7сыныпқа арналған география пәнінен сабақ жоспары

Предмет: География
Категория материала: Другие методич. материалы
Автор:

Сабақ№________ Сыныбы_________ Күні_________

Тақырыбы: Кіріспе.

Мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға материктер мен мұхиттар географиясы пәні, мақсаттары, міндеттері, мазмұны жөнінде түсіндіру.

Дамыту: Өз бетінше ізденіспен шығармашылық тұрғыда жұмыс істеуге дағдыландыру. Өз ойларын еркін де сауатты, нақты жеткізу қабілеттерін арттыру.

Тәрбиелік: Жан-жақтылыққа, ізденімпаздыққа баулу, тыңдай және сөйлей білу мәдениетін арттыру.

Болжамдап отырған нәтиже: Материктер мен мұхиттар географиясымен танысқан тұлға

Сабақтың типі: Кіріспе сабағы

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтың әдісі: 1. Сұрақ-жауап.

2. Әңгіме-дәріс

Сабақтың көрнекілігі: Материктер мен мұхиттар картасы, оқулық, кескін карта т.б.

Сабақтың жоспары:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Жаңа сабақты өту

ІІІ. Қорытындылау.

IV. Үйге тапсырма беру.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Жаңа сабақты өту

Ұсынылып отырған материктер мен мұхиттар географиясы өзінің елтану бағыты арқылы Жер табиғатының ерекшелігі мен алуан түрлілігі, ондағы елдер мен халықтардың әлеуметтік жағдайы туралы көптеген мәліметтер береді. Жер шары бетінің жалпы ауданы 510,2 млн км2. Ол материктер мен мұхиттарға бөлінген. Құрлықты құрайтын материктер мен аралдар үлесіне шамамен 149,1 млн км2 немесе бүкіл жер бетінің 29,2 %-ы келеді.

Жер шарында жалпы алты материк бар. Материктерге таяу жағалаудағы қайраңдар мен материктік беткейлерде материктік аралдар орналасқан. Олар-жер қыртысындағы қозғалыстар әсерінен құрлықтың кейіннен бөлініп қалған бөліктері, көбінесе ауданы ауқымды келеді.

Құрлық материктерге бөлінумен қатар, дүние бөліктеріне де жіктеледі. Дүние бөліктері дегеніміз құрлықтың ашылуы мен қоныстану ерекшеліктеріне сәйкес шартты түрде ажыратылатын тарихи-географиялық ірі аймақтар. Дүние бөліктері де алтау: Еуропа, Азия, Африка, Америка, Аустралия, Антарктида.

Тип материала: Документ Microsoft Word (doc)
Размер: 1.11 Mb
Количество скачиваний: 9
Просмотров: 132

Похожие материалы