7 сынып.Дүние жүзі тарихы "11-15 ғғ.Франция"

Предмет: История
Категория материала: Конспекты
Автор:

№ 16 орта мектеп-гимназиясының

тарих пәні мұғалімі Сейдеханова Ш.Ж

 

7 кл. Дүние жүзі тарихы

Сабақтың тақырыбы: §13. XI-XV ғасырлардағы Франция

Мақсаты Феодалдық мемлекеттердің орталықтанған монархияларға айналуы сол заманның талабына сай озық құбылыс болғанын ашып көрсету.Король билігінің нығаюы арқасында Франция экономикасының жоғары дәрежеде дамып, халықаралық аренадағы ықпалының күшейгендігіне оқушылардың көзін жеткізу. а) XI-XVғғ.аралықтағы Француз жерлерін біріктіру,король билігін нығайту туралы терең түсіндіру.

2.а)Нақтылы тарихи фактілер арқылы оқушылар феодалдық қоғамның барлық озық ойлы күштерінің король билігін нығайтуға, ал корольдің сол озық күштерге арқа сүйеуге тырысқанын тереңдетіп түсіндіру.

б)Оқушыларды  өздігінен жұмыс істету арқылы олардың ой-өрісін дамытып, өзіне деген сенімін қалыптастыру

3.Тарихи материалды дұрыс іріктеп, сапалы оқыту арқылы оқушыларды өзге елдің тарихына құрметпен қарауға тәрбиелеу

Сабақтың түрі:  аралас

Әдісі: сұрақ-жауап, өз бетінше кітаппен жұмыс, пікір алмасу

Көрнекілік : карта, кесте, сызба

                       Сабақ  барысы

I Ұйымдастыру.

II Үй тапсырмасын тексеру 1 Бір орталыққа бағынған мемлекеттің құрылуына кімдер мұқтаж болды? 2.Қолөнер мен сауданың дамуына кімдер зиян келтірді? 3.Корольдер неге қала тұрғындарымен одақтасты? 4. Монархия деген не? 5. Европа елдерінде өкілетті билік түрлері қалай аталды?

Б) Өзін өзі тексеру сұрақтары

1.Елде күшті король билігін орнатуға кімдер қарсы шықты?

а) қалалықтар      ә) ірі феодалдар    б) орта және ұсақ феодалдар    в) шаруалар  г)саудагерлер

2.Орталықтанған король билігінің күшеюіне не себеп болды?

а) қолөнер кәсібінің егіншіліктен бөлініп шығуы    ә) қалалардың өз тәуелсіздігі үшін күресі

б) шіркеудің қолдауы    в) товарлы шаруашылықтың дамуы г) сауданың өркендеуі

3.Көпестер қай сословиеге жатты?

а)1-ші          ә) 2-ші         б) 3-ші

4. Сословиелік өкілдік монархия алғаш қай елде пайда болды?

а) Чехияда      ә) Польшада   б) Францияда     в) Кастилияда      г) Англияда

В) Шығармашылық тапсырма

-Төмендегі тарихи оқиғалардың себептері мен салдарларын кестеге жазыңдар.

Қолөнер кәсібінің егіншіліктен бөлініп    шығуы

Орталқтандырылған

король билігінің күшеюі

себебі

салдары

себебі

салдары

 

 

 

 

 

 

 

 

 

IIIЖаңа тақырып. Жоспар 1.Француз жерлерінің бірігуі 2.Жүз жылдық соғыс. Жакерия.3 Француз халқының басқыншыларға қарсы күресі. Жанна д Арк 4. Елді саяси біріктіруді аяқтаудың алғышарттары. 5. XI Людовик және оның корольдік өкіметті нығайту жолындағы қызметі.

XI ғасырда Франция бірнеше феодалдық иеліктерге бөлінді

Нормандия      Бургундия     Бретань   Аквитания  герцгтіктері,      Анжу,   Тулуза,  Шампань

А) кітаппен жұмыс 58-беттегі картаны ашып, осы қалаларды табыңдар

Король иелігі домен деп аталды .Ол Париж бен Орлеанның төңірегінде болды.

Король иелігі көлемі мен халқының саны жағынан---- герцогтар мен графтар иелігінен аз болды.

XII ғасырдан бастап әртүрлі жолмен өз иеліктерін кеңейтті

1.Басқа жерлерді жаулап алу     2.тиімді үйлену     3 мұрагерсіз мырзалардың жерін қосып алу

4.Антын бұзған бағыныштының жерін тартып алу

Б) кітаппен жұмыс 59-беттегі «Король II Филипп Август...» деген сөзден бастап 2-ші тақырпшаға дейін оқып  корольдер өз иеліктерін қалай кеңейткені туралы айтып беріңдер.

«Жүз жылдық соғыс»

1337-1453 аралығында болды      Себебі:1) Франция--- оңтүстік-батыс облыстарын          (Аквитанияны) өзіне қайтару үшін соғысты

Аквитанияны қосқанда ғана Франция жерлері толық бірігетін еді.

2) Англия мен Франция арасында Фландрия үшін талас бұрыннан шешімін таппай келе жатқан даулы мәселе болатын

Соғысты бастауға ағылшын королі III Эдуардтыңфранцуз тағы үшін таласуы себеп болды.

Бұл соғыс француздар үшін әділетті соғыс болды.

Соғыс қимылдары

1346 ж. Креси маңында, 1356 ж.Пуатье шайқасында француздар жеңілді

В) кітаппен жұмыс 58- беттегі « Англия мен Франция арасында болған Жүз жылдық соғыс (1337-1453жж)» деген карта бойынша соғыс қимылдарын көрсету

 Г) Жанна д Арк туралы 60-беттен оқу.

1453 ж. 17 шілдеде Бордо түбіндегі шайқас француздар пайдасына шешіліп, ағылшындар Франциядан кетуге мәжбүр болды.

Француз жерлерінің бірігуі мен король өкіметінің нығаюы

К                          Нормандия, Анжу, Аквитания Тулуза т.б. иеліктерін қосып алды

О                          Бас штаттар шақырылды

Р                          Жүз жылдық соғыста жеңіп шықты

О                         Тұрақты әскер құрылды

Л                         Бургундия басып алынды.

Ь                         XVғ аяғында Францияны біріктіру аяқталды.

IV Пысықтау 1Жүз жылдық соғыстың себебі неде? 2. Жакерия деген не, ол қай жылдары болды?( соғыс ауыртпалығы француз шаруаларының наразылығын туғызды. 1358 ж. олар көтеріліске шықты. Көтеріліс «Жакерия» деп аталды. Себебі «Жак»деген сөз Жаков деген адам атынан шыққан. Француз шонжарлары шаруаларды келеке етіп солай атайтын. Шаруалар отрядтарынГильом Каль басқарды. Қан судай төгілген көтерілісте өкімет жеңіске жеткенмен, салықты көбейтуден қорықты) 3. Жанна д Арк Жүз жылдық соғыста қандай роль атқарды? 4.XI Людовик пен БатырКарл арасындағы соғыс не үшін болды?(Король билігінің күшеюі ақсүйек феодалдарға ұнамады.Өздерінің тәуелсіздігінен айырыла бастаған олар корольге қарсы одақ құрды.Оны Батыр Карл деп аталған Бургундия герцогы басқарды. Ол ағылшын королі 4- Эдуардпен құпия келісім жасады. 1477 ж соғыста бургундықтар жеңілді. Батыр Карл қаза тапты)

А) Өзін-өзі тексеру сұрақтары

1.Бас штаттар қай корольдің тұсында шақырылыд?

А) IIФилипп Август    ә) IVКөркем Филипп      б) III Эдуард          в)XI Людовик

2.Англия мен Франция арасындағы тарихтағы ең ұзақ соғыс қай жылдары болды?

А) 1180-1223 жж      ә)1285-1314 жж.     б) 1337-1453 жж.  в)1422-1461 жж.  г)1461-1483 жж.

3. Жакерия көтерілісі қай жылы болды?

А)1346 ж      ә) 1358 ж.    б) 1360 ж.     в) 1429 ж.     г) 1353 ж.

В) Шығармашылық тапсырма « Жүз жылдық соғыстан кейінгі VII Карлдың жүргізген саясаты қандай болды?»

(1.Бас штаттардан әскер ұстау үшін жыл сайын жиналатын салық енгізуді талап етті.Оның талабы орындалды. 2. Мемлекеттік қазынадан жалақы алып тұратын тұрақты атты және жаяу әскер құрылды. 3 Әскер ұстау үшін салынатын салық тұрақты түрінде енгізілді.4. Әскер тікелей корольге бағынышты болды.5. Бас штаттардың корольге бұрынғыдай керегі болмай қалды.6.Король мемлекетті тікелей өзіне тәуелді шенеуніктер арқылы басқарды.7. Герцогтар мен графтарды да өзіне бағынышты етті.8. Барлық мемлекеттік істерді корольдің өзі шешіп отырды)

V.Үйге тапсырма § 13 оқып, мазмұндау. Шығармашылық тапсырманы толық орындап келу

 

 

Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 49.1 Kb
Количество скачиваний: 95
Просмотров: 343

Похожие материалы