Ана тілі "Ақ көлдің жағасында" 4 сынып
Предмет: | Начальные классы |
---|---|
Категория материала: | Конспекты |
Автор: |
Джумабеков Данияр Аманкулович
|
Сабақтың тақырыбы: Аққөл жағасында.
Сабақтың мақсаты: 1.Жаңа сабқпен танысу,оқушыларға мәтіндегі негізгі ойды ұғындыру.Түсініп дұрыс оқуға, қорытынды шығаруға машықтандыру.
2.Өзіндік жұмыс жүргізу, өз ойларын тұжырымдап жұмыс жасау,ойларын еркін,ірікпей айтуға дағдыландыру.
3.Отанын, елін сүюге, адамгершілікке тәрбиелеп, туған елі туралы түсініктерін кеңейту.
Сабақтың түрі: Дамытушылық.
Сабақтың әдісі: Қызығушылықты ояту, мағынаны таныту, ой толғаныс.
Көрнекілігі: Тірек сызба, Венн диаграммасы, сөзжұмбақ, сурет.
Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру.
1.Оқушылардың оқу құралдарын түгендеп, зейіндерін сабаққа аудару.
2.Психологиялық дайындық.
Күлімдеп күн бүгін,
Қарады маған да.
Күлімдеп күн бүгін,
Қарады саған да.
Күлімдеп күн бүгін,
Қарады баршаға.
ІІ.Үй тапсырмасын сұрау.
1.Мәнерлеп оқыту.А.Байтұрсынұлы «Екі шыбын» мысал өлеңі.
2.Сұрақтарға жауап алу.
- Өгіз қайдан келе жатты?
- Шыбынға кім кездесті?
- Танысы оған не деді?
- Бұл шығарманың қай түріне жатады?
- Тағы қандай мысалын оқығанды естеріңе түсіріңдер.
3.Үй тапсырмасын Венн диаграммасы бойынша қорыту.
1 – ші шыбын 2 – ші шыбын
4.Сөзмерген ойыны.
«Даналық - өшпес жарық, кетпес байлық,
Жүріңдер іздеп тауып алалық та».
- Бұл өлең жолдарының авторы кім?
ІІІ.Жаңа сабақ.
1.Әмірхан Абдулинның «Ақкөл жағасында» мәтінімен танысамыз.
2.Автор туралы мағлұмат беру.
3.Ахмет Байтұрсынов кім?
4.Тірек сызбамен жұмыс.
А.Байтұрсынұлы
Ол кім, қайда туған Қандай Сен қандай шығармасын
кітаптары бар? Оқыдың?
Ахмет Байтұрсынұлы аса ірі ғалым, қазақ тілі негізін қалаушы, ақын және аудармашы.Ол туған халқы үшін, болашағы үшін күрескен азаматтың бірі. Патша заманында қуғын – сүргінде болып, халық жауы ретінде туған халқымен араласа алмай, тіпті есімі ұмыт қала жаздаған.Күрескер ақын, жазушы, ағартушы Ахмет Байтұрсынұлы бүгінгі таңда ХХ ғасыр ұрпағымен қайта араласты.
ІV.Жүйрік болсаң, шауып көр.
1.Мәтінді оқыту.
- Әңгіме кім туралы айтылған?
- Ахмет Байтұрсынұлы сөйлеген сөзінен, іс - әрекетінен қандай адам екенін байқауға болады?
- Балалардың жұмбақ, жаңылтпаштары ұнады ма?
2.Мәтінді үш бөлімге бөліп, әр бөлімге ат қою.
А). «Ахметтің Мәшен ауылына келуі».
ә) «Ақкөл жағасында балалармен кездесуі».
Б) «Қарт кісінің естігені».
V.Мықты болсаң тауып көр.
1.Дәптермен жұмыс. Сөздік.
Ныспым - өз аты немесе есімі деген сөзді білдіреді.
Көшір – арба айдайтын адам.
Тарантас – күйлі адамдар мінетін төрт аяқты арба.
VІ.Сергіту сәті.
«Австриялық жауын».
VІІ.Ойлы болсаң озып көр.
Осы сөзжұмбақты дұрыс шешсеңдер, өшпес өмір өнегелері тарауындағы әйгілі адамдардың есімі шығады.
Т
Ұ
Р
А
Р
1.Абай жолы романының авторы. (Мұхтар)
2.Қайран шешем күйін шығарған атақты күйші. (Құрманғазы).
3. «Орындалған арман» әңгімесінің авторы. (Спандияр Көбеев)
4.Атақты қазақ палуаны. (Қажымұқан)
5.Біреуге жақсылық етсең, жақсылығыңды міндет етпе деген кімнің сөзі?
(Ыбырай).
VІІІ.Ой қорыту.
1.Сұрақ – жауап.
- Әңгіме кім туралы?
- Балалардың айтқан жұмбақ жаңылтпаштары ұнады ма?
- Өздерің қандай жаңылтпаштар білесіңдер.
ІХ.Сабақты қорыту.
Бағалау,
Үйге тапсырма.
Оқу, мазмұнын айту.Оқулықтағы 2 , 3 тапсырманы орындау.
Тип материала: | Документ Microsoft Word (doc) |
---|---|
Размер: | 42 Kb |
Количество скачиваний: | 13 |