»3D модельдеу және анимация»

Предмет: Информатика
Категория материала: Другие методич. материалы
Автор:
Сабақтың тақырыбы:  3D-модельдеу және анимация. Виртуалдылық шынайы әлемді танып білу тәсілдерінің бірі.Сабақтың мақсаты: 3D-модельдеу және анимация әлемімен таныстыруБілімділік:     3D-модельдеу және анимация туралы  білімдерін қалыптастыру;Дамытушылық:  Жан-жақты болуға, өз бетімен жұмыс істеуге тәрбиелеу; Тәрбиелік:Оқушылардың есте сақтау және зейіндік қабілеттерін дамыту Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар : интерактивті тақта,компьютер, оқулық,слайдтар Сабақтың өту барысы:1.Ұйымдастыру кезеңі.2.Үйге берілген тапсырманы тексеру3.Жаңа тақырыпты түсіндіру4.Тапсырмаларды орындау 5.Үйге тапсырмаЖаңа тақырыпты түсіндіру. Теориялық мағлұмат: Қатпарлы, яғни 3D, анимация және моделдеу соңғы жылдары тез қарқынмен дамып, кең ауқымды қолданысқа түсті. Бұл, сөзсіз, өнердің жаңа саласы кино, мультипликация, рекламмалық роликтер дайындау, ойын жасау және түрлі презентациялар жасаудан бастап, сәулет өнері мен инжинерияда және көптеген т.б салаларда қолданылады. Әрине, көпшілігіңізге „бұл қалай жасалады„ деген сұрақ қызық болар. Бүгінгі шолуымызда 3 қатпарлы моделдеу мен анимацияны түрлі этаптарға бөліп қарастырамыз. Ал, енді қанекей бастайық: жалпы 3D анимацияның не екенін түсіну үшін көзіңіздің алдында тұрған барлық заттарды кеңістікке (декарттық X, Y, Z кеңістігі) жайғастырыңыз. Сонда әрбір заттың белгілі бір координатасы бар нүктелерден және түрлі өзінен кіші фигуралардан (сызық, эллипс, куб т.б) құралғанын байқайсыз. Міне 3D модельдеу және оны анимациялау негізінде осы принцип жатыр, яғни „аса күрделі заттарды қарапайым нүктелер не фигуралар көмегімен кеңістікте құрастыру„.. Әрине, қиын фигураларды жасау үшін оны нүктелеп құрастыру мүмкін емеске жақын іс. Сондықтан қазіргі уақытта 3D модельдеу үшін түрлі бағдарламалар пайдаланылады. Олар біздің жұмысымызды жеңілдету үшін, майда жұмыстарды автоматты түрде жасайды, тіпті кейбір бағдарламалар аса қиын функцияларды да іске асыра алады. Енді сол бағдарламаларда жұмыс қалай жүретінін қарастырайық. Ол жұмысты мынадай бөліктерге бөлуге болады: 1) Моделлинг – бұл ең алғашқы этап және ең негізгі деп айтсақ та болады, себебі мұнда бүкіл фигуралар детальизация жасалады. Қоршаған орта, жер бедері, кейіпкерлер болса солардың бейнесі барлығы осында жасалады. Бұл этапта дайын болған фигуралар „3 қатпарлы модель„ деп аталады. Бұл модельдің әлі түсі, жасайтын қимылдары жоқ. Барлық нәрселер сұр-ақшыл түсте. Модельдерді жасау үшін бізге 3D бағдарламалар кез-келген фигураны бір-біріне қосу, кесу, деформация жасау сынды кең ауқымды мүмкіндіктер береді. Оларды қолданып модель жасау тек жасаушының таланты мен тәжрибесіне және, әрине, оның фантазиясына тәуелді. 2) Текстуринг – бұл этапта 3D модельдер нормалдар картасына бөлініп, яғни барлық модельдің фигуралары жазықталып, керекті түстерге боялады. Бұл процессті мынадай көзге елестетсе болады: „кез-келген фигураның беткі бөлігін (терісін) сылып алып, оны жайып, керекті түске бояп, қайтадан фигураның бетіне жабыстыру„ сынды. Бұл этаптан өткен соң объектілерге реалистичный түр енеді, яғни олардың сыртқы көрінісі шын өмірдегіге қатты жақындайды. Оң жақтағы сурет осыған мысал. 3) Риггинг – бұл процессті былай сипаттаса болады „қимылдайтын фигуралардың сүйектерін жасау„. Яғни, бұл этапта барлық қимылдайтын фигураларға сүйектер енгізіледі. Бұл сүйектер фигураны қимылға келтіру үшін керек, яғни модельдің әрбір бөлігін белгілі бір сүйекке бағынышты етіп қойып, сол сүйекті қимылдатқанда сол сүйекке бағынышты бөлік қимылға келеді. 4) Анимациялау – бұл этапта барлық дайын модельдер қимылға келтіріліп, анимация жасалады. Жоғарыдағы риггингте жасаған суйектеріміз осында кеңінен қолданылады.  5) Рендеринг – бұл этапты екі түрге бөлуге болады: 1) Сурет рендерлеу 2)Видео рендерлеу. Сурет рендерлеу бұл модельдерді текстуралап болған соң оны белгілі бір ракурстан (бір камерадан) суретке түсіру. Ал видео рендерлеуде модельдерді бірнеше, я одан да көп камерелар көмегімен түлі ракурстан қимылдап жатқан кезінде бейне түсірілім жасау. Бұл соңғы этап компютерге аса үлкен ауырлықтар түсіреді, сондықтан ең ұзақ этап болып естептеледі. Егер рендеринг супер компютерлерде орындалмаса, бұл процесс ондаған жылдарға, тіпті ғасырларға созылуы мүмкін. Мысалға: „Шрек 3„ мультфилмінің рендерингі 20 миллион сағатты алған. Ескеретін жайт: мұнда 1000 линуксте істейтін дербес компютерлер және 3000 мың линукстегі серверлер күші қолданылған.  Сабақты бекіту :   3D-модельдеу қандай салаларда қолданылады?.Үйге тапсырма беру.  Виртуалдылық шынайы әлемді танып білу тәсілдерінің бірі.  
Тип материала: Архив RAR (rar)
Размер: 643.83 Kb
Количество скачиваний: 24
Просмотров: 456

Похожие материалы