Адам генетикасы по биологии 9-класс

Предмет: Биология
Категория материала: Конспекты
Автор:

 

.

                                                                                                                        «Атадан ұл туса игі,

                             Ата жолын қуса игі»

Төле би

Тақырыбы:  Адам генетикасы  және оның  әдістері

Мақсаты:

Білімділік:        1.Оқушыларға білім тереңдету мақсатында адам ағзасындағы

                        хромосомалардың атқаратын қызметін және маңызын  білу.

                    2. Хромосомалар арқылы тұқым қуалайтын аурулар мен 

                        ауытқуларды толық ажырата білу.

                    3. Генетикада адамның тұқым қуалаушылығын зерттеуге 

                        мүмкіндік беретін әдістерді білу.

Дамытушылық:      1. Әр түрлі білім көздерін қолдана білу (мәтін, сурет, 

                         жинақтамалар, слайд және электронды оқулықтар).

                     2. Ойларын салыстыруға,анализдеуге, жалпылауға және 

                         қорытындылауға үйрету.

                     3. Ұлы, дарынды адамдардың шежірелік карталарын құруға        

                         үйрету.

Тәрбиелік:   1. Топпен жұмыс кезінде оқушылардың жаңа көзқарастарын

                         дамыту.

                     2. Оқушылар арасында ұйымшылдықты және сыйласымдықты 

                         ояту.

                     3. Өз ата – тектерін құрметтеуге және шежірелік карталарды

                         дұрыс құра білуге тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыс : қазақ әдебиеті

Сабақтың түрі: Жаңа тақырыпты енгізу

Сабақтың әдісі: оқу мен жазу арқылы оқыту стратегиялары:

-          түсіндіре басқарып, оза оқыту

-          жеке және топтық жұмыс

-          өздік жұмыс

-          қосымша әдебиеттермен жұмыс

-          сұрақ – жауап

Көрнекіліктер: - электронды оқулықтар

-          слайдтар

-          шежірелік карталар

-          қазақтың мақал – мәтелдері және нақыл сөздері

-          қосымша әдеби оқулықтар

Сабақтың құрылысы.

І. Ұйымдастыру кезеңі

ІІ.Жаңа сабақты меңгеруге дайындық (өткен сабақты пысықтау)

    Кубизм әдісі (6 сұрақ)

1. Жынысты қалай анықтайды және аутосом дегеніміз не?

2. Гомозигота және гетерозигота ұғымдарын түсіндір (мысал келтір).

3. Хромосомалардың әртүрлілігі.

4. Барр денешігі дегеніміз не?

5. Жыныспен тіркес тұқым қуалау деген не?

6. Есеп.

 

 

ІІІ.Негізгі бөлім. Жаңа тақырыпты түсіндіру.

Білгім келеді

білдім

 

 

 

Өздерің айтып өткендей хромосомалар арқылы әртүрлі аурулар тасымалданады, осы аурулар тұқым қуалайды дедік. Бірақ, хромосомалар тек ауруды ғана емес, сол сияқты адамзат бойындағы дарындылық қасиеттерді де ұрпақтан  ұрпаққа таратып осы өмірге дейін жетелеп келген.

 

Адамның генетикалық белгілері

        Белгі/ауру

                                Аутосомды

басым

басылыңқы

Шаш түсі

Шаштың жирендігі

Шаштың бұйралығы

Дененің түктілігі

Көз түсі

Үстіңгі қабақтың қатпары

Құлақ сырғалығының тұтасуы

Секпілдік

Ерін пішіні

Қай қолы оңтайлы

Көз мөлшері

Кірпік ұзындығы

Қошқыл

Шашы жирен емес

Бұйра

Түгі қалың

Қоңыр немесе қара

Бар

Тұтаспаған

Секпілі бар

Қалың

Оң қолы

Үлкен

Ұзын

Ашық

Шашы жирен

Түзу

Сирек түкті

Көгілдір немесе сұр

Жоқ

Тұтасқан

Секпілі жоқ

Жұқа

Сол қолы

Кішкене

Қысқа

У хромосомада болады

1.      Құлақ қалқанының жиегінде түктің болуы (гипертрихоз)

2.      Саусақтар аралығындағы жарғақтар

3.      Қаңқа,  бұлшықеттің қарқынды дамуы, аяқ қолдың, тістің өсуі. Еннің дамуы

Тұқымқуалау аурулары

Тірі ағзаларға айқындалған тұқым қуалаудың негізгі заңдылықтары әр жақты. Оны адамға да пайдалануға болады. Әрине адамға тәжірибе жасауға болмайды. Алайда, соған қарамастан, адам үшін де гендердің көпшілігінен тұқым қуалайтын қағидалар табылған

 

Көз алмасы немесе көз

бұршағы пішінінің бұзылуы

Ергежейлілік

Қан қысымы

Инсулин тапшылығына

бейімділігі

Есту

Көздің қатерлі өспесі

Ақ түстілік

Көпсаусақтық

Сығырлық

Қырақтық

Ауру

Гипертония

 

Қалыпты күйде

Қалыпты

Ауру

Қалыпты

Ауру

Қалыпты көру

Қалыпты көру

Қалыпты

Қысымы қалыпты

 

Сусамыр

Туа кереңдік

Қалыпты

Ауру

Қалыпты

Х хромосомада болады

Гемофилия

Түсті ажыратпаушылық

Қоңыр кіреукелі тіс

Қалыпты

Қалыпты

Ауру

Ауру

Ауру

Қалыпты

 

 

 

 

 

 

 

 

                            «Атадан ұл туса игі,

                             Ата жолын қуса игі» деп  қазақ аталарымыз айтқандай, атаның жолын қуар ұл туса, оның бойындағы бар жақсы қасиеттерді қайталар еді. осыған орай адам генетикасын бастай отырып, адам да өз алдына бір биологиялық тұлға екенін ескереміз. Соңғы жылдары адамның тұқым қуалаушылығын зерттеу кеңінен бет алған және түрлі әдістер қолдана бастаған.

Топпен жұмыс.

І топ. Генеологиялық әдіс

 «Жақсыдан жаман туса да,

  Жаманнан жақсы туса да,

  Тартпай қоймас негізге »

1.      Мұны шежірені талдау әдісі  деп те атайды. Бұл ататектер мен өзге де қандас туыстар туралы қолда бар деректердің барлығын жинақтау негізінде жасалды.   

Генеалогиялық әдістің кемшілігі ақпарат жинаудағы тапшылық болып саналады. Қазіргі заманда отбасында ұрпақ санының аздығына байланысты бұл әдістің тиімділігі төмендеп кетті.          

Құнанбайдың дарындылық қасиетін көрсететін шежірелік карта құру.

Құдайберді

 

Мағауия

 

Шәкәрім

 

Құнанбай

 

 

 

          - Дарындылық қасиеттің берілу белгісі.

 

ІІ топ. Цитогенетикалық әдіс.

 «Бір биеден ала да туады, құла да туады».

1.      Бұл адам хромосомасын микроскоп арқылы зерттеуге негізделген. Осы әдістің арқасында адамда 46 хромосома болатынын анықтады.

Цитогенетикалық әдіс хромомсомалардың мөлшері, құрылысы, саны мен пішінінің өзгеруіне байланысты ауруларды айқындауға мүмкіндік береді. Мәселен, цитогенетикалық әдіс арқылы екіқабаттықтың ертерек сатыларында трисомикті диагноздауға болады. Әдістің кемшілігі тұқым қуалау белгісін айқындауда нүктелі мутацияны анықтауға жарамсыз.

Оқушылар осы әдістің мағынасын толық ашып беруі тиіс.

Мысалы

 

 

                          ХРОМОСОМА 23 ЖҰП

 

22 ЖҰП АУТОСОМ               1 ЖҰП ЖЫНЫС  ХРОМОСОМАСЫ

 

 

                 ҚАЛЫПТЫ КАРИОТИП

   

Қалыпты кариотиптің бұзылуының себебі неде?

Сол сияқты ұғымдарды ашып айту

ІІІ топ.Популяциялық әдіс

«Жеті атаны білмеген - жетесіз».

Гендер

                     

 

Біркелкі таралған гендер                            Нақтылы географиялық аймақтарда 

                                                                       кездесетін гендер

1.      Популяциялық статистикалық әдіс.  Жеке адамның генотипі емес, популяциядағы қандай да бір аллельді тасымалдап жеткізушінің мөлшерін және әр алуан генотиптердің пайыздық арақатынасын айқындауды зерттейді. Яғни тектік қорының құрылымын анықтайды. Тектік қор генотиптердің белгілі жиілігін сипаттайтын барлық гендер популяциясының жиынтығы.

    

Популяциялық әдіс - жекелеген гендердің немесе хромосомдық өзгерістердің адам популяциясына таралуын зерттейді.Түрлі патологиялық белгілерді анықтайтын рецессивті гендер  көпшілік жағдайда гетерозиготалы күйде болады.Бірақ туыстық некеде мұндай гендер гомозиготалы күйге көшіп, фенотиптік көрініс беруі де мүмкін. Яғни отбасында бала өлі туады немесе кеміс туады. Мысалы: Қазақтың «Қалқаман Мамыр» поэмасындағы туыстық қатынас. Ағылшын математигі Дж.Харди және неміс дәрігері В:Вайнберг 1908 жылы қазіргі кезде Харди Вайнберг теңдеуі деп аталатын формуланы жетілдірді. Осы теңдеу бойынша популяциядағы генотиптер арақатынасын есептеуге болады.  

IV топ. егіздерді салыстыру.

 

Егіздер

 

 

                                     БЕ                                                             ЕЕ

                     (монозиготалар)                                          (дизиготалар)

1.      Бұл әдіс фенотиптің қалыптасуындағы, нақтылы белгілердің немесе аурулардың дамуындағы генетикалық және орта факторларына қосқан үлесті анықтауға мүмкіндік береді.

    Бақылау жиынтығы бойынша қорытындылардың дұрыс болуы үшін     біржұмыртқалы және әр түрлі жұмыртқалы егіздерді салыстырады. Біржұмыртқалы егіздердің монозиготалы және біркелкі хромосомалар жиынтығы болады. Өйткені ол екі ұрық дамыған ертерек сатыда екі жасушаға бөлінген бір зиготаның өнімі. Әр түрлі егіздік немесе қосзиготалы егіздік бір уақытта әр түрлі сперматозоидпен ұрықтанған, біріне бірі тәуелсіз екі жұмыртқажасушадан даму нәтижесі болып табылады. Анығырақ айтқанда қосзиготалы егіздер аға қарындас жағынан қарастырған генетикалық туыстығы шамалы, өйткені оның шамамен 50% ұқсас гендері болады. Егіздердің жалпы туу жиілігі шамамен  1%, оның  1/3 жуығы монозиготалы. Қазіргі кезде монозиготалы егіздерді қосзиготалылардан айыруға арналған дәлме дәл диагностика әдістері бар. Олар сыртқы ұқсастығымен шектелмейді, биологиялық және иммунологиялық әдістерді де қамтиды. Мысалы, біржұмыртқалы егіздерде терінің ауыстырылып салынған

 

 

 

Кішкене кесегі көнігіп өседі, бұл оның генетикалық толық үйлесімділігін дәлейдейді. Қосзиготалы егіздерде «қарынедас» терісі еш уақытта көнігіп өспейді, әрдайым жұлынып қалады. Егіздік әдісінің жетімсіздігі оның біржақтылығы. Ол тек белгінің пайда болу дәрежесінде генотиптің рөлін анықтауға мүмкіндік береді

Оқушылар егіздерді анықтау критерийлерін ашып айтады.    

2.       Иммунологиялық әдіс.  Ол қан тобы мен резус фактордың тұқым қуалауын зерттеу негізде пайда болды. Алайда қазіргі кезде бұл әдістер ағза иммунды реакцияларының тұқым қуалау типтерін зерттеуге қолданылады. Осы бағыттың арқасында зерттеуді отбасын жоспарлап, резус шиеленістің пайда болуы кезінде ұрықты өлуден сақтап қалуға мүмкіндік туады. Бұл бағыт пен оның әдісі мүшелер мен ұлпаларды ауыстырып салуға донорларды генетикалық таңдау кезінде қолданылады.

3.      Биохимиялық әдіс. Биохимиялық талдау негізінде қандай генетикалық өзгерістерден зат алмасудың ауытқуы болғанын осы әдіспен анықтайды. Бұл әдіс тек нәтижесінде ферменттер қызметі бұзылатын ауруларға ғана қолданылады. Сусамырға осы әдіспен диагноз қояды.

 

IV. Жаңа сабақты бекіту.  Деңгейлік тапсырмалар.

 

І - деңгей

Әдістер

Негізгі мәні

Практикалық маңызы

 

 

 

ІІ-деңгей.

Есептер шығару (Жыныспен тіркес тұқым қуалау).

 

 

V. Үй тапсырмасы беру.

(Әрбір бала өз жанұясының шежірелік картасын құруға байланысты ақпарат жинақтасын).

.

.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тип материала: Документ Microsoft Word (doc)
Размер: 260 Kb
Количество скачиваний: 16
Просмотров: 178

Похожие материалы