Ағаштан және металдан бұйым жасаудың шығармашылық жобасы.
Предмет:
Технология
Категория материала:
Рабочие программы
Автор:
Елубаева Гульсезим Курмангазиевна
Здесь была ссылка на работу Ағаштан және металдан бұйым жасаудың шығармашылық жобасы. автора Елубаева Гульсезим Курмангазиевна.
Ссылка на нее удалена по требованию посредника Инфоурок.
Если вы являетесь автором этой работы и хотите подтвердить её публикацию на этом сайте,
.
Тақырыбы: Ағаштан және металдан бұйым жасаудың шығармашылық жобасы. Сабақтың мақсаты: Білімділік-оқушыларды жобаны орындаудың жолдарымен таныстыру,тақырыпты дұрыс таңдауды үйрету. Дамытушылық-оқушының икемділігін,іскерлігін,шеберлігін қалыптастырып,ұқыптылыққа баулу. Тәрбиелік-оқушыларға ақыл-ой еңбек және эстетикалық тәрбие беру. Сабақтың түрі:Сарамандық сабақ. Сабақтың әдісі:баяндау,әңгімелеу,сарамандық және өз бетімен жұмыс. Пәнаралық байланыс:математика,сурет,география. Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру бөлімі 1.Оқушыларды түгелдеу 2.Құрал-жабдықтарын тексеру 3.Өткен сабақты еске түсіру. 4.Қауіпсіздігін ережелерін еске түсіру. ІІ.Негізгі бөлім 1.Жаңа тақырып Шығармашылық жоба-дегеніміз әр оқушының тарау біткеннен кейінгі орындайтын өзіндік жұмысы,басқаша айтқанда,технология пәні бойынша жүргізілетін шығармашылық жұмыс. Жоба-әртүрлі бөлімдерден,арнайы сызбалардан,суреттер,нобайлардан тұрады.Жобаның тақырыбын оқушы өзінің білімінің деңгейіне қарай таңдау керек. Шығармашылық жоба мынадай бөлімдерден тұрады: 1.Іздену кезеңі (Тақырып таңдау) 2.Тақырып бойынша ақпарат жинау,материал таңдау,нобайын салу. 3.Шығу тарихы (шолу) 4.Жалпы эскизі (суреті) 5.Құрал-жабдықтар 6.Нұсқау және технологиялық карта 7.Күтілетін нәтижиесі 8.Дайын бұйымды қорғау. Шығармашылық жобаға ағаштан металдан әр түрлі бұйымдарды дайындауға болады. Мысалы:ағаштан жасауға болатын бұйымдар 1.Құстың ұясы 2.Оқтау 3.Күрек,балға саптары 4.Сыйкәделік бұйымдар Металдан жасауға болатын бұйымдар: 1.Әшекей бұйымдар Біз бүгін «балға сап жасау» технологиясымен танысамыз. Сабаққа қажетті құрал-жабдықтар:балта,ара,сүргі,қашау. Алдымен арамен,балтамен ,қашаумен жұмыс кезіндегі қауіпсіздік ережелерін еске түсіреміз. «Балғаға сап жасау» технологиясының технологиялық картасы. Ағаштың түрлері:емен,қайың,қарағаш,алма ағашы.Осы ағаш түрлерінен балғаға сап жасауға болады.Енді балғаға сап жасау үшін қандай құрал-саймандар қажет? Балғаға сап жасау үшін: 1.Өлшемін қою; 2.Өлшем бойынша кесіп алу; 3.Өңдеу балтамен қырларын алу; 4.Сүргімен тегістеу; 5.Құм қағазбен тегістеу. Балалар сызба өлшемдерін,ағаш түрлерін дәптерге сызып,жазып алайық. Балғаға сапты,балғаның салмағына қарай саптаймыз.Балғаның салмақтары әр түрлі болып келеді.250 гр,300 гр,400 гр. Құрал-саймандарды ретімен пайдаланған өте тиімді болады.Ал,енді технологиялық картаға қарап жұмысымызды бастаймыз. Жұмыстың орындалу реті: оқушылар балғаға сап жасау кезінде аралап жүріп,техника қауіпсіздіктерін жиі-жиі есеріне түсіріп ескерту.Жұмыс аяқталған соң,жасалған балға саптарын тексеру.Орындалған жұмыстарына қарап,оқушылардың еңбектерін бағалау.Түсінбеген сұрақтарды бірігіп талдау. Сабақты қорыту -Балғаның салмағы неше грамм болады? -Балғаның сабын қандай ағаш түрлерінен жасайды? -Қандай құрал-саймандар қажет? -Қандай техника ережелерін сақтау керек? Бекіту. Үй тапсырмасы: Жұмысты аяқтау.