Алгоритм ұғымы. Қасиеттері.

Предмет: Информатика
Категория материала: Конспекты
Автор:

Сабақтың мақсаты: алгоритмді анықтау, қасиеттерін ажырата білу

Оқу нәтижелері:

-алгоритмнің анықтамасын біледі;

-қасиеттерін анықтайды;

-өмірдегі іс-әрекеттерге алгоритм құра алады.

Сабақ барысы:

1. Топқа бөлу: «Атомдар мен молекулалар» ойыны арқылы. (Жай музыка қойылады. «Атомдар» дегенде оқушылар бейтарап күйде араласып жүреді, «молекулалар» деп айтып бір санды атаса (мысалы, екі, үш, төрт), оқушылар сол аталған сан құрамына сәйкес топтарға бірігуі керек).

2. Миға шабуыл: АЛГОРИТМ дегеніміз не? (тақтада слайд көрсетіледі)

3. Топтарға «Алгоритм ұғымы. Қасиеттері тақырыбындағы (Қосымша1) үлестірме материал таратылады. Алгоритм – математикадағы ең бір іргелі ұғымдардың бірі. Информатика ғылымында «алгоритм» түсінігі ақпарат түсінігі сияқты негізгі ұғымдардың бірі болып табылады.

«Алгоритм» сөзі ІХ ғасырда өмір сүрген, адамдардың квадрат теңдеулерді жүйелей құрып оны шеше білуге үйреткен ұлы араб математигі Әбу Жафар Мухаммед ибн Мұса әл-Хорезми (763—850 жж.) есімінің латындық algorithmi сөзінен шыққан. Ол көп орынды сандар мен арифметикалық амалдардың орындалу ережесін ұсынған. Бұл ережелер қосынды мен көбейтіндіні табуға арналған амалдарды орындауға қажетті тізбектен құрылған. Сол ереже осы күнге дейін қолданылып келеді.

Алгоритм дегеніміз - берілген есептің шығару жолын реттелген амалдар тізбегі түріне келтіру.

Әрқайсысы жеке оқып (5 мин), топта талқылайды (5 мин), топтың атынан бір адам түсінгенін айтады. (Басқа тыңдап отырған екі топ оларға қол шапалақтайды.

4. Топтарға тапсырма: «Оқушының күн тәртібі» суреті (слайдта көрсетіледі) бойынша алгоритм құр. (Қосымша2 кестесі таратылып, топ толтырады)

5. Топтарға тапсырма: (тапсырмаларды А4 бетке топтағы әр оқушыға шығарып беру керек. Топтарға ватман, маркерлер таратылады.)

1-топқа:

«Қола» сөзі берілген.

Амалдар тізбегі Орындау нәтижесі

1. «Л»-ны «Р» ға ауыстыр

2. «О»-ны «Ұ»-ға ауыстыр

3. «А»-ны «Т»-ға ауыстыр

4. «Қ»-ны «Ж»-ға ауыстыр

(Нәтижесінде ЖҰРТ шығу керек)

2-топқа:

(25-4*5)/5+10 мәнін тап:

Амалдар тізбегі Орындау нәтижесі

1.

2.

3.

4.

Нәтижесінде 11 шығады.

3-топқа:

Ойлаған санды тап:

Амалдар тізбегі Орындау нәтижесі

1. Бір таңбалы сан ойла

2. Оны беске көбейт

3. Оған екіні қос

4. Одан бірді азайт

5. Одан бірді азайт

6. Оны беске бөл

Нәтижесінде қандай сан ойлайды, сол сан шығады

6. Әр топ жұмысын қорғайды, қалған екі топ бас бармақтарын көрсету арқылы бағалайды.

7. Сергіту сәтін өткізу. Самолет жасатып, ұшыру. Егер ретімен орындамаса, самолет шықпайтынын, дұрыс ұшпайтынын айтуға болады.

8. Презентацияда «Судың қасиеттері» картасы көрсетіледі.

Алгоритм ұғымның мәнін аша түсетін оның мынадай қасиеттері бар:

1. Алгоритмнің дискреттілігі (үзілісті) – алгоритм нақты әрекеттерден тұрады, келесі қадамы белгілі тәртіппен жүзеге асады.

2.Алгоритмнің анықтылығы – алгоритмнің әрбір қадамы анық, бірыңғай болуы керек.

3.Алгоритмнің жалпылығы –Бір алгоритмнің өзін бірнеше есептің шешімін табу үшін пайдалану мүмкіндігі, яғни бастапқы деректер мәндерінің жиынына пайдаланылу мүмкіндігі бар.

4.Алгоритмнің нәтижелілігі -Әрбір алгоритм белгілі бір бастапқы деректердің болуын талап етеді және іздеген нәтижені алуға жеткізеді. Мысалы, екі санды қосу алгоритмнде қосылғыштар бастапқы деректерге, ал қосынды нәтижеге жатады.

5. Түсініктілігі – алгоритмді қалай орындайтыны түсінікті болуы керек.

9. Топтарға тапсырма: «Алгоритм қасиеттері» картасын құру, түсіндіру.

10. Қорытынды. Бүгін, балалар біз не істедік?

Оқушылар айтуы керек, мысалы:

-алгоритмнің анықтамасын білдік;

-қасиеттерін анықтадық;

-өмірдегі іс-әрекеттерге алгоритм құрдық

11. Үйге тапсырма: Алгоритм туралы қосымша мәліметтер әкелу.

12. Оқушыларды бағалау. Оқушыларды бағалау парағы арқылы бағалаймыз.

Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 16.87 Kb
Количество скачиваний: 12
Просмотров: 106

Похожие материалы