3-сынып Ашық сабақ: «Менің Астанам»
Предмет: | Начальные классы |
---|---|
Категория материала: | Конспекты |
Автор: |
Башенова Кырмызы Канатовна
|
3-сынып қазақ тілі
Сабақтың тақырыбы: Менің Астанам!
Мақсаты:
1) Балаларға еліміздің бас қаласы – Астана туралы мәлімет беру.
2) Астана туралы деректермен білімін дамыту, оқушылардың ой - өрісін, шығармашылық қабілеттерін дамытуға, тіл байлықтарын дамыту.
3) Қазақстан Республикасының орталығы Астана қаласын мақтан тұта білуге тәрбиелеу және Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру, елжанды азамат болуға тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: Астананың көрікті жерлерінің суреттері, қанатты сөздер, «Астанаға саяхат» видеоклип.
Әдісі: Сұрақ - жауап, ой қозғау, топтық, сезімнен туған өлеңдер,
Түрі: Жаңа сабақ.
Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру кезеңі:
- Оқушылармен амандасу;
- Сыныптағы оқушыларды түгендеу;
- Оқушылардың назарын өзіне аударту;
Психологиялық дайындық. Балалар шеңбер құрып,бір-біріне сәттілік тілейді.
ІІ Үй жұмысын тексеру. Оқушылардан Қазақстандағы қала аттарын сұрау.
ІІІ Қызығушылықты ояту.Оқушыларға Астана қаласы туралы видеороликті тыңдату.
Балалар, біз неліктен «Астана» туралы бейнеролик көрдік деп ойлайсыңдар?
Ия. Себебі, алдымызға еліміздің ең айтулы мерекесі Тәуелсіздік мерекесі келе жатыр. Ал Астана – еліміздің бас қаласы, еліміздің жүрегі.
Ия, балалар, олай болса, біздің бүгінгі сабағымыз Астана қаласы құрметіне арналмақ.
- Балалар, Астана дегенде естеріңе не түседі?
- Әрине, Бәйтерек, Ақ Орда, Ханшатыр, «Нұр Астана» мешіті.
Олай болса, біз қазір «Астана» қаласы дегенде көз алдымызға не келетіндігін ассоциация құру арқылы дәлелдейміз.
Ханшатыр бар
Үлкен қала Бәйтерек бар
Қазақстанның астанасы Әдемі қала «Думан» орталығы бар
IVЖаңа сөздермен жұмыс.
Астана-столица тұрады-живет
Болдым-был күтіп тұр-ждет
Балалар, енді біз «Маршрут картасы» арқылы Астана қаласындағы көрікті жерлерді аралауға шығамыз. Жолда аялдамаларда тоқтаймыз. Әр аялдамаға жету үішін тапсырмаларды орындауымыз керек.
1-аялдама: “Думан ойын-сауық орталығы”аялдамасы
Астана қаласының картадағы орны. Мына сөздерді дұрыс сәйкестендіріңдер
Қала путешествие
Саяхат город
Өзен родина
Туған жер гора
Тау лето
Жаз река
2-аялдама: «Ақ Орда»
Тип материала: | Документ Microsoft Word (docx) |
---|---|
Размер: | 174.22 Kb |
Количество скачиваний: | 18 |