Маңғыстау облысы Қарақия ауданы Жетібай селосы №3 орта мектебінің информатика пәні мұғалімі Көптілеуова Райсаның
қысқа мерзімді жоспары.
Күні: 30.10.14
Пәні: информатика
Сынып: 6 «Г»
Сабақтың тақырыбы:
Алгоритмді жазу пішімі, блок-схемалар.
Сілтемелер:
Интерактивті тақта, ДК, слайд
Сабақтың жалпы мақсаты:
Оқушылардың алгоритмді жазу тәсілдері туралы түсінін қалыптастыру. Білім беру мен білім алудағы жаңа тәсілдерді пайдаланып, сыни тұрғыдан ойлау арқылы жан-жақтылық тұрғысында ой-өрісін дамыту.
Оқыту нәтижесі:
Блок-схеманың көмегімен алгоритмді жаза алады. Алгоримтді көрнекі түрде жазудың қандай түрі тиімді екенін, өз пікірлерін айтады.
Негізгі идеялар:
Сыни тұрғысынан ойлау арқылы берілген тапсырманы жұппен, топпен орындап, талқылайды, өз ойларын айтады. Топ мүшелерін сыйлай, құрметтей алады.
Сабақта қолданылатын материалдар:
Оқулық, ДК, презентациялар.
Іс-әрекет
Жаңа әдістер: СТО, АКТ
1.Топтық жұмыс.
2.Жеке жұмыс.
3.Жұппен жұмыс
Тапсырмалар:
1.Топтық жұмыс
Топтас-бөліс
Сәйкестендіру кестесі.
2.Жұптық жұмыс
Ойлан-жұптас-бөліс (тәжірбиелік жұмыс)
Бір-біріне сұрақтар қояды.
3.Жеке жұмыс
Сұрақ-жауап Компьютермен жұмыс.
Тест.
Блум таксономиясы бойынша сабақ жүргізіледі:
1.Санау арқылы топқа бөлінеді.
2.Шаттық шеңберін құрады.
3.Үй тапсырмасы.
Білу: «Кім білімпаз» ойыны. (сұрақ-жауап әдісі).
-Алгоритм не үшін қажет?
-Алгоритм дегеніміз не?
-Кім алгоритмді дамыта алды?
-Кім алгоритмді орындай алады?
-Алгоритмді жазудың қандай түрлерін білесіңдер?
-Алгоритмді жазу түрлерінің айырмашылығы неде?
-Блок-схемаларды қандай пішіндер қолданылады?
- Басы мен соңы қандай нысанға жазылады?
-Мәліметтерді енгізу мен шығару ше?
- Әрекетті орындау үдерісі қандай нысан қолданылады?
Түсіну: Қосымша материалдармен танысу.
Сәйкестендіру кестесі.
І-топқа:
Алгоритмнің кесте түрінде жазылу тәсілі
Сөздік
Алгоритмнің блок-схема түрінде бейнелеу тәсілі
Кестелік
Алгоритмнің компьютер тіліне түсінікті түрде жазылу тәсілі
Графикалық
Алгоритмнің табиғи тілде жазылып, берілу тәсілі
Программалық
ІІ-топқа:
Басы мен соңы
Есептеуіш
Мәліметтерді енгізу мен шығару
Әрекетті орындау шарттары
Өту сызықтары
Әрекетті орындау үдерісі
Қолдану: Ойлан-жұптас-бөліс. Тәжірбиелік жұмыс.
«Оқушының күн тәртібі» алгоритмін блок-схемасын құр.
Талдау: Топтас-бөліс.
-Графикалық редактор арқылы блок-схеманы қалай құрастыруға болатынды туралы оқушыларға ұсыныс жасау.
Жинақтау: Тест тапсырмасы.
Кейінгі тапсырмалар
§3.2 оқып келу.
Бағалау
Рефлексия
Топ басшысы өз тобының мүшелерін бағалайды – формативтік бағалау, мұғалім қорытындылып бағалайды -жиынтық бағалау.
Кері байланыс жасау үшін стикерлерді пайдаланамын.
· Бүгінгі сабақтан қандай жаңа мағлұмат алдың?
· Саған қай тапсырманы шешу қиын болды?
· Нені біліп, үйренуіміз керек?