Ахмет Әуезов "Жас Мұхтар"
Предмет: | Начальные классы |
---|---|
Категория материала: | Другие методич. материалы |
Автор: |
Маденова Эльмира Кайратовна
|
Қағанды облысы,
Сәтбаев қаласы,
Абай атындағы №4 мектеп-лицейінің
бастауыш сынып мұғалімі
Маденова Эльмира Кайратовна
Сабақтың тақырыбы: Ахмет Әуезовтің «Жас Мұхтар» әңгімесі
Білімділік: М.Әуезовтің өмірі, шығармашылығы туралы тереңірек таныстыру. Саналы түсініп оқу, мәнерлеп оқу және дұрыс оқу машығын жетілдіру. Шығармадағы негізгі ойды таба білуге үйрету.
Дамытушылығы: Дамыта оқытуға негізделген шығармашылық қиялын, жүйелі ойлау қабілетін, сөздік қорын молайтып, тіл байлығын дамыту.
Тәрбиелігі: Дана жазушының ұлылығын, кеменгерлігін дәріптеу, оқушылардың өз елін, туған жерін, табиғатын сүюге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақта қолданылатын әдіс-тәсілдер: СТО стратегиялары-ой қозғау,мағынаны ажырату,кубизм стратегиясы, топтық жұмыс,
Сабақтың ұйымдастыру формасы: топтық
Пәнаралық байланыс: әдебиет, математика, қазақ тілі.
Сабақта қолданылатын көрнекіліктер: карточкалар, постер, суреттер.
Сабақта қолданылатын құрал-жабдықтар: компьютер, проектор, электронды оқулық маркерлер.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру
Ø Сәлемдесу;
Ø Психологиялық тренинг;
Ø Топқа бөліну. (І топ, ІІ топ, ІІІ топ)
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау
ІІ топ
ІІІ топ
І топ
Жаңа сабақ
І. Қызығушылықты ояту.
Ребус.
,,,т,
(Жас Мұхтар)
- Мұхтар ес білгелі Абайдан үлкен тәрбие алды, үлгі – өнеге алды. Атам ескіше оқып, хат танып, әріпті жаза бастаған соң, Мұхтарға, бәрімізге Абай өлеңін, қара сөзін үйрете бастады - деп жазды Ахмет Әуезов.
Бұл әңгіме Ахмет Әуезовтың «Бала Мұхтар» естелік кітабынан үзінді. Мұхтардың балалық шағы туралы. Бұл әңгімені жазған Мұхтардың інісі Ахмет Әуезов.
- Сіздерге үй тапсырмасына Ахмет Әуезов пен Мұхтар Әуезов туралы қосымша мәлімет дайындап келу тапсырылған болатын.
ІІ. Мағынаны тану.
Ой қозғау.
І топ: Ахмет Әуезовтың өмірі мен шығармашылығы туралы қысқаша түсінік беру.
ІІ топ: М. Әуезовтің өмірі мен шығармашылығы туралы қысқаша түсінік беру.
ІІІ топ: Абайды әлемге танытқан Мұхтар.
ІІІ. Мұхтар Әуезов туралы деректі фильм.
ІҮ. Оқулықпен жұмыс.
Мәтінді іштей оқу.
Кубизм стратегиясы
Суреттеңіз.
1. Бала Мұхтар неге «Қоңыр қозы» атанған?
Зерттеңіз.
1. Мұхтарды кішкене кезінде кім деп атаған?
2. М. Әуезов бала кезінен бастап нені оқып үйренді?
3. Атасының аты кім?
4. Атасы қандай жырлар мен ертегілерді айтып берді?
Салыстырыңыз.
1. Тақырып кім туралы?
2. Мазмұнын кім әңгімелейді?
3. Кейіпкерлер кімдер?
Қолданыңыз
1. Естілген нәрсені ұмытпас үшін әрбір оқушы қандай болу керек?
2. Мазмұнын әңгімелеу.
3. Мұхтар Әуезовтің шығармаларын ата?
V. Дәптермен жұмыс
1 - топ. Мұхтарға үйреткен Абайдың қара сөзін тауып жазу.
2 - топ. Мұхтар тыңдаған жырлардың атын тауып жазу.
3 - топ. Оқу - білім туралы мақал - мәтел жазу.
Сергіту сәті
Бекіту тапсырмалары
Постер қорғау.
1 - топ. Мұхтарға мінездеме
Мінезі жұмсақ
Өте ұқыпты
Ұлы жазушы
Жазуға өте сауатты.
2 - топ. 5 жолды өлең (Мұхтар)
Кім? Мұхтар
Қандай? Ұқыпты, сауатты
Не істеді? Тәрбиеленді, жазды, оқыды
Сезімді білдіре- Мұхтар Абайдан тәрбие алды.
тін сөйлем
Синоним жазушы
3 - топ. Жоспар құру.
А) Абай ауылында
Ә) Атамның тапсырмасы.
Б) Естігенді ұмытпау
В) Абайдың қара сөздері
Г) Ауыз әдебиеті
Д) Мұхтардың шығармалары.
ҮІ. Қорытындылау.
Рефлексия:
Менің бүгінгі сабақтан алғаным
Менің білгім келеді, ізденуім қажет
Маған ұнағаны
Маған ұнамағаны
ҮІІ. Үйге тапсырма:
.Әңгімені оқып, түсінік айту.
Абайдың қарасөздерін жаттау.
VIII. Оқушылардың білімін бағалау.
Тип материала: | Документ Microsoft Word (docx) |
---|---|
Размер: | 265.67 Kb |
Количество скачиваний: | 42 |