Алтыннан да ардақты (әдебиеттік оқу пәні)

Предмет: Начальные классы
Категория материала: Конспекты
Автор:

Сабақтың тақырыбы: Алтыннан да ардақты.

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға мәтіннің мазмұнын талдай отырып,

бидай туралы жалпы мағұлмат беру, негізгі ойды, идеяны

ұғындыру.

а)Білімділік: Оқушыларға мәтінді бөлімдерге бөліп әңгімелету,

көркем шығармаларды оқуға қызығушылығын ояту.

ә)Дамытушылық: Мәтін жайлы түсінігін кеңейту

мақсатында топқа бөліп пікір алмастыру және ойлау

қабілетін, тіл байлығын, сөйлеу шеберлігін дамыту.

б)Тәрбиелілік: Еңбекқорлыққа еркін ойын айтуға,ізденгіштікке,

ұйымшылдыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың типі: жаңа материалды меңгерту

Сабақтың әдісі: СТО, түсіндіру, әңгімелеу, ассоциация, ИНСЕРТ, эссе

Көрнекілігі: суреттер, ақынның портреті,интерактивті тақта

Пәнаралық байланысы: қазақ тілі, бейнелеу өнері, т.б.

Сабақтың барысы:

І. Қызығушылығын ояту.

- Психологиялық дайындық.

- Оқушыларды топқа бөліп отырғызу. (4-топқа бөлінеді)

1-топ: «Білгірлер»

2-топ: «Тапқырлар»

3-топ: «Ізденімпаздар»

4-топ: «Алғырлар»

- үй тапсырмасын сұрау.

- Әр топтан бір - бір оқушыдан сабақ сұралады. Оқушылар сабақ айтқан балаға сұрақтар қояды.

- Әлкейдің сүйікті ісі не еді?

- Әңгімедегі жер-су аттарына қарап, Әлкейдің туған жерін айт.

- «Кітап» туралы мақалдар білесің бе?

- «Дастандар» сөзінің мағынасы қандай?

Әлкей Хақанұлы Марғұлан кім?

Туған ауылында мұғалим болып жасады

11 мамыр 1904ж

өнертанушы

Павлодар облысы, Баянауыл ауданы

Білімді, ауыл мектебінен алды

Ұлттық археология мектебінің негізін қалаушы

әдебиеттанушы

шығыстанушы


ІІ. Мағынаны ашу.

- «Алтыннан да ардақты» деген сөзді балалардан қалай түсінетінін сұрау, білетіндерін ортаға салу.

1-топ: Бидайдың шығу тарихы

2-топ: Бидайдан не жасалады?

3-топ: Көрініс: «Бидай мен тышқан» ертегісі.

4-топ: Сөзжұмбақ, мақалдар, жұмбақтар.

- Мәтінді әр топқа бөліп, оқушыларға парақшалар таратылады. Оқушы оқып отырған мәтіндермен таныса отырып, оған түрлі белгілер қояды. Ең соңында мәтін бойынша талқыланады.

Сұрақтар қою:

- Атасының немересіне өсиет әңгімелер айтып беруіне не себеп болды?

- Атасының екінші әңгімесіндегі байды сипатта.

- Осы әңгімедегі қорытынды ой қай сөйлемдерде берілген?

- «Үлде мен бүлдеге орану » дегенді қалай түсінесің?

- «Жұт» деген не?

Білемін ˅

Білгім келеді -

Үйрендім +

- Бидайды бір сөзбен қалай атауға болады?

- Бидайды «дәнді дақылдар» арасынан ажырата білесің бе?

Б и д а й

Дәнді дақыл

Жабайы түрлері де сирек кездеседі

Жапырағы таспа тәріздес

Сабағы қуыс, жұмыр

Биіктігі

40-130см

Қазақстанда 6 түрі өседі

Гүл шоғыры күрделі масақ


ІІІ.Сабақтың ой - толғаныс бөлімі:

- «Нансыз бір күн» деген тақырыпта эссе жазу.

- Бағалау

- Үйге тапсырма беру.

- (20-22 беттегі мәтіннен мазмұнын айту, әңгімедегі ұлағатты сөздерді тауып жазып келу)

Тип материала: Документ Microsoft Word (doc)
Размер: 48.5 Kb
Количество скачиваний: 24
Просмотров: 137

Похожие материалы