Ақ қыс

Предмет: Начальные классы
Категория материала: Презентации
Автор:
Әдебиеттік оқу Мерзімі:    Сыныбы:   Сабақтың тақырыбы: Ақ қыс. Т. Айбергенов.       Сабақтың мақсаты:    Білімдік: ақынның қыс бейнесін суреттеуіне қарап, өлеңдегі кейіпкердің көңіл күйін іздеуге, лириканы түсінуге, сезінуге мүмкіндік беру.    Дамытушылық: бейнелі сөйлей білу дағдыларын арттыру.    Тәрбиелік: әр маусымның ерекшелігін байқата отырып, табиғаттың сұлулығын тануға, айнала қоршаған дүние және табиғат құбылыстары арқылы шындыққа қарым-қатынасының қалыптасуына жағдай туғызу.   Cабақтың түрі:дәстүрлі Сабақтың әдісі:талдау,жинақтау  Сабақтың көрнекілігі: ақын портреті                                              Сабақтың барысы:    1. Қызығушылығын ояту.     Көп нүктенің орнына керекті сездерді есіңе түсіріп жаз. Бұл қай өлеңнен алынған үзінді?    «Үсті-басы - ақ ... , түсі ... ,    Басқан жері... келіп қалды.»    -Тапсырмадағы жазылған сөздер мағынасы нені білдіреді?    - Иә, қыс табиғатының құбылыстарын білдіреді. Абай атамыздың өлеңін оқығанда қандай сезімдер білінгендей болады? (Суық, аяғының басқан ізі сықыр-сықыр еткен денелі қыстың жүрісі қорқынышты).    2. Мағынаны тану.    - Енді бүгін біз ақын Т. Айбергеновтің «Ақ қыс» өлеңін оқып, өлеңде қандай сезімдер бар екенін анықтап көрейік.    Бір рет іштей оқып, дауыстап, мәнеріне келтіріп оқуға дайындалу.    Оқушылар кезекпен мәнерлеп оқи бастайды. Оқылған жолдар мен шумақтардағы ақынның сезімдерін іздеп, талдау жасау үшін өлеңге үңіле қарау керек. Алғашқы төрт жолда жер беті түгел аппақ екендігі айтылады. Көзімізге таптаза табиғат және қуанышты қыс құшағындағы адам елестейді. Ал қыс сақ-сақ етіп түр. Әлде ол күледі, әлде ашулы, аязды.    2. Келесі үш жолды талдау. Қардағы іздерге артыңа мойныңды бұрып қарап көрдің бе? Қандай қызық! Ақын қар үстіндегі іздерді неге теңейді?
Тип материала: Презентация Power Point (ppt)
Размер: 600.5 Kb
Количество скачиваний: 19
Просмотров: 196

Похожие материалы