4 сынып ана тілі Әбіш Кекілбаев “Тасбақаның шөбі” тақырыбында сабақ жоспары
Предмет: | Начальные классы |
---|---|
Категория материала: | Конспекты |
Автор: |
Аушаихова Айман Тасболатовна
|
4-сынып
Тақырыбы:Әбіш Кекілбаев “Тасбақаның шөбі”
Мақсаты:
1. Білімділік.Әбіш Кекілбаев туралы білімдерін арттыру. Әңгіменің тақырыбы мен идеясын ашу. Ырым-нанымдар туралы түсініктерін кеңейту.
2. Дамытушылық. Сабақ барысындағы тапсырмалар, көрнекіліктер арқылы оқушылардың дүниетанымдық ой-өрісін дамыту. Шығармашылыққа жетелеу;
3. Тәрбиелік. Әңгімені талдату арқылы оқушылардың эстетикалық талғамын арттыру, іздемпаздыққа, өздіктерінен жұмыс жасауға бағыттау.
Міндеті: Оқушылар әңгімені талдайды, тапсырмаларды орындайды, өздігінен ой қосады.
Өзекті мәселе: Оқушылардың нақты, дәлелді сөйлеуін қалыптастыру.
Мотивация:Ата салты –ардақты,
Әрбір сөзі –салмақты.
Сол сөздерді ұқпасаң,
Тістерсің бір күн бармақты.
Әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, логикалық, пікірлесу, баяндау, дәлелдеу.
Сабақ типі: білім, білік дағдыларын жетілдіру.
Сабақ түрі:жаңа сабақ.
Сабақ формасы: топпен
Көрнекілік: суреттер, бейнетаспа, карточкалар, кітаптар, түсіндірме сөздік.
Пәнаралық байланыс: дүниетану, қазақ тілі, бейнелеу.
I Ұйымдастыру кезеңі.
II Үй тапсырмасын сұрау.
1.Ә.Кекілбаев туралы деректер жинау.
2.Ұлттық ырым-нанымдарды біліп келу.
Алдымен оқушылардан Ә.Кекілбаев туралы сұрау, айтқан деректерін толықтыру.
1-топХронологиялық кесте2-топ Тірек сызба
III Жаңа тақырыпты түсіндіру.
1.Оқушыларға әңгімені мәнерлеп оқыту. /Мәнерлеп, дұрыс оқуға бағыттау/
2.Сұрақ-жауап:
А/ орамал тастау ойыны арқылы мәтінді түсінгендерін байқау
Ә/ Жетек сұрақтар:
- Әңгіме ұнады ма?
-Әңгіме кейіпкерлері кімдер?
-Қарабала тасбақаны дұрыстап қойып жатқанда не болды?
-Қарабала тасбақаның аузындағы шөпті алғанда неге “Біссімілә” деп айтты?
-Әңгіме не туралы деп ойлайсыңдар?
-Неліктен “Тасбақаның шөбі” деп аталады? Сендер қалай атар едіңдер?
-“Шыбын жаны көзіне көрініп жатыр” дегенді қалай түсінеміз? Осы мағынада тағы қандай сөз тіркестерін білесіңдер?/Жаны мұрнының ұшына келді. Жаны шыға жаздады. т.б./
*Толықтыру енгізу /Әңгіменің толық варианты туралы айтып өту/
- Балалар, біз бүгін танысып отырған бұл әңгіме бізге сендердің жас ерекшеліктеріңе қарай қысқартылып беріліп отыр. Бұндағы Қарабала деп отырғанымыз жасы елулерден асқан үлкен адам. Әңгіменің толық вариантында ауыл өмірінің тіршілігі, Қарабаланың бастан кешкен оқиғалары туралы айтылады. Әңгіменің басты кейіпкерлері біз бүгін танысып отырған Қарабала мен оның досы Оңбай. Оңбай – еңбек сүйгіш, еңбекқор, халықты аузына қаратқан көсем, тапқыр, жаңашыл, халық қамын ойлайтын қамқор адам. Қарабала – еңбекқор жан, адамға деген жақсылығын ешкімнен аямаған.Ұста болған. Халқына көп көмек еткен. Көмек сұрай келген адамнан қолдан келгенін аямаған қамқорсұранысқа ие жәндіктердің бірі. Одан шет елдерде экзотикалық тағамдар дайындайды екен.
2-тапсырма
1-топӘңгімеден теңеу сөздерді теріп жазыңдар./ табаның орнындай, бидайдың дәніндей, инедей /
2-топӘңгімеден эпитет сөздерді теріп жазыңдар. /ұзын жең, қара жал, қысқа мойын, шегір көз, киелі тасбақа /
Сергіту сәті:
Ал балалар тұрайық
Алақанды ұрайық
Оңға қарай иіліп
Солға қарай иіліп
Бір отырып, бір тұрып
Бойымызды созайық
Белімізді жазайық
Оңға қарап түзу тұр
Солға қарап түзу тұр
Жоғары, төмен қарай
Қолымызды созайық
Бойымызға күш жинап
Бір шынығып алайық.
*Бейнефильм көрсету. Талдату.
*Үйге іздеп келуге берілген ырымдарды сұрау. -Енді үйге берілген тапсырма бойынша ата-әжелеріңнің, әке-аналарыңның айтуы бойынша жинап келген ескірмейтін есті сөздерді тыңдап көрейік. Кім көп біледі екен?
*Тақтадағы өлең жолдарын оқыту, талдату.
Ата салты –ардақты,
Әрбір сөзі –салмақты.
Сол сөздерді ұқпасаң,
Тістерсің бір күн бармақты.
Y Рефлексия
YI Үй жұмысы
1.Әбділда Тәжібаев туралы деректер жинап келу.
2.“Аталар сөзі –тәрбие көзі” атты тақырыпқа ойтолғау жазып келу.
YII БағалауОқушылар өз-өздерін бағалайды. Мұғалім бағаның дұрыс қойылуын қадағалайды.
Тип материала: | Документ Microsoft Word (doc) |
---|---|
Размер: | 50 Kb |
Количество скачиваний: | 21 |