Сабақтың тақырыбы
Орфография мен орфоэпия
Сабақтың мақсаты
1. Оқушылардың грамматикадан оқып, үйренген ережелерін ойындар арқылы қайталап бекіте түсу. Сөздердің айтылу және жазылу нормаларымен таныстыру, мысалдар келтіру арқылы дәлелдеу.
2. Жауапты тез таптырып, тапқырлыққа дағдыландыру. Жаттығу жұмыстары арқылы мағынаны таныту. Есте сақтау, ойлау қабілеттерін арттыру.
3. Тіл дамыту жұмыстарын жүйелі әрі қызықты етіп ұйымдастырудың тиімділігін сезіндіру, ұқыпты, таза сауатты жазуға тәрбиелеу.
Нәтижесі
Сөздердің айтылу мен жазылуын меңгереді
Сілтеме
Қазақ тілі 5-сынып «Атамұра» Алматы,2012
Қазақ тілін оқыту әдістемесі
Көрнекілігі
Өлеңдер, жұмбақтар , тест
Сабақтың әдіс-тәсілдері
СТО стратегиялары
Пәнаралық байланыс
әдебиет
Кезеңдер
Мұғалімнің іс-әрекеті
Оқушының іс-әрекеті
Білу
1.Ұйымдастыру кезеңі : Оқушылардың назарын сабаққа аудару , қызығушылығын ояту
Қазақ тілі – өз тілім, ана тілім,
Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім,
Қастерлейді ұл - қызың мәңгі сені
Балалығым, бақытым, қазақ тілім!
Оқушылар мәлімет береді
Өлеңді мәнерлеп оқып, ықпалдарды табады.
Түсіну
Үй тапсырмасын тексеру : бес сұрақтан тұратын тест құру.
-тест сұрақтар
- ереже сұрау
Қазақ тілінде сөздердің жазылу заңдылығы мен айтылу заңдылығы бар.
Орфография – сөздердің дұрыс жазылу заңдылығы.
Орфоэпия – сөздердің дұрыс айтылу заңдылығы
Дыбыс үндестігі орфоэпияның негізгі нормаларының бірі болып табылады.
Орфоэпиялық норма бойынша сөз бен қосымшаның шегіндегі, сөз бен сөздің аралығындағы дыбыстар бір - біріне үндесіп айтылуы керек.
Ілгерінді ықпал
Ережені айтып, құрап келген тест сұрақтарын шешеді
Қолдану
Жаттығу жұмыстары
Тапсырма: а) сөздердің орфоэпиялық нормасын сақтап жаз;
338 - жаттығу.
Бозша торғай – бошша торғай
Бозшағыл – бошшағыл
Бой алдыру – бойалдыру
Бой түзету – бойтүзету
Бойкүйездік – бойкүйестік
Жүріскер – жүрісгер
Жүрек айну – жүрег айну
Қаз табан – қас табан
Қайнар көз – қайнар гөз
Қайнар бұлақ – қайнар бұлағ
Қайтара айту - қайтарайту
Сап болу – сап полу
Сарала қаз – сарала ғаз
б) сөздердің орфографиялық нормасын сақтап жаз;
339 - жаттығу.
Жылан гөз - Жылан көз
Жыланғұрт - Жыланқұрт
Қайқаяқ – Қайқы аяқ
Қайран ғалу - Қайран қалу
Қайыр ғош - Қайыр қош
Қақ пөлу – Қақ бөлу
Саптаяқ - Саптыаяқ
Сарауыз – Сары ауыз
Сегіз ғанат - Сегіз қанат
Оқулық бойынша жұмысты атқарады.
Талдау
Сергіту сәті.
Жұмбақ шешу.
1. Фонетикалық екі ұғым,
Бірімен - бірі сыбайлас.
Бірі айтылады да естіледі,
Екіншісі жазылады да көрінеді
(Дыбыс, әріп)
2. Бір ағашта отыз жеті алма,
Оны жемек болсаң,
Он шақтысы еркін өтіп кетеді,
Қалғандары қақтығысып барып өтеді.
(Дауысты, дауыссыз дыбыстар)
3. Оңға қарай оқысаң да бір халық,
Солға қарай оқысаң да бір халық.
Бір буыным – құс,
Бір буыным – түс.
(Қазақ)
Жұмбақты
шешеді
Жинақтау
1. Орфоэпиялық заңдылықпен жазылған сөзді табыңыз:
А) жұлын
В) құман
С) жұлұн
2. Қай сөз орфографиялық нормаға сай жазылған?
А) Біріңғай
В) Жаңғожа
С) Жанпейіс
3. сөз бен қосымша арасындағы кейінді ықпалды табыңыз:
А) Менің қазақ тілін үйренгім келеді
В) Менің сұрағаным бола қоймады.
С) Су айнадай тап - таза екен.
4. Естілуі бойынша жазылған сөзді табыңыз
А) хайуан
В) тайаныш
С) жиналыс
5. Орфоэпия бойынша жазылған сөзді табыңыз:
А) күндүз
В) Сарыағаш
С) кемеңгер
Тапсырма: өнерпаз сөзіне фонологиялық сатылай кешенді талдау жасау.
Өнерпаз
1. аралас буынды сөз.
2. Ө - нер - паз
а. б. б. б.
3. Бір жағдайда тасымалданады
өнер - паз
4. Екпін - паз буынындағы - а дауысты дыбысына түседі
5. Өнерпаз ( )
6. дыбыс үндестігі
Тестке жауап береді
Бағалау
Ана тілің – арың бұл,
Ұятың боп тұр бетте.
Өзге тілдің бәрін біл,
Өз тіліңді құрметте!
Бүгінгі сабақтан нені біліп,нені білмегені туралы айтып өтеді.
Үйге берілетін тапсырма
Ереже; 340, 341 - жаттығулар