Алгоритмді жазу пішімі, блок-схемалар
Предмет: | Информатика |
---|---|
Категория материала: | Другие методич. материалы |
Автор: |
Койланова Андыз Нуркебаевна
|
Сабақтың тақырыбы: Алгоритмді жазу пішімі, блок-схемалар
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: оқушыларға алгоритмді жазу тәсілдерін және блок-схеманың
графикалық нысандары туралы түсініктерін қалыптастыру.
Дамытушылық: логикалық және арифметикалық ойлауын дамыту
Тәрбиелік: оқушылардың танымдық қызығушылығын, коммуникативтік
дағдысын қалыптастыруға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: демонстрациялық көрсетілім көмегімен баяндау.
Сабақтың типі: жаңа сабақты меңгерту.
Сабақтың көрнекілігі:Интерактивті тақта, дербес компьютер, оқулық. «Бота» программасы
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау
ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру
ІV. Сабақты бекіту
V. Үйге тапсырма беру.
VІ. Бағалау
І. Ұйымдастыру кезеңі: оқушылармен сәлемдесу; түгелдеу;
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау. «Алгоритм ұғымы. Алгоритмнің атқарушылар» түсінік сұрау.
Сабақтың өзектілігі (білу)
1.Алгоритм дегеніміз не?
2. Алгоритм сөзі қайдан шыққан?
3. Алгоритм қасиеттері қанша?
4. Алгоритм қасиеттеріне түсініктеме бер?
5. Алгоритмге мысал келтір?
ІІІ. Жаңа білімді меңгерту.(түсіну)
Алгоритм жазу жолдары
Алгоритмді компьютерде орындау үшін оларды алдын - ала жазып алу керек. Жалпы жағдайда, алгоритм жазудың келесі түрлері қабылданған:
Сөздік – алгоритмнің табиғи тілде жазылуы
Кестелік – алг.кесте түрінде жазылуы
Графикалық – графикалық бөліктерден құралған блок-схема түрінде жазылады
Программалық – компьютер тілінде жазылуы
Алгоритмді блок-схема түрінде жазу және оны программалау тіліне аудару кеңінен қолданылады. Кеңінен қолданылатын тәсіл – алгоритмді блок-схема түрінде жазу. Алгоритм схемасын блок-схема деп атайды.
Алгоритмнің графикалық жазылу түрі – бірізділікпен арнайы алгоритмнің блок-схема түрінде жазылуы.
Блок-схема –бұл алгоритмнің графикалық түрде жазылуы
ІV. Білімі мен дағдыны қалыптастыру (қолдану).
Практикалық тапсырма: Атқарушы «Бота». №2, №3 кестені талдау.
«Оқушының күн тәртібі» алгоритмін блок-схемасын құр.
V. Жаңа білімді қорытындылау және іс-әрекетте тәсілдерін қолдану кезеңі (талдау)
1-топқа: «Көшені қиып өту»
2-топқа: «Жолдан өту»
3-топқа: «Еден жуу»
Сергіту сәті
VI Сабақты қорытындылау. (синтез) Сабақта алған ақпараттар элементтерін бекіту арқылы сабақты қорытындылау.
1.Алгоритмді жазудың неше тәсілі бар?
2.Алгоритмнің қанша түрі бар?
3.Түрлерін ата?
4.Блок-схема дегеніміз не?
VІІ. Үйге тапсырма беру. Алгоритмді жазу түрлері. Блок-схема.
Шығармашылық тапсырма: «Өткел» тапсырмасының алгоритмін сөз түрінде жаз.
Қайықшы өзеннің бір жағасынан екінші жағасына қасқырды, ешкіні және қырыққабатты жеткізуі керек. Бірақ қайыққа біреуін ғана отырғыза алады. Жағада қасқыр мен ешкіні немесе ешкі мен қырыққабатты бірге қалдыруға болмайды, өйткені бірін-бірі жеп қояды. Не істеу керек?
Жауабы: Атқарушы – қайық
Қайықтың командалар жүйесі
-қасқырды өткізу
-ешкіні өткізу
-қырыққабатты өткізу
-қайта оралу
VІІІ. Оқушыларды бағалау
Тип материала: | Документ Microsoft Word (docx) |
---|---|
Размер: | 18.2 Kb |
Количество скачиваний: | 11 |