қайта қатыспайды.

ІІІ Математикалық бәйге. 35 минут.

    Жеке тапсырмалар орындау сайысы. Парақтарда беріледі.

   4 тапсырмаға – 8 ұпай қойылады. (4 х 2)

 

   Алғашқы алты оқушыға 1 ұпай қосылады.

Тип материала: Презентация Power Point (pptx)
Размер: 2.52 Mb
Количество скачиваний: 48
Просмотров: 191

Похожие материалы