«Анаға сәлем» (сазды бағдарлама)

Предмет: Начальные классы
Категория материала: Другие методич. материалы
Автор:
Сабақтың тақырыбы: «Анаға  сәлем» (сазды бағдарлама) Сабақтың мақсаты. а)тәрбиелілігі:Балаларды бауырмалдылыққа,үлкенді сыйлай білуге,асыл да құрметті адам «Ананы» қадірлей білуге үйрету. ә)дамытушылығы: сөздік қорларын, танымын,шығармашылығын кеңейту бтәрбиелігі:адамгершілікке,сыйластыққа,бауырмалдыққа,татулыққа тәрбиелеуСабақтың көрнекілігі:Ана туралы  нақыл сөздер,бәйшешек гүлдер макеті,сұрақтар,,музыка,шар,гүлдер,аналар портреті. Барысы 1.Музыка  ойнап тұрады. 2. Мұғалім: -Құрметті Аналар,ұстаздар! Бүгінгі күні 3а –сыныбында өткелі отырған  « Анаға сәлем» музыкалық  сазды бағдарламамыз көктемнің  көрікті  мерекесі 8 наурыз - Аналар күніне  арналады.Әр шаңырақтың шуағы  мен берекесі болған аналарымыз қандай марапатқа да лайық. Ал ана үшін  перзентінің  балдай тілі мен тәтті қылығына жететін нәрсе жоқ. Оқушылардың  «Өз баласын өскенше ,немересін  өлгенше бағатын» әжелері мен ардақты аналарына арнаған сазды сәлемдерін қабыл алыңыздар! Жанбек:Данияр,мен бүгін бір ерекше сезімде тұрмын.Әуелетіп  ән салып,нақышына келтіре жыр оқығым кеп  тұрғандай. Данияр: Айтпа, мен де сондай күйдемін.Мүмкін ол мейрамның әсері шығар,өйткені санаулы күндерден соң көктемнің жарқын мерекесі 8 наурыз аналар мен құрбылардың мейрамы ғой. Жанбек: Ендеше екеуміз неғып түрмыз.Сыныптастарымызды ортаға шақырып,өнерге кезек берейік.  Оқушылардың дайындаған жыр шумақтары мен әндеріне кезек беріледі.  «Анаға салем»  әдеби сазды бағдарлама. Бәрі:Сенен өскен балалар,         Сенен өскен даналар.Құттықтаймыз мейраммен,          Құрметті біздің аналар. 1-оқушы:Адамзат ең алдымен ана алдында парыздар.Ана парызы алтынға бөлеуді,ақ орда салуды қаламайды,ана баласының ер жетіп,адам болуын қалайды.Анаға осыдан артық тарту-таралғының керегі жоқ. 2-оқушы:Ананы жырлаймын деп ақын тебіренеді.Ана бейнесін мүсіндеймін деп суретші ойланады. 3-оқушы:Ана баласының ғана қамқоршысы емес,ол адамзат атаулының амандығын тілеп,сол үшін қажырлы күреске шығады.Сондықтан да дүниежүзінің озық,ойшыл жандары 8-наурызды халықаралық әйелдер күні етіп белгіледі.Ол күн жыл сайын үлкен мереке ретінде аталып өтеді. 4-оқушы:Ана-адамзат мекен еткен жер шарының әр түкпірінде,әр үйде мейірім мен мерейдің,достық пен туысқандықтың туын тіккен Адам. 5-оқушы:Ана –өмірдің қуанышы,тірегі.                 Бала-оның жұбанышы, жүрегі.                 Ана алдында ең жауы да бас иген.                 Олар дәйім тыныштықты тіледі. 6-оқушы:Ана десем,алғыс алам халқымнан                  Ана десем,теңіз болам шалқыға Ана десем,ашылады қабағым.                  Ана десем,әділдікті ұғамын. 7-оқушы:Адам бар ма ана сүтін татпаған.                  Алуан-алуан ауыр сынды аттаған.                 Адалдықты,ар-намысты сақтаған.                 Мен ананың сонысына мақтанам. 8- оқушы:Әлпештеген баласын                   Ана-бақыт,ана-күн.                   Әркім сүйіп өзінің,                   Мақтан тұтар анасын. 9-оқушы:Аяулы да алтын нұрлы анашым,                  Жүрегіммен мәңгі бірге боласың.                  Сен асқарсың,сен-аспансың,биіксің                  Сен дарқансың,сен жомартсың,данасың. 10-оқушы:Ақ арман аппақ анам                    Өзіңсің бақ та маған.                    Шығамын ақ сүтіңді                    Қалайда ақтап анам. Көрініс: «Әжесі мен  немересі».Орындайтын  Сабина  Ақбота «Алтын аналар»  әні: 1. Хор:«Ана туралы жыр» . 2. «Он алты қыз» әнінің әуенімен сыныптас қыздарға өлең жолдайтын  Әділ  мен  Мадияр . 3. «Ана-өмір шырағы» әнін тыңдаңыздар. 4. «Жан ана» . 5.   «Анамның тілі-аяулы үні».Әнді Абдрахманова  Асылым орындайды.
Тип материала: Документ Microsoft Word (doc)
Размер: 40.5 Kb
Количество скачиваний: 15
Просмотров: 117

Похожие материалы