Здесь была ссылка на работу Ахтанберді жырау автора Омиркулова Бакыткул Дуйсеновна.
Ссылка на нее удалена по требованию посредника Инфоурок.
Если вы являетесь автором этой работы и хотите подтвердить её публикацию на этом сайте,
.
Сабақтың атауы Абай Құнанбаев «Жиырма тоғызыншы сөз» Сілтеме Жалпы мақсаттар Диалогтік оқытуды қолдана отырып негізгі идеяны түсіну, бейнероликтер арқылы сабақтың сапасын көтеру, салыстыра отырып сөз қадірін байыптау, сабақ барысында мақалдарға деген өз көзқарастарын қалыптастыра отырып, проблеманы шешу қабілеттерін дамыту, жас ерекшеліктеріне қарай сөйлеу дағдыларын зерделеу; тапсырмалар арқылы формативті және жинақтық бағалау. Оқыту нәтижесі Ой толығады; қарасөз қадірін түсінеді; өзіндік ойын ортақ пікірге тоғыстыра біледі; әрекетті сыни бағалауды үйренеді; сөйлеу мәнері қалыптасады; сұхбат арқылы кері байланысты үйренеді. Негізгі идеялар Ата-ана қадірлі жандар Періштені алтында жолдан тайдырмас Тапсырмалар 1-тапсырма: «Адамгершілік» сөзін қалай түсінесіңдер? Өз түсініктеріңді қарасөз,мәтін, мақал-мәтел түрінде жеткізуге болады. 2-тапсырма: Жиырма тоғызыншы қара сөзді аудио құрылғыдан тыңдап, топ болып, ой қорыта отырып өз шешімдерін айту,қорғау. 3-тапсырма: Абай сынға алған мақал-мәтелдерді саралай келе, өз тобыңыздың шешіміне сай пікірлеріңізді білдіріңіз (сахналық көрініс, сұхбат, диалог т.б. Өнерлерің арқылы). 4-тапсырма: Пікірталас: «Ата-анадан тәтті жоқ» Міндеттері 1.Адам бойындағы асыл қасиеттерді бағалау. 2. Абай қарасөздерінің мән-мағынасын ұғыну. 3.Балалардың сөйлеу мәдениетін қалыптастыру. 4. Балалар ынтымақтастығын ұйымдастыру. 5. Көшбасшылық қабілеттерін анықтау. Бағалау Формативті және өзін-өзі бағалау Кейінгі тапсырмалар Қарасөзді толық оқып, жүйелі мазмұндауға дайындалып келу Мұғалімнің жазбалары Тренердің жазбалары Мұғалім оқушыларға өз аттарына сын есім қосып айтып таныстырып кетуін сұрайды. Мұғалім өз атын үлгі ретінде көрсетеді және оқушыларға сол үлгі бойынша өз есімдерін таныстыруды сұрайды . Мысалы: Жігерлі Жеңісбай. Жасыл,сары , ақ, көк,қызыл түстер арқылы 5 топқа бөлініп отырады. /2 минут/ І. Ой қозғау. 5-минут 1-тапсырма: Оқушылар берілген «Адамгершілік» тақырыбына өздерінің түсініктері бойынша ойтолғау жазды. Мұнда адам бойында болатын асыл қасиеттерді өз шығармаларында анықтады. ІІ.Ой дамыту Модульдер: Білім беру мен білім алудағы жаңа тәсілдер 2-тапсырма.Мақсат қойып мәтінді оқу. АКТ-ны қолдану.(интернет желісінен Абайдың жиырма тоғызыншы қара сөзі оқылады). 5 топ осы қарасөз желісі арқылы тақырыпты ашуға жұмыстанды. Қазақ мақал-мәтелдерін орынды пайдалану керектіктеріне көздерін жеткізіп, дәлелдер келтірді. Постерлерге әртүрлі бейнелер салып мақал мазмұнын ашуға үлестерін қосты. 3-тапсырма. Негізгі ойды анықта,түйін. (сахналық көрініс, сұхбат, диалог т.б. Өнерлерің арқылы). Абай сынға алған мақал-мәтелдерді саралай келе, өз тобыңыздың шешіміне сай пікірлеріңізді білдіріңіз. Топтарға мақалдар бөліп берілді. 1-топ. «Жарлы болсаң, арлы болма». 2-топ. «Қалауын тапса қар жанады». 3-топ «Атың шықпаса жер өрте». 4-топ «Алтын көрсе періште жолдан таяды». 5-топ «Ата-анадан мал тәтті, алтын үйден жан тәтті». Берілген тапсырманы балалар мұқият қарап, өз топтарымен ойласа отырып, шешімдерін қабылдады. Балалар бойында өз топтарының намыстары үшін атсалысу, дарынды балаларды анықтауға мүмкіндік туды. ІІІ. Ой толғаныс 4-тапсырма. Пікірталас: «Ата-анадан тәтті жоқ» Модуль: сыни тұрғыдан ойлау-пікірді толықтыру, дәлелдеу. Жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту-сөйлеу дағдыларын қалыптастыру. Бағалау. Формативті және өзін бағалау Үй жұмысы: «Жиырма тоғызыншы сөз» оқып, түсінігін айту. «Періштені алтын да жолдан тайдырмас» ойтолғау жазу 2. 7 сыныпқа Әдебиет пәнінен қысқа мерзімді жоспары 6-апта 2-күн 3-сабақ Сабақтың атауы Әдебиет 7-сынып Шәкәрім Құдайбердіұлы «Жастарға» өлеңі Сілтеме Оқулық; Ахат Шәкәрімұлы «Аштық азабы»1994ж. Абай журналы №9, Досаев Т. «Асылдың сынығы» Семей таңы 2000ж. Слайд ; Интернет желісі; Оқулық;Алматы «Атамұра»» 2012ж. Мұғалімге арналған нұсқаулық; Абай қара сөздері «Өнер» 2006ж; Слайд ; Интернет желісі;yandex.kz. Islam Dini.ru «Абайдың қара сөздері»