8 – наурыз Халықаралық аналар мерекесіне арналған ересек «Раушан» тобына сценарий

Предмет: Музыка
Категория материала: Другие методич. материалы
Автор:

Кейіпкерлер:

Жүргізуші

2 сайқымазақ

Мыстан бикеш


(Музыкамен ұлдар залға кіреді. Жарты щеңбер жасап тұрады).
Жүргізуші: Ұлдар, бүгін аналарымыздың, қыздарымыздың, әжелеріміздің мерекесі ғой! Бәрі дайын ба? Ешкім кешіккен жоқ қой? Әне, қыздар да келе жатыр! Қарсы алайық!
(Музыка әуені естіледі де, қыздар залға кіреді.)
Жүргізуші (қыздар кірген кезде): Қараңдаршы, біздің қыздарымыз қандай әдемі болып кеткен!
(Ұлдар қыздарға басын иеді).
Жүргізуші: Сегізінші Наурыз! Табиғаттың өзі де бұл күні біздің аяулы аналарымызды, әжелерімізді, сүйкімді қыздарымызды даңққа бөлеп тұрғандай! Наурыз айының басында біздің еліміздің көптеген жерінде әлі де қар жатады. Бірақ, көңілімізді көктемнің алғашқы мерекесі жылындырады. Бұл мереке тек көктем мерекесіне сай секілді. Өйткені көктем секілді әйелдер де адамзатқа өмір, жылылық пен әсемділік сыйлайды.
(Тақпақтар)

1 бала:
Бүгінгі көктем күнінде,
Барлық адам қуанар,
Аналарды мейраммен
Құттықтайды балалар.
2 бала:
«Жаным» дейсің мені,
Жаратушым – бір сен.
Жалғыз өзің, тегі,
Жанашырым білсең,
Айналайын ана!
3 бала:
Жамандықтан сақтандырып,
Жақсы ісімді мақтан қылып
Мәпелеген ақ мамамды
Жүрсем деймін шаттандырып.
4 бала:
Ананың біз гүліміз,
Ана біздің күніміз.
Ұландарды қуантып,
Ұзақ өмір сүріңіз.
Жүргізуші:
Қандай бала болмайық,
Анамызға балдаймыз,
Көтерейікші көңілін
Ән салайық бәріміз.
Ән: «Көктем келді» (отырады)
Жүргізуші: Біздің ұлдарымыз қыздарымызға тосын сый дайындап келіпті. Бізге қонақтарды шақырыпты. Балалар, оларды шақырайық па?
Балалар: Иә!
Жүргізуші: Қане, онда бәріміз қол шапалақтайық.

(Бәрі шапалақтайды. Залға екі сайқымазақ келеді).
1 Сайқымазақ: Сәлеметсіңдер ме, достар!

2 Сайқымазақ: Сәлеметсіңдер ме, қымбатты қыздар!
Жүргізуші: Сәлеметсіздер ме, сайқымазақтар!
1 Сайқымазақ: Менің атым Тили Вили. Мен сендерді сонау Америкадан кұттықтауға келдім. Хелоу! Хелоу! Хелоу, май френдс!
2 сайқымазақ: Ал менің атым Вили Тили. Мен де сендерді мерекелеріңмен құттықтаймын!
(Бәрі балалардың қолынан ұстап амандасады).
1 сайқымазақ: Біз бүгін мереке бойы сендерді күлдіртіп, көңіл күйлеріңді көтереміз.
2 сайқымазақ: Ал қазір біз сендерге акробатикалық номерді көрсетеміз.
(Сайқымазақ бір - бірінің басына тұрайын деп, құлай береді).
(Бәрі күледі)
Жүргізуші: Қойыңдар, Вили Тили, Вили Тили, сендер мойындарыңды сындырарсыңдар. Оданда біздің балаларымыздың биін қабыл алыңдар.
Ой балалар, балалар
Ойналық та күлейік
Қане енді бұралып
Би билеп те берейік
Би: «Қазіргі заман»
1 Сайқымазақ: Қандай жақсы би. (Қимылдарды қайталап билеп тұрады)

Тағы да билейікші.
Жүргізуші: Жоқ, Вили Тили, біз мерекені жалғастырайық. Бүгінгі мереке күні әжелерімізді де мерекелерімен құттықтаймыз. «Қариясы бар үйдің қазынасы бар» - деп бекер айтылмаған. Келесі құттықтауларымыз сіздерге арналады құрметті әжелер.

(тақпақтарын айтады)

Тип материала: Неизвестен (jpg)
Размер: 346.36 Kb
Количество скачиваний: 17
Просмотров: 193

Похожие материалы