Алгоритмдік тіл, жалпы ережелері. Алогритм командалары, құрылымы.

Предмет: Информатика
Категория материала: Другие методич. материалы
Автор:

1. Алгоритмдік және программалық тілдер туралы ұғым қалыптастыру. Программалау мен компьютерде орындауға қатысты ұғымдар және терминдермен таныстыру;

2. Алгоритмнің жалпы түрін білу және есептің шарты бойынша алгоритмнің блок-схемасын құра білу, алг командалары мен түрлері туралы біліу, меншіктеу командасы ұғымын қалыптастыру;

 

Алгоритм - баспалык плакаты. Таратпа материалдар, БС-карточкалар.

 

Лекция, компьютерде машықтану сабағы.

 

Ұйымдастыру.

  1. Оқушыларды түгелдеу, журнал толтыру, оқушылардың дәптерлерін, оқулықтарын қарап шығу.
  2. Сынып, тақта, парта  тазалығын қарап шығу, қажет болса ескертулер жасау.
  3. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

 

3-сабақ лекция.

1. Алгоритмдік тіл.

-       деп алгоритмді бірыңғай белгілермен ережелерді сақтай отырып жазу жүйесін айтады. Алгоритмді жазуда қолданылатын сөздер қызметші сөздер деп, ал математикалық таңбалар, цифрлар, әріптер жиыны алгоритм алфавиті деп аталады.

Алгоритмдегі идентификатор – айнымалының атауы. Идентификатор лат. әріптерімен, сандармен белгіленеді.

Программалық тіл – алгоритмді компьютерге түсінікті мәтін түрінде жазуға араналған жасанды тіл.

Мыс: Паскаль, Бейсик, СИ, Дельфи, Пролог...

Кодтар тілі – компьютердің машиналық тілі /мыс: 1000100010010 1011111100001 111100111/

Транслятор – программаны /алгоримтді/  машина тіліне түрлендіретін программа.

Мыс: программада -   end

Транслятордан соң –  11100010 10001110 11000010

Транслятордың 3 түрі бар.

1.  Интерпретатор  -  проргамманың әр жолын жеке аударып орындайды.

2.  Компилятор – барлық программаны бірден аударып компьютер зердесіне модуль түрінде сақтайды. Ол модуль біздің қалауымыз бойынша (Ғ5 клавиші) орындалады.

 3. Ассемблер – тек код түрінде яғни, ассемблер түрінде жазылған прог. ғана машина тіліне аударады.

2. Алгоритмдік тілдің жалпы ережелері.

Алгоритмдік тілдің жалпы ережелері.

алг  алгоритм атауы

 арг  типтері көрсетілген айнымалылар

 нәт  типтері көрсетілген айнымалылар

басы

   алгоритм командалары

...

соңы

Алгоритм тақырбы

Берлігендер жазылады

 

Есептің нәтижелерінің аттары жазылады

Алгоритмнің өз кезегімен орындалатын, белгілі бір нәтиже беретін командалар тізбегін серия дейді. Бір команда бір жолға симаса келесі жолға жазыла береді, бір жолға бірнеше команда жазғанда арасын ; -таңбасымен бөліп көрсету керек.

3. Меншіктеу командасы.

Жазылу түрі:   айнымалы := өрнек

Мысалы:  y:=5      « у  айнымалысына 5 мәні меншіктелсін» деп оқылады.

Бастапқы мәндері  X:=7;   Y:=0   болсын. Мына командалар сериясының нәтижесінде қандай әрекет іске асады?

R:=X;    X:=Y;    Y:=R;

ЖАУАП:  X=0 және Y=7 болады. Яғни, х пен у айнмалылары мәндерін алмастырды.

 

№1 (методика 9 бет)

алг есеп01;

   арг а1,в1,а, в: нақты;

   нәт у: нақты;

басы

   а1:=а-в;  в1:=а+в;

   у:=а1*в1;

соңы

 

 

Оқулықтан 21 бет №1, 2, 3 тапсырмалардың алгоритмін БС түрінде жазу

15-ши ойынының жеңу стратегиясын табу және оны алгоритмдік тілде жазу.

 

Оқу: лекция бойынша, оқулықтан 16 беттен. 1,6-1,7 21 бет. Алгебра есептеріне БС жазып келу..

 

 

 

4-сабақ   Алгоритм құрылымы.

 

1. Үй жұмысының орындалуын тексеру, есепке алу

    Үй жұмысы орындалған, бірақ дұрыс емес - 1 ұпай,

                                                жартылай дұрыс - 2

                                                толық дұрыс       -  3

                                                 жоқ                     -  0

2. Қысқаша сұрақ-жауап. (1-2 ұп)

·         Алгоритмдік тіл дегеніміз не?

·         Программалық тіл, интерпретатор дегендер нені білдіреді?.

·         Транслятор, интерпретатор, ассемблер деген терминдерді қалай түсінесің?

·         Кез-келген алгоритмнің жалпы түрі қандай?

·         Меншіктеу командасына мысалдар келтір.

·         Алгоритм жазудың қандай жолдары бар?

Журналдағы тізім бойынша әр оқушы бір сұраққа жауап береді. Сұрақтар бітіп қалғанда басынан бастап қайтадан қойыла береді. Әр қайталанған сайын сұрақтар күрделене береді. Бір дұрыс жауапқа бір ұпай.

 

Тип материала: Документ Microsoft Word (doc)
Размер: 104 Kb
Количество скачиваний: 12
Просмотров: 129

Похожие материалы