*Ана біздің күніміз* АКИМЖАНОВА БАКЫТГУЛ

Предмет: Начальные классы
Категория материала: Конспекты
Автор:

Балалар еркін залға кіріп орындықтың қасына тұрады .

Жүргізуші : Жан – жануар ұйқысынан оянып. Сай - салада түрлі түске боянып .Ауламызға келді көктем тағыда .

Біз де оны күткен едік сағына .

Балалар , көктемнің ең бірінші мерекесі кімнің мерекесі ?

Балалар Аналардың , әжелердің мерекесі .

Жүргізуші: Құрметті аналар , әжелер .

8-Наурыз ,халықаралық әйелдер күні құтты болсын .

Балалар Зор денсаулық .

Ұзақ өмір.

Ашық аспан .

Мол бақыт .

Жүргізуші : Тек қана жақсылық тілейміз сіздерге құрметті аналар .

Шашымды өріп тараған,

Қабағыма қараған.

Үлкен ,кіші демейді

Сыйлайды оны бар адам .

Кішкен тайдан өсірген

Құшағына аялап

Қатем болса кешірген ,

Анам маған сая бақ

Әкемізге еркелеп

Анамызды тыңдаймыз

Әжем айтар ертек көп

Атамызды сыйлаймыз.

Ән

Сыйлайыншы гүлімді

Теріп алған даладан

Мейраміңіз бүгінгі

Құтты болсын анажан .

Балалар аналарына сыйлық тарын береді .

Жүргізуші :Арықтардан су ақты

Бүрлеп өсіп көк шыбық

Жұтып жатыр шуақты

Сай –салада сарқырап аққан қардын суы сіздерді көктем мейрамымен құттықтай отырып «Ұзақ өмір сүріңіз» ,-деп тілеймін.

Би

Жүргізуші : Ал казір біз аналармен ойын ойнайық

Ойын «Дауысынан тап»

Ана біздің күніміз

Ананың біз гүліміз

Ұлынды ана қуантып

Ұзақ өмір сүрініз

Әлпештеген аялаған ,

Ақ сүт берген анашым

Алақаның сая маған

Жақсылығың бала үші

Ана әр кез мейрімді ,

Кешірімді үнемді

Қызығына баланың

Шаттанады, күледі

Ән «Самса»

Би

Залға Әже келеді

Әже Сәлеметсіндерме балалар қандай әдемі кіиінгенсіңдер

Мұнда қандай мейрам болып жатыр .

Жүргізуші: Төрлетіңіз бүгін бізде үлкен мейрам .

Балалар бүгінгі тойлап жатқан мерекеміз тек қана аналардын емес әжелердіңде мерамдары. Сондықтан әжелерді де құттықтап жіберейік .

Әжем менің шежіре

Көп ертегі біледі

Сыртта жүрген кезімде

Бізді ойлап жүреді

Құрт пен майын жинаған ,

Балаларға сыйлаған

Бұл әжемнің өмірі

Таусылмайды жыр маған

Жүргізуші : енді әжемізге арнап өлен айтып берейік қабыл алыныздар

Ән «Әжеме»

Әже Рахмет балалар көңілім бір көтеріліп қалды ,ал енді мына менің себетімде жіптерім бар шатасқан соны жинап беріндерші .

Ойын «Жіптерді жина »

Жүргізуші : Біздің кішкентай көнілді матрешкаларды қарсы алайық

Би «Матрешка»

Музыка әуенімен залға Күлдірген келеді

Күлдірген сәлеметсіндерме балалар мен сендердің аналарың мен әжелеріңді құттық тайын деп келдім .

Мерекелеріңіз құтты болсын .Денсаулықтарыңыз мықты ,көңілдеріңіз көтерінкі өмірлеріңіз ұзақ болсын .Бақытты болыңыздар аналар, апалар, арулар .

Жүргізуші: Ия Күлдірген тілегін қандай тамаша .

Енді бізбен бірг бір ойын ойна

Күлдірген алақай мен ойынды жақсы көрем , керемет .

Ойын «Көпіршік »

Күлдірген қалпағымен көпіршіктерді ұстап жүріп

Қалпақтын ішіңен сыйлық тауып алады .

Қандай керемет көпіршіктер сыйлыққа айналып кетті.

Балаларға сыйлықты таратып Күлдірген қоштасып шығып кетеді .

Жүргізуші: Осымен құрметті қонақтар біздің мерекелік ертеңгілігіміз аяқ талды. Келгендеріңізге көп –көп рахмет, мерекелеріңіз құтты болсын ...

Би « Аналармен»

Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 18.29 Kb
Количество скачиваний: 7
Просмотров: 149

Похожие материалы