Ана тілі 3-сынып "Құстар айтысы"
Предмет: | Начальные классы |
---|---|
Категория материала: | Рабочие программы |
Автор: |
Тоқтарбекова Аяулым Тоқтарбекқызы
|
Ана тілі
3-сынып
Күні: 11.02.2013
Тақырыбы: «Құстар айтысы» (үнді ертегісі)
Мақсаты: 1)Оқушыларды мәтінмен таныстыру,құстар, олардың түрлері, айтыс өнерімен таныстыру. Жергілікті айтыскер ақындармен таныстыру.
2) Ойын, дүниетанымын, сөздік қорын, ұйқастыра білу қабілеттерін, оқу дағдысын дамыту.
3) Адамгершілікке, шығармашылыққа, сыйластыққа, бірлікке, ұқыптылыққа, потриоттыққа тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: слайд, дыбыстық ертегі, домбыра.
Сабақ түрі: аралас
Сабақ формасы:
Барысы:
Кезеңдер:
Уақыты:
Мазмұны:
1. Ұйымдастыру:
2. Үй жұмысын тексеру
А.Байтұрсыновтың өлеңімен бастау (140жылдығына арналған)
Оқуға шақыру
Балалар, оқуға бар, жатпа қарап,
Жуынып, киініңдер, шапшаңырақ!
Шақырды тауық мана әлдеқашан,
Қарап тұр терезеден күн жылтырап.
Ендеше барлығымыз малдас құра мына сырмаққа жайғасып,өз ойымызды еркін жеткізіп, «Әке тәлімі» мәтінінің мазмұнымен қонақтарды таныстырып өтелік. Оны мынадай ретпен айтамыз. Бір адам мына домбыраны алып бастайды, келесі адамға береді, сол адам мәтінді ары қарай жалғастырып айтуы тиіс.
Сұрақ-жауап:
- Басты кейіпкерлері кімдер?
- Өзіңе не түйдің?
М: Әке сқар тау, әрқашан биік, қас-қабағының қарағанымен-ақ ненің дұрыс, ненің бұрыс екенін түсінеміз.
Әке көрген оқ жонар,
Ана көрген тон пішер
Әке тәлімі мәңгі жүректе сақталады.
Нағыз қазақ қазақ емес,
Нағыз қазақ домбыра –
демекші бүгінгі сабағымызды қазақтың қара домбырасымен бастайық
Айтыс:
(Слайд құстар)
Ал ендеше шәкіртім
Жаңа сабаққа көшелік
Тақырыбын суреттен
Анықтап біз шешелік
Бұлар нелер суретте?
Олардың қандай түрі бар
Дұрыс айтқан жауабың
Бағаланар еркем –ай
(Құстар)
Дұрыс айттың байсалды
Бекзатым менің ақылды
Келесі сұрақ мынадай
Мұқият тыңда балақай
Мен айтып тұрған бұл сөздер
Қай өнердің түрі –ай
Оның қандай түрлерін
Атай аласың еркем –ай
Айтыс:
1. Бәдік айтысы
2. Жар-жар айтысы
3. Жануарлар айтысы
4. Өлі мен тірінің айтысы
5. Жұмбақ айтысы
6. Салт айтысы:
А) Қыз бен жігіт айтысы
Ә) Ақындар айтысы
7. Осы күнгі айтыстар
(Схема айтыс түрлер)
Бұл айтыстың түрлері
Айтыскерлер бар қандай ?
Еліміздің жағдайын
Шертіп жүрген баршаға –ай.
(Тақырыбын шығару)
Соныменен балалар
Тақырыбын айтыңдар
Бүгінгі сабағымыздың
Есігін айқара ашыңдар
(Үнді музыкасы ойнайды)
Құлақ салып әуенге
Тыңдайық біз ойлана
Қай халықтың әуенін
Отырсың тыңдап ырғала?
Құстар да бүгін айтысар
Үндінің ертегісінде
Сенде қандай ойың бар?
Құстар қалай айтысар –ай ?
Ерте-ерте ертеде
Ешкі жүні бөртеде
Бұл сөздер ненің бастауы
Айтыңдаршы балалар
Ертегінің түрлерін
Атап берер кім маған?
Ертегілер:
1. Шыншыл ертегілер
2. Қиял-ғажайып ертегілер
3. Хайуанаттар туралы ертегілер
Ал ендеше балалар
Ертегіге құлақ салыңдар
Жақсы, ғибрат сөздерді
Қорларыңа салыңдар
(Дыбыстық ертегіні қосу)
1.Оқушыларға тізбектей оқыту.
2. Сөздік (дәптерге жазу):
Ынтымақ
Ала ауыздық
Бұл сөздерді қалай түсінесіңдер?
Ертегідегі жағдаяттармен түсіндіріп бер.
Қай жағдайды құптайсың?
Бұндай жағдайда өзің не істер едің?
Ғақлия:
Тип материала: | Документ Microsoft Word (doc) |
---|---|
Размер: | 55.5 Kb |
Количество скачиваний: | 22 |