«Ағам -айбыным, апам -ай-күнім» 8 қыркүйек - отбасы күніне арналған мерекелік кеш
Предмет:
Классному руководителю
Категория материала:
Рабочие программы
Автор:
Рамазанова Асел Саматовна
Здесь была ссылка на работу «Ағам -айбыным, апам -ай-күнім» 8 қыркүйек - отбасы күніне арналған мерекелік кеш автора Рамазанова Асел Саматовна.
Ссылка на нее удалена по требованию посредника Инфоурок.
Если вы являетесь автором этой работы и хотите подтвердить её публикацию на этом сайте,
.
Іс шараның мақсаты: мектебіміздегі ағалы-інілі, апалы-сіңлілі ағайындылардың арасындағы бауырмалдылық, кішіпейілділік, қайырымдылық сезімдерін ояту болды. Елбасымыздың «Отанға деген ыстық сезім жақындарына, туған туысқандарына деген сүйіспеншіліктен басталады» дегендей осы ағайынды оқушылар арасындағы бір біріне деген қамқорлық сезімдерін көрсету болды. Тәрбиенің бастапқы әліппесін бала отбасында алып, онда адамгершілік пен ізгіліктің негізі қаланады. Халық даналығында ағалы інілі, апалы сіңлілі адамдардың арасындағы туыстық қарым қатынас ерекше орын алады. Халқымыз «Ағасы бардың жағасы бар, інісі бардың тынысы бар», «Үлкен тұрып кіші сөйлегеннен без, аға тұрып іні сөйлегеннен без», «Ағаға қарап іні өсер, апаға қарап сіңлі өсер» деп тегін айтпаған. Туысқандар арасындағы өнегелі қарым қатынас үлкенді кішілі адамдардың өзара сыйласуынан қайырымдылығынан кішіпейілдігінен, адалдығынан туындайды. Ендеше мектебіміздегі ағалы інілі, апалы сіңлілі жандардың арасында оздырылғалы тұрған «Ағам айбыным, апам ай күнім» атты сайысымыздың негізгі шарттары мынадай: 1. «Тегін білу тектілік» 2. «Өнерліге өріс кең» 3. «Болмасаң да, ұқсап бақ...» 4. Тығырықтан шығу; 5. Әртүрлі ойындар Қазылар орнықтырар әділдікті Кімдердің жауаптары кәміл шықты Жүздеген жүйріктердің ортасынан Жеңіске жетер дейміз нағыз мықты дей келе әділ төрелік айтар қазылар алқасымен таныс болыңыздар!1. Олай болса құрметті көрермендер ортаға бүгінгі сынға қатысушы отбасыларды қошеметпен ортаға шақырамыз.1. I кезең:Шығармас мұндайда бір шабысты ұмыт. Көрелік ал ендеше жарыстырып Жіберсін келіп тұрған отбасылар Көпшілікке өздерін таныстырып дей келе «Тегін білу тектілік» кезеңіне берелік. II кезең: Ән саламыз әрі біз би билеймізЕріншек пен жалқаулықты сүймеймізӨнерлі өрге жүзер деген сөз барӨнерді сол себепті меңгер дейміз демекші сайысымыздың келесі кезеңі «Өнерліге өріс кең» деп аталады. Бұл кезеңде отбасылар жұптасып өнер көрсетеді. Бірінші болып ортаға Азамат, Бекзат Кеңесовтер отбасын шақырамыз.III кезең:Отбасылық сайысымыздың «Тығырықтан шығу» кезеңінде отбасылар өздеріне қойылған ситуациялық сұрақтарға жауап берулері тиіс. 1. Үйде қарындасың екуің ғана қалдыңдар. Ата анаң жұмыстарымен кетіп қалған. Қарныдасың сабаққа бармақшы. Саған шашын өріп бер деп жалынып жүр. Қалай өріп бересің көрсет. (Тұрланға)1. Анаңның туған күніне арнап сыйлық ретінде әдемі торт пісірдің. Кенет інің сенің бар күшіңді салып пісірген тортыңды жеп қойды. Енді не істейсің?(Азамат К)2. Сенің әдемі көйлегің көптен бері сіңліңе ұнап жүрген болатын. Жаңа жыл мейрамында әдемі көйлегіңді қиылып сұраған соң бір киюге берген болатынсың. Ертеңіне сіңлің көйлегіңді байқаусызда жыртып алғанын айтты. Сіздің әрекетіңіз. (Асель А)3. Үйді жинастырып жүріп, үстел үстіндегі ең әдемі вазаны сындырып алдың. Мұны анаң інің сындырды деп ойлап, оған қатты ұрысып жатыр. Сенің әрекетің. (Айсұлу)4. Үйде ересек адам жоқ. Қарындасың сабаққа баруы керек қарны ашып, тамақ пісіріп беруін өтінді. Қандай тағам пісіресің және қалай? (Жұмагелді)5. Үзілісте саған сыныптастарың сенің ініңе жоғары сынып оқушыларының әлімжеттік салып жатқанын айтты. Сенің әрекетің? (Әселхан) IV кезең:Сайысымыздың келесі кезеңі «Болмасаң да ұқсап бақ» деп аталады. Бүл кезеңде жұптар пародия немесе актерлық шеберліктерін көрсетулері керек. Яғни сайыскерлеріміздің әртістік қабілеттерін байқайтын боламыз. Ортаға бірінші жұпты шақырамыз. Бауыры іні десе жанын берерӨмірде болды талай асыл ерлерҚамқоршы бір біріне шын туғандарБауырын бір тал шаштан танып білер дегендей келесі кезеңді қызықты ойындарға бергелі тұрмыз. Ортаға әр түрлі ойындардың докторы Жас ұлан ұйымының белді мүшесі Жоламанов Артурды шақырамыз. (музыкамен Артур билеп шығады)Артур: Бірінші ойынның шарты бойынша ағалары мен әпкелері өз бауырларының алақанын сипау арқылы тауып алуы керек. Қазір барлығыңыз да бері қарай шығыңдар, көздеріңді байлаймын. Қазылар алқасы сайыскерлердің қайсысы өз бауырын тапса соған жоғары 5 ұпай берулеріңізді сұраймын. ü Келесі ойынымыз топшамамен жұмыс деп аталады. Мұнда барлық сайыскерлер орындарыңызды ауыстырып отыруларыңыз сұралады. Сіздерге топшамалар беріледі. Сол бойынша сұрақтарға жауап бересіңдер. Қайсыларыңның жауаптары бір біріне сәйкес келсе соларға жоғары балл беріледі. Мұқият болыңыздар! Бастаймыз!Шалға тартқан шалғындаАғам бар менің алдымдаЖақсылыққа талпынғанІнім бар ерген артымдаАға ,апа, іні депҚарындасым гүлім депҚандай тәтті бауырларСөйлегенде күлімдеп дегендей бүгінгі «Ағам айбыным, апам ай күнім» атты отбасылық сайысымыз өз мәресіне жетті. Сайысқа белсене қатысып, өз өнерлерін аянбай ортаға салып тер төккен оқушыларымызға қошемет көрсетіп қойыңыздар. Ары қарай да осы беттеріңізден қайтпай туыстық қарым қатынастарың берік болсын. Әділ қазылар өз шешімдерін шығарғанша ортаға жас әнші Аманбол Еламановты «Туған жер» әнімен қарсы алыңыздар! Сайыскерлер марапатталады.