«Ал, қанеки қыздар!» сайысының әдістемелік нұсқауы

Предмет: Физкультура
Категория материала: Рабочие программы
Автор:

Тақырыбы: «Ал, қанеки қыздар!»

Мақсаты: оқушылардың жеке басының денсаулығын қалыптастыру, сақтау және нығайту. Колледж бойынша үздік бөлім командасын айқындау және анықтау. Жасөспірімдер арасында спорттық ойындарды насихаттау.

Өтетін орны: спорт зал

Қажетті құрал жабдықтар: баскетбол доптары, обручтар, ағаш қалашықтары, арқан, бадминтон ракеткалары, теннис ракеткалары, шарлар, теннис шарлары, маркерлер, музыкалық центр.

Сценарий

- Қайырлы күн құрметті ұстаздар, колледж студенттері! Біз сіздерге көптен күткен «Көңілді жарыстар» байқауын тарту екпекпіз. Біздің халқымызда «Қыз» деген сөздің өзі әдеміліктің, әдептіліктің, жан-жақты сұлулықтың белгісі ретінде қолданылады. Халқымыздың ауыз әдебиетінде :

Қыз емес, қыздың аты қызыл алтын

Көрінер толған айдай жүзі жарқын.

Үлкеннің алдын орап сөз сөйлемес

Халқының сақтай білген ізгі салтын, деген өлеңі бар. Бұл қыз баланың айрықша әдепті де, көрікті болатындығын аңғартады.

- Байқауымызды бастамас бұрын, оның бағдарламасымен және ережесімен таныстырып өтейін:

1. «Сәлем сөздің анасы» - таныстыру, әр команда өзінің ұранымен, эмблемасымен таныстырады (5 ұпаймен бағаланады)

2. «Спорт денсаулық кепілі» - эстафеталық жарыстар (5 ұпаймен бағаланады)

Тип материала: Документ Microsoft Word (doc)
Размер: 39.5 Kb
Количество скачиваний: 23
Просмотров: 158

Похожие материалы