"Ана тілі сабақтарында оқушылардың тіл байлығын дамыту" ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ЖҰМЫС
Предмет: | Начальные классы |
---|---|
Категория материала: | Другие методич. материалы |
Автор: |
Бекенова Джамиля Ибраевна
|
Тіл – баланың өмірлік қажетін өтейтін қатынас құралы. Сондықтан баланы дұрыс сөйлей білуге үйретудің маңызы зор.
Әр – бір ұлттың ұрпағы ана тілін терең оқып, жете білуге,өз елін,туған жерін сүюге тәрбиеленуі тиіс.
Егер бала кішкентай кезінен өз халқының ұлттық психологиясында тәрбиеленбесе, ана тілінің қасиетін ана сүтімен бірге бойына сіңірмесе, халқының тарихын,мәдениетін, өнерін, әдебиетін біліп өспесе,онда ол ешқаншада өз халқының толыққанды өкілі бола алмайды.
Қазақ тілі қазақ халқы үшін әдебиет, мәдениет, ғылым мен білім тілі, оқу ағарту тілі. Қазақ тілі – өте бай әрі көркем тілдердің бірі.
Баланың тіл байлығын дамыту мәселесіне көңіл бүгін ғана аударылып отырған жоқ. Бұл мәселе бағытында, ана тілімізді оқыту, бала тілін дамыту бағытында мол да құнды ойлар айтқан жан жақты дарынды халық ұлдарының бірі – Мағжан Жұмабайұлы.
Тип материала: | Документ Microsoft Word (docx) |
---|---|
Размер: | 39.54 Kb |
Количество скачиваний: | 14 |