«Ғажайып математика»

Предмет: Другое
Категория материала: Конспекты
Автор:

«Ғажайып математика»
Тақырыбы:Түстерді ажырата білеміз?
Мақсаты: Балаларға заттардың түстерін ажырата білуге және түстерді дұрыс атауға үйрету.

«Ғажайып математика»
Тақырыбы:Түстерді ажырата білеміз?
Мақсаты: Балаларға заттардың түстерін ажырата білуге және түстерді дұрыс атауға үйрету.
1. Білімділік: Түстерді ажырата білуге, геометриялық пішіндерді көлеміне, түсіне байланысты әр түрлі заттар құрастыруға, ұзын – қысқа ұғымдарды ойын арқылы бекіту.
2. Дамытушылық: Ойын арқылы ойлау, есте сақтау, бақылау қабілеттерін, талдау, қорытындылау дағды мен іскерліктерін жетілдіру, сөздік қорын байыту, тілін, зейінін дамыту.
3. Тәрбиелік: сүйіспеншілікке, бірін – бірі сыйлауға, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: хат, сайықмазақтын суреті, гүлдер, көбелектер, геометриялық пішіндер.
Әдіс - тәсілі: Қуанышты сәт, әңгімелеу, түсіндіру, көрсету, сергіту сәті
Пән аралық байланыс: дүниетану.
Барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
Мотивациялық қозғаушы
Шаттық шеңбері:
- Сәлем деймін күнге мен,
- Сәлем деймін мен саған.
- Сәлем деймін бақшаға,
- Сәлем деймін ұстазыма,
- Сәлем бердік баршаға!
Балалар шеңберге тұрып мазмұнына қарай қимылдайды.
Өткенді қайталау:заттарды салыстыру-биік-алас,үлкен-кіші,кең-тар.
ІІ.Жаңа сабақ. Іздену - ұйымдастырушылық - Балалар қараңдаршы біздің поштаға хат келіпті, кімнен екен?
- Хатты ашып оқиық па?
«Сәлеметсіңдер ме, балалар! Менің сендер мен ойнағым келеді. Сендердің топтарында жасырынып отырмын. Мені табу үшін тапсырмаларымды орындауларын керек. Мен көңілді, мейірімді, балаларды жақсы көремін»
- Ол кім деп ойлайсыңдар?
- Білмейміз.
- Кім екенің нақты білу үшін мына хаттың ішінде бір неше бөлікке бөлінген сурет бар. Оны құрастырып көрейік. ( Балаларға кесілген суретті таратып одан бір бүтін сурет шығаруын сұрайды)
Балалар суретті құрастыруға кіріседі.
- Сендер таныдыңдар ма, ол кім?
-Сайқымазақ!
-Дұрыс,бізге сайқымазақ келгелі отыр.Өзіммен бірге түрлі суреттер алып келген екен.
- Балалар, қараңдаршы бұл не?
-Гүлдер.
- Мына жерде тапсыр ма жатыр екен.
1. гүлдердің түсін атандар
/қызыл,сары,көк,жасыл/
2. бір – бір көбелектен алыңдар,оларды осы түстермен бояндар
- Жарайсыңдар. Ал енді кім өзінін көбелегі жайлы айтқысы келеді?
- Қандай ақылды балалар!
- шаршаған сияқтымыз. Бойларымызды сергітіп алайық.
Бойды сергек тік ұста,
Емін – еркін тыныста,
Деміңді ішке тез ал да,

- сайқымазақ білімді,көңілді, мейрімді, балаларды жақсы көреді.Келесі тапсырма: 3.гүлдердің түсіне қарай көбелектерді қондырыңдар.
/Балалар түстерді атап,көбелектерді гүлдін түсіне қарап көбелекті қондырады./
-Балалар,қызыл,сары,жасыл – жылы түстер.Ал көк,қара,сия көк,қызғылт сары-суық түстер.
-Келесі тапсырма:геометриялық фигураларды,олардың түстерін атаңдар:
- үшбұрыш, төртбұрыш, дөңгелек/қызғылт сары,сия көк,қара/
Бойларын сергітіп алады:
Оң қолыңды соз алға
Қол ұшына қара да
Үшбұрыш сыз ауа да.
Сол қол босқа тұрмасын
Шеңбер жасап тынбасын.
Рефлексия:
Сайқымазақ: Сендер маған өте ұнадыңдар. Тапсырманы дұрыс орындадыңдар,түстерді де ажырата білесіз.Бірақ маған басқа жаққа қонаққа баруым керек. Ал сендерге мен сыйлыққа өзіммен шар алып келдім.(балаларға шар сыйлайды.)
- Келесі кездескенше сау болыңдар!
- Сау болыңыз сайқымазақ!
Бекіту: - Балалар сендерге бүгінгі сабақ ұнады ма?-Бүгінгі сабағымызда біз не істедік?Қандай түстер кездесті?
- Күн, мен сені сүйемін,
- Күн мен сенен өтінемін,
- Берші маған алтын күн,
бейбітшілік, мейірімділік,
- Берші маған алтын күн,
денсаулық пен жылылық.
- Сау болыңыздар!


Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 12.57 Kb
Количество скачиваний: 13
Просмотров: 104

Похожие материалы