6-cынып Информатика. Алгоритм және оның атқарушылары
Предмет: | Информатика |
---|---|
Категория материала: | Презентации |
Автор: |
Минабил Амангуль Минабиловна
|
Пәні: информатика.
Сынып: 6-сынып
Тақырыбы:Алгоритм және оның атқарушылары
Сабақтың мақсаты:
· Алгоритм маңыздылығын түсіндіру;
· Атқарушы командалар жүйесі болатыны жайлы түсінік беру;
· Оқушыларды қарапайым алгоритмдерді орындауға үйрету
Оқушылар білуі тиіс: «алгоритм», түсінігін, алгоритм атқарушыларын, атқарушы команда жүйесін.
Оқушылар меңгеруі тиіс: алгоритм типтерін ажырата білуі тиіс, алгоритмде қателерді тауып, түзете білуі тиіс. Атқарушыларға мысалдар келтіре білуі тиіс.
Графикалық редактор көмегімен
Жеке қасиеттерін дамыту: берілген білім нәтижесінде белсенділік, жан-жақты талқылай білу, анализдеу, нақтылық, қызығушылық, назар қою, тәртіптерін қалыптастыру.
Көрнекіліктері: ДК, мультимедипроектор, интерактивті тақта, флипчарт.
Сабақ барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі.
Ребус шешу. Жауабы тақтада шешіледі. Жауабында «Алгоритм» сөзі шығады.
Ребус жауабы шешілгеннен кейін сұрақтар қойлады.
Алгоритм дегеніміз не? Бұл сөз қайдан шыққан?
II. Сабақтың мақсаты мен міндеттерін айқындау
Біздің сабағымыздың тақырыбы «алгоритмдер және атқарушылар». Біздің сабағымыздың мақсаты – алгоритмнің не екенін анықтау, қашан пайда болған, алгоритм атқарушысы дегеніміз кім, ол қандай команданы орындай алады және нақты біздің өмірімізде алгоритм қайда кезедесетіндігін анықтаймыз.
III. Білімді өзектендіру
IV. Үй тапсырмасын тексеру
Үйге берілген тапсырманы тексеру
V. Жаңа тақырыпты түсіндіру
Кез келген адамның өмірінде әртүрлі мәселелерді шешуге, тапсырмаларды орындауға тура келетін жайттар болып жатады. Олардың кейбір сондай қарапайым күнделікті өмірде біз оларды ойланбастан автоматты түрде атқарып жатамыз. Ондай мысалдарға біз, «Түйме тағу», «Нан сатып алу», «Мектепке жиналу», «Есікті кілтпен бекіту», «Киім үтіктеу» т.б. ал кейбір тапсырмалар сондай қиын да, күрделі оларды орындау үшін біреулерге бірнеше күн, ен біреулеріне айлар, жылдар тіпті кейбір адамдар үшін оны орындау мүмкін емес болып көрінеді. Мысалы «Ағылшын тілінде еркін сөйлеу», «Бақылау жұымысын 5 деген бағаға жазу», «Машина айдауды үйрену» «Балмұздақ жеуге» қарағанда айтарлықтай көп күш –жігерді қажет етеді. Сонымен қатар сендерге әр сабақта әртүрлі тапсырмаларды орындауға тура келеді.
Сұрақ: бұл тапсырмаларды шешудегі ортақ нәрсе не?
Дұрыс, кез келген тапсырманы орындау үшін, тіпті қиын тапсырманы орындау үшін орындалу тәртібін анықтау керек.
Оқушылардың алгоритмдiк ойлау қабiлетiн дамыту – “Ақпараттық мәдениет негiздерi” курсының ғана мiндетi емес, ол жалпы “Информатика” курсының да маңызды мiндеттерiнiң бiрi болып табылады.
Алгоритмдiк ойлау қабiлетi – бұл ойлай бiлу өнерi, өз iс-әрекеттерiңді жоспарлай бiлу, әр түрлi жағдайларды қарастырып, соларға сәйкес әрекет ету. Мұндай қасиеттер мен дағдылар адамдарға алғашқы компьютер пайда болмай-ақ қажет болып еді. «Алгоритм» сөзi Орта Азияда өмiр сүрген орта ғасырдағы ғалым Мухаммед ибн Муса аль-Хорезми (787-850) атына байланысты пайда болды. Ол тұғғыш рет арифметикалық амалдарды орындау тәсiлдерiн ұсынды.
Алгоритм – бұл есептер шешiмiн табуға мүмкiндiк беретiн әрекеттер тiзбегiн түсiнiктi, әрі айқын түрде сипаттау.
Алгоритмдi құрайтын қарапайым әрекеттер команда деп аталады. Адам өз өмірінде күн сайын алгоритм кездестiріп отырып, мысалы, мектепке бару үшін де белгілі бір алгоритм орындалады. Сабақты реет-ретімен оқу – бұл да алгоритм, кез келген ойын да белгiлi бiр ереже бойынша ойналады, бұл да алгоритм болып табылады. Кейбір мәселелерді шешу жолында жетiстiктерге жету де алдын ала жоспарланған әрекеттерді орындаудан тұрады, ол да - алгоритм.
“Алгоритм” ұғымын түсіндіру барысында жұмыс дәптерiндегi берiлген тапсырмаларды оқушылармен бiрлесiп орындаңыздар.
Сабаққа арналған тапсырма.
1. Әрiптердi жинап, сөз құрастыр.
Жауабы: АЛГОРИТМДЕР.
2. Арунамен бiрге төмендегi әрекеттер тiзбегiн орында.
1. 1-қиылысқа дейiн жет.
2. Солға бұрыл.
3. Үйге кiр.
4. Қызыл гүлдi сонда қалдыр (терезеге гүлдiң суретiн сал).
5. Үйден шық.
6. 2-қиылысқа дейiн жет.
7. Оңға бұрыл.
8. Үйге кiр.
9. Көк гүлдi қалдыр.
3. Қазiр Аруна екiншi үйде. Оның үшiншi үйге гүлдi қалдырып кету алгоритмiн жаз.
Жауабы:
1. Үйден шық.
2. 2-қиылысқа дейiн жет.
3. Оңға бұрыл.
4. 3-қиылысқа дейiн жет.
5. Солға бұрыл.
6. Үйге кiр.
7. Сары гүлдi қалдыр.
Аруна – алгоритм атқарушы, ол мынадай әрекеттердi түсiнедi:
Жет
Бұрыл
Кiр
Қалдыр
Шық
Алгоритм – бұл атқарушының орындайтын әрекеттер тiзбегi.
Командалар жүйесi – бұл атқарушыға түсiнiктi әрекеттер.
4. РОБОТ төмендегi командаларды түсiнетiн болса, оған алгоритм бойынша әрекеттердi орындауға көмектес
← - солға
→ - оңға
↑ - жоғары
↓ - төмен
1. →↓ → ↓ ← ← ← ↑ → ↑
2. → ↓ → ↓ ← ↓ ← ↑ ← ↑ → ↑
3. → → → ↓ → ↓ ← ↓ ← ↑ ← ↓ ← ↑ ← ↑ → ↑
Жауабы:
Алгоритм түрлi тәсiлдермен, атап атйқанда, сөздермен, кескiндер, суреттер арқылы берiлуi мүмкiн.
10-сабаққа арналған тапсырма:
1.Берiлген әрекеттердiң қайсысы алгоритм болып табылады? Дұрыс жауаптарды белгiлеп шық.
qҮлкен дөңгелек сал. Оның үстiне орташа дөңгелек сал. Орташа дөңгелектiң үстiне кiшкене дөңгелек сал. Ең жоғарғы бөлiгiне шелектiң суретiн сал.(алгоритм)
qПатша бұйрығы: «Мен бiлмейтiн жаққа бар, мен бiлмейтiн затты әкел»(алгоритм емес)
qЖазу: «Ластама!» (алгоритм емес)
qБiрiншi санды ал. Оған екiншi санды қос. Нәтижесiн екiге көбейт. Жауабын жаз. (алгоритм)
Әрекеттер тiзбегiн сөздер көмегiмен сипаттау сөздiк алгоритм деп аталады.
Алгоритм құрастыруда командалар қолданылады.
2.Әлімге үйiнен мектепке жетуге көмектес. Оның алгоритмiн құрастыр.
1) 1-қиылысқа жет.
2) Солға бұрыл.
3)
Тип материала: | Презентация Power Point (ppt) |
---|---|
Размер: | 4.15 Mb |
Количество скачиваний: | 33 |