Здесь была ссылка на работу «Ғажайып математика» математикалық кеш автора Куржубаева Перизат Амангельдикызы.
Ссылка на нее удалена по требованию посредника Инфоурок.
Если вы являетесь автором этой работы и хотите подтвердить её публикацию на этом сайте,
.
Мақсаты: 1. Оқушыларға математика тарихымен таныстыра отырып ауызша, жазбаша есептеу қабілеттерін ойын арқылы жетілдіру; 2. Пәнге қызығушылықтарын арттыра отырып, еске сақтау, дамыту арқылы өз ойларын еркін жеткізе білу дағдысын арттыру; 3. Ұқыптылыққы, байқампаздыққа, төзімділікке, тапқырлыққа, ұйымшылдыққа еңбектенуге тәрбиелеу. Кезеңдері: І кезең: «Ұлы математиктердің кездесуі» ІІ кезең: «Математика ғажайыптары» ІІІ кезең: «Болашақ қазақ математиктері» Жүргізуші: «Ғасыр біліммен ғана алға жылжиды. Адам біліммен ғана өмір сүреді. Адам үрпағымен мың жасайды» - дейді халық. – Иә, ұрпақ жалғастығымен адамзат баласы мың емес, миллион жылдар жасап келеді. Тарих жазбасында, халықтың рухани қазынасында айтулылардың айтулысы, жүйріктердің жүйрігі ғана мәңгі ұялап қоныс тебеді. Мың жылдан артық уақыт өтсе де, аты ауыздан – ауызға жатталып, еңбектері уақыттың, мезгілдің қатыгез сынынан мүдірмей өткен, сол адамзат ұлдарының, тарих перзенттері Аристотель, Әбу Насыр Әл Фараби, Пифагор, Евклид, Архимед, Эрастосфен, Әл-Хорезми, Фибаначчи, Галилей т.б. Ғылым тарихына көз салғанда адамзаттың асыл перзенттері ашқан ұлы жаңалықтарға тоқталмай өте алмаймыз, өйткені басқалармен салыстырғанда бұлардың ойлары орасан зор. Таланттары ерекше биік тұрады. Бұлардың ғылыми идеялары болашаққа өзінің нұрын шашады. Математиканы білу ең бірінші математика тарихын білу керек деген сөз тегін айтылмаған. Осыдан мыңдаған жылдар бұрын ұлы математиктер бас қосқан екен. Ұлылардың дауы кім мықты, кім ұлы жаңалық ашқан? (сахана көрініске бейнеленеді Ұлы математиктердің слайды фотоларымен ретімен ашылып тұрады.)