9 сынып Модельдеу. Модель ұғымы. Модельдер типтері. Модельдеу тәсілдері.

Предмет: Информатика
Категория материала: Другие методич. материалы
Автор:

№25 сабақ

Сыныбы: 9 ә

Күні:11.03.2015 жыл

Сабақтың тақырыбы: Модельдеу. Модель ұғымы. Модельдер типтері. Модельдеу тәсілдері.

Сабақ мақсаттары:

Білімділік: оқушыларды модельдер түрлерімен таныстыру және модель ұғымы туралы түсіндіру

Дамытушылық: объектінің ақпараттық және графикалық модельдерін құрастыра алуға, айырмашылықтарын ажырата білуге үйрету

Тәрбиелік: топта жұмыс істеу кезіндегі ережелерді сақтау, ынтымақтастыққа жұмыс істеуге баулу.

Сабақтың түрі: жаңа тақырыпты ұсыну

Құралдар: оқулық, карточкалар

Әдіс-тәсілдер: «Сұрақ-жауап», «Мозайка», «Ақпараттық диктант», «Синквейн», «Телеграмма», жұптық, топтық жұмыс әдістері.

Оқыту нәтижесі: оқушылар ақпраттық, графикалық, материалдық модельдер ұғымдарын меңгереді, деңгейлік тапсырмаларды орындау арқылы білімдерін толықтырады

САБАҚ БАРЫСЫ

I.Ұйымдастыру. 2 мин

Оқушылармен амандасып, бір-бірімізге хормен СӘТТІЛІК тілеу.

Сабақта жоқ оқушыларды белгілеу;

Оқушыларды жасырын қағазға жазылған суреттерді таңдау бойынша 3 топқа бөлу.

ІІ. Өткен тақырыты қайталау. 3 мин

Сұрақ – жауап.

1. Алгоритм дегеніміз не?

2. Алгоритмнің түрлерін ата.

3. Программалау тілінің ең қолайлысын ұсынған ғалым?

4. Кез келген программа қандай сөден басталады?

5. Программаны қандай операторлары болады?

ІІІ.Оқу-танымдық әрекетіне дайындық 3 мин

Жаңа сабақтың тақырыбын анықтайды:

М-арқау

О-рамжапырақ

Д-оп

Е-сек

Л-ев

Ь

Т- үлкі

Ү-лкен

Р-акетка

Л-ақ

Е-мен

Р-адуга

І-лгіш

Мақсатымыз:-Модельдер түрімен танысу

-модель түрлерін ажырата алуды үйрену

Жаңа сабақтың тақырыбы қандай?

1. Мысықтың баласы

2. Біздің мектептің бақшасында өсетін көкеніс түрі

3. Баскетбол, волейбол ойнауға арналған құрал

4. Ең төзімді үй жануары

5. "Арыстан" сөзінің орысша аудармасы

6. Жіңішкелік белгісі

7. Қу жануар

8. Кішкентай сөзіне антоним сөз

9. Теннис ойнауға арналған

құрал

10. Ешкінің төлі

11. Ең берік ағаш

12. "Кемпірқосақ" сөзінің орысша аудармасы

13. Киім ілуге арналған құрал

Бүгінгі сабақта не істейміз деп ойлайсыңдар?

Сабақтың мақсаты қандай?

IV.Жаңа оқу материалын таныту. 8 мин

Мағынаны тану. (Постер қорғау). Топтық жұмыс

Манитор - Модель, модельдеу

Процессор – Қолдану аймағы бойынша және уақыт факторы бойынша

Пернетақта – Білім саласына қарай және Модельді көрсету тәсіліне қарай.

V.Бiлiмдерін бекiту.

Деңгейлік тапсырмалар

І-деңгей жұптық жұмыс

(4 мин)

ІІ-деңгей жеке-дара жұмыс (6 мин)

Сергіту сәті 3 мин

ІІІ-деңгей топтық жұмыс

(6 мин)

"5 жолды өлең" құрастыру талаптары: 5 мин

1. зат есім

2. екі сын есім

3. үш етістік

4. төрт сөзден тұратын сөйлем

5. синоним сөз

Мысалы:

1. қуыршақ

2. әдемі, үлкен

3. сөйлейді, ойнайды, көзін жұмады

4. Маған анам қуыршақ сыйлады.

5. Ойыншық

1 топқа – машина

2 топқа – гүл

3 топқа – ұшақ

Ақпараттық диктант 2 мин

Түсіп қалған сөздерді толықтырып жазу

1. . . . . . . . . . – нақты объектіні, процессті немесе құбылысты ықшам әрі шағын түрде бейнелеп көрсету.

2. Модельдеу – объектілерді, процесстерді немесе құбылыстарды зерттеу мақсатында олардың . . . . . . . . . . . (макетін) құру.

3. Вербальдық модельдегеніміз – . . . . . . . немесе . . . . . . . түрінде жасалған ақпараттық модель.

4. . . . . . . . . . . . – деп компьютердің көмегімен арнайы программалық орталар іске асыратын модельдерді айтады.

5. Геометриялық модель – . . . . . . . . . . . пішіндер мен көлемді конструкциялар.

Кубизм әдісі. 3 мин

1.Модель дегеніміз не?

2. Модельдің негізгі қасиеттері қандай?

3. Модельдеу дегеніміз не?

4. Білім саласына қатысты қандай модельдерді білесің?

5. Материалды модельге 1 мысал келтір.

VI. Бағалау. 3 мин

Бағалау парақтарына жалпы ұпайын есептеп, шықан бағаларын дәлелдейді

VII. Үй тапсырмасы туралы мәлімет 1 мин

Үш объектінің вербальдық, яғни, әңгіме түрінде және графикалық моделін құрастыру

Берілген тапсырманы хабарлау, оның орындау әдiстемесiн түсiндiру.

VIII. Қорытынды. 1 мин

Рефлекция

Білемін Білдім Білгім келеді

Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 891.41 Kb
Количество скачиваний: 38
Просмотров: 228

Похожие материалы