Алаштың алып тұлғасы – Мұстафа Шоқай

Предмет: История
Категория материала: Конспекты
Автор:
Сабақтың мақсаты :Білімділік: Оқушыларға Алаштың арысы, әлем таныған үлкен тұлға Мұстафа Шоқай өмірімен, қызметімен, еңбектерімен етене таныстырып ұлттық тұлға жайлы білімін жетілдіру Дамытушылық: Ойлау,сөйлеу есте сақтау қабілеттерін жетілдіру. Тәрбиелік: Отанын елін, туған жерін сүюге, ұлтымыздың ұлы тұлғаларын біліп құрметтеуге,қастерлеуге,өз елінің жетістіктерін дәріптей білуге, өз халқының саяси,экономикалық және әлеуметтік дамуына қалтқысыз қызмет ете білуге баулу. Сабақтың түрі : Сыныптан тыс жұмыс Сабақтың әдісі: «Білімнің алтын тайқазаны» көшпелі кубогының А,Б,В сыныптар арасындағы интеллектуалды топтық сайыс. Сабақтың көрнекілігі:  Интербелсенді тақта, слайдтар, М.Шоқай суреттері. Сабақтың барысы : І. Кіріспе ІІ. Бұл осылай болған еді. М.Шоқай өмірі жайлы болған оқиға ізімен деректі әңгіме. ІІІ. Топтардың өзін - өзі таныстыруы. «А»- Атамекен, «Б»- Бәйтерек, «В»- Болашақ ІҮ.Сұрақ – жауап сәті  (әр топқа 9 сұрақ қойылады.) Ү. Топтың өздері жасаған  көрме бұрыштарын таныстыруы. ҮІ.Тарихи сынақ хат. ҮІІ.Қойылым. (М.Шоқай өмірінен үзінді) ҮІІІ. Үй тапсырмасы.топтар  «Алтын тайқазан » сөзжұмбақтарымен алмасады. ІХ. Мәнерлеп жатқа өлең оқу (туған жерге,М.Шоқайға байланысты) Х. Сурет сөйлейді, хронологиялық кесте жасау,таныстыру. ХІ.Топ жетекшілер сайысы. ХІІ. Қорытынды.     І.Кіріспе Мұғалім: Қазақ тарихының өткеніне  үңілсек  бұрмаланбаған беттері кемде –кем. Кім батыр?Кім сатқын?Кім халық үшін қам жеді?Кім жеке басының қамын ойлады?Кім өз өмірін туған елі үшін қиды? Кім қасақана халқының қанын төкті?        Әрине бұл сауалдарға жауап беру оңай емес.Әділдігі сол тарихта із қалдырған белгілі қайраткерлер қызметін,іс-әрекетін,өмір сүрген уақытына,заманына тарихи кезеңге сай бағалау қажет.        Уақытты өзгертуге қақымыз жоқ,таңдауға да болмайды. Қилы кезеңде әркімнің өз жолын таңдауға құқы бар.Тарихта түрлі топтар мен партияның билік үшін күрескені рас.
Тип материала: Документ Microsoft Word (doc)
Размер: 229.5 Kb
Количество скачиваний: 13
Просмотров: 123

Похожие материалы