Здесь была ссылка на работу А.Байтұрсынұлы еңбектеріндегі жазу мәселесі автора Рахышова Мадина Маратбековна.
Ссылка на нее удалена по требованию посредника Инфоурок.
Если вы являетесь автором этой работы и хотите подтвердить её публикацию на этом сайте,
.
Халық өмірі бір жылдап, он жылдап, хатта жүз жылдап та емес, мың жылдап саналады». «Тіл құралы» еңбегінде ғалым жазу мәселесіне бірнеше қағидалар жазып қалдырған. Мысалы: « «О» дыбысы сөздің бас буынында ғана естіледі. Басқа буындарында һәм дауысты дыбыстардан соң қазақ сөзінде кей орындарда естілмейді, сондықтан бас буыннан басқа орында яки дауысты дыбыстан соң (о) жазылса, (ұ) қылып оқу тиіс» делінеді. Ал сөзді жазудың ережесіне мынандай бес бөлімнен тұратын жалпы ережелер жиынтығын ұсынады «1. Әр түбір сөз һәм туынды сөз жұрнақтарымен, жалғауларымен бірге, тұтас жазылады, бірақ үзетін әріптер келген жерде үзіледі (үзетін әріптер: а, д, з, р , о, ұ, е). 2. Қос сөздердің арасы сызықшамен айырылып жазылады (аяқ-табақ, киім-кешек). 3. Қосалқы сөз бөлек жазылады. 4. Жұрнақтар барша сөзге қосылып жазылады. Жұрнақ ішіндегі дүдәмал естілетін қалыпша жазылады. 5. Жалғаулар. Мысалы: жолбарыс – жыртқыш. Ноқат (нүкте) «.» (ұлы тыныс) белгісі біріншіден әбден біткен ойлы сөйлемдердің соңынан қойылады. Екіншіден, мақала, кітап басының атауларынан кейін қойылады. Үшіншіден, қысқартқан сөздің соңынан қойылады. Үтірлі ноқат (нүктелі үтір) «;» (орта тыныс) белгісі сөйлемдердің ішкі жақындығы күшті болған жерде, сыйысулы құрмалас сөйлемдердің баяндауыштары демеулермен құраспай, алды-алдына тұрған жана да қастарында тұрлаусыз сөйлем болған орында қойылады. Теріс үтір «,» (кіші тыныс) бұратана сөздерді бөлек шығару үшін, сыйласу сөйлемдердің біріңғай мүшелерінің арасына, бағыныңқы сөйлемнің жігін басыңқы сөйлемнен айыру үшін, лепті сөйлемдерде одағайдан кейін, бір сөз немесе сөйлем қайта-қайта айтылған орындарда қойылады.