"Алғашқы адамдардың пайда болуы"
Предмет: | История |
---|---|
Категория материала: | Рабочие программы |
Автор: |
Кульбаев Аскербай Ермекович
|
Сабақтың тақырыбы: Алғашқы адамдардың пайда болуы
Сабақтың мақсаты:
?Адам баласының пайда болуы туралы, оларда қандай еңбек құралдары болғанын біледі, олар қалай аталған және тас дәуірінің үшке бөлінгендігі туралы түсінік алады.
?Оқушылардың білімдерін дамыту
?Отансүйгіштік рухта тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас
Әдісі:Баяндау
Көрнекілік: суреттер, карта
Сабақтың жоспары I. Ұйымдастыру кезеңі
II Үй тапсырмасын тексеру
III Жаңа сабақ
IV Жаңа сабақты бекіту
V Қорытындылау,бағалау
VI Үйге тапсырма.
Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі
· Оқу құралын тексеріп түгелдеу
· Әнұран орындау, «Хабар»
· Оқушылар зейінін сабаққа аудару
ІІ.Үй тапсырмасын сұрау:
1. 6-сыныптың Ежелгі Қазақстан тарихы пәні нені оқытады?
2. Ерекшелігі?
Жаңа сабақтың жоспары:
1. Адам баласының шығуы.
2. Алғашқы адамдардың кәсібі
3. Алғашқы адамдардың Қазақстандағы іздері
G Ғалымдар алғашқы адамды «епті адам» деп атайды. «Епті адам» Африкада Кения жеріндегі Олдувай шатқалында табылған. Ол осыдан 1 млн 750 мың жыл бұрын өмір сүрген.
G Еңбек құралдарын, тас өңдеу техникасын , бұйымдардың жетілдірілуін зерттеген археологтар тас дәуірін үш кезеңге бөледі. Палеолит-ежелгі тас ғасыры, мезолит-орта тас ғасыры және неолит-жаңа тас ғасыры. Бұл үш кезеңнің әрқайсысының өзінен бұрынғыдан неғұрлым жетілдіріле жасалған еңбек құралдарымен ерекшеленеді.
Сабақты бекіту:
1. Алғашқы адамдар еңбек құралдарын неден жасады?
2. «Саналы адам» қашан қалыптасты?
3. Қазақстан аумағында өмір сүрген алғашқы адамдар кімдердің замандастары еді?
Бағалау:
Үйге тапсырма: §1. Алғашқы адамның жаратылысы туралы өз ойларын қағаз бетіне түсіру.
Тип материала: | Документ Microsoft Word (doc) |
---|---|
Размер: | 30 Kb |
Количество скачиваний: | 18 |