9-сынып бойынша сабақ жоспары:

Предмет: География
Категория материала: Рабочие программы
Автор:

Сабақтың тақырыбы: Орталық Қазақстанның ЭГЖ-ы, табиғат жағдайлары, ресурстары, халқы

Сынып: 9

Мақсаты: Орталық Қазақстан экономикалық ауданының экономикалық-географиялық жағдайы, табиғат ресурстары, халқы, шаруашылығы  туралы қосымша деректерді, картаны, оқулық текстін пайдалана отырып,оқушылардың өз бетімен жұмыс жасау дағдысын қалыптастыру.

Үй тапсырмасын тексеру(«ұшақ ұшыру» арқылы):

1.     Қай э.а. Өзбекстан, Қырғыстан, Қытаймен шектеседі?

2.     Кәсіпорынның мамандануы дегенді қалай түсінесің?

3.     Маманданудың қалыптасуы үшін қандай жағдайлар керек?

4.     Маманданған саланың дамуы үшін тағы қосымша керек. Қосымша деген не?

5.     Қалай ойлайсың табиғи ресурстар аз жерде кәсіпорын салу дұрыс шешім бе? Мұндай жағдайда қандай келеңсіз жағдайлар туындайды?

 

6.     Қай э.а. географиялық орналасуы  шет елдермен байланысуға қолайсыз?

Нәтижесі:  Орталық Қазақстан экономикалық ауданының экономикалық-географиялық жағдайы, табиғат ресурстары, халқы туралы түсініктері қалыптасады.

 

Пән аралық байланыс: Химия, Экология.

Курс аралық байланыс: 7сынып, 8сынып.

Сабақтың көрнекілігі:  9-сыныпқа арналған атлас карта, дидактикалық материалдар, интерактивтік тақтаны пайдалану, интернет слайдтары қосымша ізденіс материалдары.

Қолданылатын әдістер: «Қатайша ет», «Жуан, жіңішке сұрақтар», «РАФТ».

Сабақтың барысы:

I.         Ұйымдастыру бөлімі-2мин;

II.        Үй тапсырмасын тексеру-8мин;

III.       Жаңа сабақты меңгеру-20;

IV.      Жаңа сабақты бекіту-10мин;

V.        Үйге тапсырма беру-1мин;

 

VI.      Бағалау-4мин.

Тип материала: Документ Microsoft Word (doc)
Размер: 51 Kb
Количество скачиваний: 20
Просмотров: 156

Похожие материалы